Иван Петрович Павлов физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымының реттелуін зерттеген. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылуын тездететін, екіншісі - бәсеңдететін, үшіншісі - жиырылу күшін өзгертетін арнайы жүйкелердің болатынын дәлелдеді. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығы берілген.
Ғалымдардың анатомия мен физиология саласындағы зерттеулері ғыльімның дамуына және медицинамен байланысына зор әсер етті.
Кекуле Фридрих Август (1829-1896) Неміс химигі. Кольбемен қатар көміртектің төрт валентті екенін болжады (1857 жылы). Көміртек атомдарының n санымен байланысқан сутек атомдарының саны 2n+2-ге тең болатындығын алғаш дәлелдеді. Бензол молекуласының циклді пішінін ұсынып (1865 жылы), Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясын ароматты қосылыстарға пайдаланды. Ароматты қосылыстар теориясын жасады. Карлсруэде өткен химиктердің I Халықаралық конгресін ұйымдастырушылардың бірі.
Егер мен химик болсам...
Егер мен биолог болсам...
Уильям Гарвей - ағылшын дәрігері, анатом. Қанайналымның тұйык екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген. Үлкен қанайналым шеңберінің болатынын ашқан ғалым. Ол физиология ғылымының негізін салушы ғалым.
Химияның атасы, ғұлама Дмитрий Менделеев бос уақытында чемодан жасаумен айналысқан. Және көптген танымал адамдар оған тапсырыс берген екен. Көршілері Менделеевті атақты химик ретінде емес, қолөнер шебері ретінде таныған.
Нобель сыйлығын құрушы Альфред Нобель инженер-химик, өнертапқыш және ірі өнеркәсіп иесі болған. Нобель өз еңбегінің көбін жарылғыш заттарға бөлген. Ол капсюль-детонатор, динамит, түтінсіз дәрі секілді өнертабыстардың авторы.
Иван Михайлович Сеченовты физиологияның атасы деп санайды. Қанда еріген газды алғаш рет зерттеген ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін ашқан. 1863 жылы «Ми рефлекстері» еңбегін жарыққа шығарды.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть