Слайд 1Қ О Ш
К Е Л Д І Ң І З
Д Е Р ! ! !
Слайд 2Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Өткізген: Г.У.Танашева
Класы: 6ә класы
Слайд 3Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!
Слайд 4Мақсаты:
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.
Слайд 6Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар,
мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар!
Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
Слайд 91- топ “Зерттеушілер”
2- топ “Тарихшылар”
3 –топ “Журналистер”
Слайд 101 топ
1- топ “Зерттеушілер”
“Педагог” “Мұғалім” “Ұстаз” ұғымдарын зерттеу
2- топ “Тарихшылар”
Мұғалімдер
күнінің шығу тарихы
3 –топ “Журналистер”
“Дара жол” бағдарламасы
Слайд 12
1-топ «Зерттеушілер» “Педагог” “Мұғалім” “Ұстаз” ұғымдарын зерттеу
Халқымыз ежелден ұстазға құрмет көрсеткен,
ұлық санаған. Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып,жақсылыққа тәрбиелейтін, білімберетін оқытушы. Қазіргі қоғамдаоқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады.
Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз — тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзаттығылымды сүюге, танымға құштарлыққа
Дәстүрлі Қазақ мәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде “Ұстаз — шәкірт” қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқыныңшәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған “Сүйегі — менікі, еті — сенікі” деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз.
Ұстаз — пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұрақалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар.
Оқыту мен мұғалімдер адамзақа ерте заманнан таныс болғанмен, тек жаңа заманда ғана мұғалімдік ең таралған мамандық бола бастады.
Жүз жыл бұрын ғана халықтың көпшілігі, тіпті еуропалық отбасылар да білім беру мәселесін халықтық және отбасылық педагогикатәсілдерімен шешуге мәжбүр болды. Бұл әдістің өзіндік жақсы (бұл туралы білім беру саласының шенеуніктері көбінесе сөз қозғамайды) және жаман жақтары болды. Ал білім беруге арнайы адам жалдауға адамдардың тек аз бөлігінің (патшалар, ақсүйектер) қолы жетті немесе тек арнайы мамандықтарға қажеттілік мөлшеріне байланысты іске асырылды (мыс.: әскери дайындық, мамандыққа үйрету).
«Педагог» сөзі көне грек тілінен енген. Оның тікелей аудармасы «баланы жетектеуші» деген ұғымды береді. Көне Грекияда педагог деп ұстазды емес, баланы мектепке жетектеп барып, сосын кері алып қайтатын құлды атаған. Педагог қызметіне қолынан ауыр іс келмейтін құлдар таңдап алынған екен.
Слайд 132- топ «Тарихшылар» Мұғалімдер күнінің шығу тарихы
Мағжан Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегі
мектебіне байланысты» дейді. Ал мектептің жүрегі – ұстаз екенін бәріңіз де жақсы білесіздер. Ендеше еліміз бен жеріміздің, өркениетіміз бен мәдениетіміздің дамуына мол үлес қосып жүрген осы бір асыл жандардың мерекесі туралы азды-көпті мағлұмат беруді жөн көріп отырмыз.
Мұғалімдер күнінің тағайындалуына 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердіңмәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойды.
Алғаш рет «Дүниежүзілік мұғалімдер күні» 1994 жылдың 5 қазанында тойланған. Содан бері барлық мерекелік кеш, мектепшілік іс-шаралар дәл осы күні аталып келеді. Негізі бұл мейрам 1965 жылдан бастап Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында бесінші қазанға бекітілген болатын. Алайда 1980 жылдың 1 қазанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша «мұғалімдер күні» қазан айының бірінші жексенбісіне қойылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Қазақстан, Әзірбайжан, Белорусия, Қырғызстан, Латвия және Украина елдері бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісінде тойлап жүр.
Мұғалімдер күні – ең ерекше мерекелердің бірі. білім нәрімен сусындатып жатқан барша мұғалімді келе жатқан төл мерекесімен шын жүректен құттықтймыз!
Слайд 15Тапсырма:
Синкуейн құрастыру
1 –топ “Ұстаз”
2 – топ “Мектеп”
3 – топ “Оқушы”
Слайд 16Ұстаз ! Қандай қасиетті сөз !
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Ұстаз ұлағатты есім ! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып; тәләм-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып; адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.
Олай болса құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер! Зейнет жолында мол табыс,отбасларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.