Слайд 2 «Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО —
2017» көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады»
Н.Ә.Назарбаев.
Слайд 3ЭКСПО деген қандай көрме?
Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне
жетістіктерімен мақтанып, табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады. ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған, «экспонат» деген сөзден шыққан, қазақшасы-жәдігер. Дүниежүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр. Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған. Қазақстан ХКБ- ға 1997 жылы мүше болып кірді. Жалпы, ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі- халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады. Екіншісі- халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2-2,5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай.
«ХКБ» ұйымы. Халықаралық Көрме Бюросы 1928 жылы 22 қараша айында, Париж қаласында қол қойылған. Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылды. Оның мүшесі болып мүше-мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады. ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан.
Слайд 41851 жыл Лондан қаласы
ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның
ханзадасы Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 166 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат — Хрустальді сарай салуды ұсынған. Ұлыбританияның екінші көрмесі 1867 жылы, ал үшінші көрмесі 1924 жылы өткен.
Слайд 51855 жыл Париж қаласы
Наполеон да ЭКСПО-ны қалаған. Көрменің әлемді дүр сілкіндіргендігі
соншалық, Францияның императоры III Наполеон өз үйінде осыған ұқсас бірдеңе ұйымдастыруды ұйғарыпты. Ол өзінің шарасын былай атаған екен: Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және өнер көрмесі. Ол 1855 жылы Париж қаласында, 15 мамыр мен 15 қараша аралығында өтіп, оған 5 млн аса адам келген.
Слайд 61985 жыл Цукуба қаласы
ЭКСПО -1985 Бүкіләлемдік көрмесі 1985 жылғы 17 наурыздан
16 қыркүйекке дейін жапондық Цукуба қаласында өтті. Көрменің тақырыбы — «Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту». Көрмеге жалпы 20 млн адам келді және 111 мемлекет қатысты. Дүниежүзілік EXPO-2005 көрмесі Жапон қаласы Нагояда өтті.
Слайд 71986 жыл Ванкувер қаласы
ЭКСПО-1986 Ванкувер қаласының жүз жылдығына орай 1986 жылғы
2 мамыр мен 13 қазан аралығында өткізілген II санатты дүниежүзілік көрме. Көрменің тақырыбы: «Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем». Қатысушы елдер саны жүзге жуық, ал келушілер қатары 6,5 млн адамды құрады.
Слайд 81988 жыл Брисбен қаласы
Австралия, 1988 жыл. Жасыл құрлықта өткен бүкіләлемдік алғашқы
көрме Австралиядағы Брисбен қаласында 1985 жылғы 30 сәуір-30 қазан аралығында ұйымдастырылды. Көрме тақырыбы — «Техника ғасырындағы бос уақыт». Жәрмеңке 18 млн астам келушіні тартты. ЭКСПО-1988 көрмесі Квинсленд қаласын Австралияның дамыған қаласына айналдырды.
Слайд 91889 жыл Бастилия
1889 жылғы Бастилияны алудың жүз жылдығына арналып өткізілген ЭКСПО кезінде
Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. Ол мұнараны француздар әуелде бүкіләлемдік көрме павильондарына жол ашатын арка ретінде тұрғызған.
Слайд 101925 жыл Париж қаласы
Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Әміре Қашаубаев қатысқан.
Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншісінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.
Слайд 111992 жыл Севильес қаласы
ЭКСПО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға
дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы – «Жаңалықтар ғасыры». ЭКСПО -1992 Христофор Колумбтың Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды. 215 га аумақта 100-ден астам ел қатысты, келушілердің саны 42 миллион адамды құрады.
Слайд 121993 жыл Тэджон қаласы
ЭКСПО-93 бүкіләлемдік көрмесі Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында 1993
жылғы 7 тамыздан 7 қарашаға дейін жалғасты. Көрменің тақырыбы — дамудың жаңа жолын таңдау. Көрменің орталығы — биіктігі 93 метрлік Үлкен Жарық Мұнарасы.
Слайд 132008 жыл Сарагоса қаласы
2008 жылғы 14-маусынан 14-қыркүйекке дейін Испанияның маңызды қалаларының
бірі Сарагоса «Су және тұрақты даму» тақырыбындағы Бүкіләлемдік көрмені қабылдады. Үш ай бойы барлық назар су тақырыбына аударылды. Осы Бүкіләлемдік көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай көрмені Астанада өткізудің мүмкіндігі туралы айтты.
Слайд 142010 жыл Шанхай қаласы
ЭКСПО-2010 — 2010 жылдың 1 мамыры мен 31
қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. 2010-жылғы көрме тақырыбы: «Жақсы қала — жақсы өмір».Көрменің жалпы ауданы — 5,28 шаршы шақырым. Көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 млн. адам қатысты. Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд. доллар пайда әкелді. Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты.Қазақстана павильоны «Азия» аймағында Жапония мен Оңтүстік Кореямен көршілес орналасқан. Шанхай ЭКСПО-2010-дағы Қазақстан павильонының басты мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы «Астана – Еуразия жүрегі». Павильонға 1млн.жуық адам келді.
Слайд 152012 жыл Ёсу қаласы
ЭКСПО-2012: 2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік
Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады. Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және Одонг аралымен шектесіп, табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен қоршалған.
Слайд 16Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы. Астана Халықаралық
көрмелер бюросына мүше 161 мемлекет өкілдерінің құпия дауысқа салу барысында Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) 152 Бас ассамблеясы кезінде 2012 жылғы 22 қарашада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің орны ретінде таңдалды. Астана өтініміне 103 ел қолдау көрсетті. Алдағы көрме елдің барлық өңірлері қатысатын ұлттық жоба болып табылады.
Слайд 17«Экспо 2017» — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық Көрмелер
Бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.
2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашады. Павильондар дайындауға 100 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысады.
Слайд 18ЭКСПО 2017
ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға
күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді.
Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылай білуге үйрету білімін қалыптастыру.
Слайд 19
ЭКСПО басты ғимараты – алдыңғы қатардағы технологиялар пайдаланып шар түрінде салынатын
Қазақстанның ұлттық павильоны. Жалпы ауданы 24 мың ш. м. сфера тәріздес Қазақстан павильоны «EXPO-2017» көрмесінің нышанына айналмақ. Ол көрме қалашығының орталығында орналасады, ал айналасында халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар болады.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 нысандары 2014 жылдан бастап салынды.
Слайд 20Енді біздің алдымызда «ЭКСПО-2017» көрмесін лайықты деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл
еліміз үшін емтихан ғана емес, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді. Астанада «ЭКСПО» көрмесін өткізу республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Слайд 21Шығармашылық жұмыс
“«ЭКСПО – 2017»
балалар көзімен”
атты тақырыпта сурет
салу
Слайд 22Мына берілген түймедақтың жапырақшаларына
ЭКСПО- ға деген өз тілектерін жазып,
ЭКСПО
-ның түсбелгісін жапсырады.