Осы аталы сөзге байланысты мақал-мәтел айтысын тыңдайық.
-Ассалаумағалейкум! «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем берер»-демекші халыңыз қалай?
-«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деуші еді – келіңіз төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.
-«Қонағын сыйласа төрге шық дер» дегендей, төрге шығайын.
-«Жат асына, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.
Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын»
-«Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші, ала отырыңыз.
-Ой рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» демекші, алла риза болсын!
-«Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» қой қайтайын.
-«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» демекші жолыңыз болсын.
-«Алтыға дейін бала ерке, алпыстан кейін қария ерке» деуші еді аталарымыз. Сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз.
-«Кәрі-кәрінің сөзі дәрі» дегендей о,не дегеніңіз?
-«Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» дегендей, келіп тұрыңыз.
Жүргізуші:-Осы мақал-мәтел айтысынан қандай қорытынды шығаруғаболады?
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть