Слайд 1Қарманова Мәдина Нұрланқызы
Екібастұз қаласының
№ 17 жалпы орта
білім беретін
мектебінің
4 “А”
сыныбының
оқушысы
Екібастұз қаласының
№ 17 жалпы орта
білім беретін
мектебінің 4 “А”
сыныбының
оқушысы
Слайд 4Жобамның жоспары :
1 Табиғаттағы су және судың қолдану жолы
2 Табиғаттағы ауыз
суды үй ішінде қалай алуға болады ?
3 “ Судың да сұрауы бар ” суды үнемдеу және қорғау
Слайд 5 « Су- тіршілік көзі »деген ғылыми жобаның негізгі мақсаты :
судың қасиеті мен ластану жолдарын көрсету, таза судың алу жолымен таныстыру, суды үнемдеу және табиғаттағы суды қорғау.
Слайд 6Судың адам өмірінде, табиғатта, өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығында алатын орны
ерекше. « Су бар жерде өмір бар » деп халық текке айтпаған.Біздің планетамызда судың орасан зор қоры бар. Бірақ сол орасан қорының да түбі бар , суды ластамау, қорғау жұмысын жүргізу керек екені туралы осы жұмыста көрсетілген.
Слайд 7Мен осы сұрақтарға жауап -іздедім :
-Су деген не ?
-Неге сусыз өмір жоқ дейді ?
-Біздің өмірімізге судың маңызы
-Қашан да су бар бұлақта.
Келеді қайдан бірақ та ?
Слайд 8Cусыз тіршілік жоқ. Ондайсыз аң-құс та, адамдар да өмір сүре алмайды.
Бүкіл дала, орман-тоғай, Жер бетіндегі өсімдік атаулының бәрі суға тәуелді.
Су шөліркетпес нәр болумен бірге, қарын ашырмас азық көзі де.
Теңіздер мен мұхиттарда үлкенді – кішілі кемелер күн-түн демей балық аулайды.
Су сонымен бірге су электр станцияларын іске қосып, ток береді.
Сусыз тазалық жоқ. Су болмаса жуына алар ма едің?
Слайд 9 Су – ең тиімді қатынас жолы. Жер бетіндегі қаптаған өзендерде,
теңіздер мен мұхиттарда небір ауыр жүктерді, жолаушыларды тасыған кемелер ерсілі – қарсылы ағылып жатады.
Сусыз нан иленбейді , құрылыс бетоны сусыз бірікпейді, сусыз кітап пен дәптер қағазы , киім тігетін мата, резина , металл, пластмасса, дәрі-дәрмек атаулы, бірде-бір конфет жасалмайды.
Сусыз ешнәрсе істей алмайсың !
Слайд 10Сондықтан да қазақ халқымыз судың қадірін біліп, осындай мақал- мәтел шығарған
:
Судың да сұрауы бар.
Судың басы- бұлақ, сөздің басы – құлақ.
Сусыз жерде қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ.
Тамшыдан тама берсе , дария болар.
Слайд 12Теңіз және мұхиттардағы судың қоры
1,4 млрд. км3
Слайд 13Өзен және көлдерде судың қоры
3 млн.км3
Слайд 14Атмосферадағы судың қоры
14 мың км3
Слайд 15Мұз тауларындағы судың қоры
30 млн. км3
Слайд 16Hgjghjnhvb n
Адамның ағзасы 70 % cудан тұрады
Слайд 17Адамның ағзасында 45 литр су бар екен. Адам күніне 3 литр
суын жоғалтады. Ағзадағы су мөлшерін керекті қалыпта ұстау үшін тәулігіне сол жоғалтқан судың орнын толтыру керек. Бірақ біз күнде ішетін шай, кофе, сусын, шырын оны толтырмайды. Тек таза ауыз су ғана адам ағзасына пайдалы.
Судың сапасы таза және пайдалы болса ғана оны ағзаның клеткалары тез қорытады. Адам ағзасына сіңген су бас аурудан, назардың төмендеуінен, терінің кебуінен және стрессқа ұшыраудан сақтайды.
Слайд 18 Су- табиғат заты. Оны табиғат өзі өндіреді. Біз бұлақтың суы
пайдалы деп есептейміз. Бірақ су жердің бірнеше қабатынан өтіп, пайдалы минералдармен байытылып, минералданған су болып шығады. Бірақ біз оны таза су деп есептей алмаймыз. Неге ? Өйткені адамзат табиғатты барлық деңгейде ластайды. Санитарлық нормаға қарағанда , бөтелкеленген су таза деп есептеледі. Бірақ оның құрамында химия элементтері, мысалы хлор қосылады. Санитарлық тазалауда хлор зиянды бактерияларды өлтіреді. Бірақ-та хлор адам ағзасының өз- өзін қорғай алуға көмектесетін бактерияларды да өлтіреді. Табиғаттан алынған су 24 сағаттың ішінде ғана тірі деп есептеледі. Сондықтан біз дүкеннен сатып алатын бөтелкеленген су - өлі су.
Слайд 19Ендеше адам ағзасына пайдалы тірі суды қайдан аламыз ? Ғасырлар бойы
ғалымдар таза суды табу әдісін іздеуде.
Табылған әдістің бірі – фильтрлеу ( сүзу , тазалау ). Фильтрдан су өткен кезде судан жағымсыз иіс, дәм, металл қоспалары, хлордың қалдығы тазаланады.
Фильтрдің түрі көп. Мен Сіздерді Жапон фирмасының PIMAG фильтрімен таныстыра өтейін. Сол фильтрдің шығу тарихынан : Жапон ғалымдары бір бұлақтың бойындағы өсімдік үнемі жайқалып өсетініне назар аударды. Сол бұлақтың суын зерттегенде, ол суды PIMAG – живая вода, тірі су деп атаған. Сол судың құрамы осы фильтрдан өтіп қайталанады. Өйткені бұл фильтр бірнеше баспадан құрылған.
Слайд 20Біріншісі-микросаңлақты губка. Ол судағы 1микронды затты да ұстап қалады.
Екіншісі – картридж.
Ол белсенділген көмірге толы( активированный уголь ).
Ол суды жағымсыз иіс, тот дәмі, хлор иісінен арылтады.
Үшінші қабат – теңіз түбінен алынған кораллдар кальции ионымен байытылған. Оларды 1100 градусқа дейін қыздырып керамикалық шар дене түріне келтірген. Солар суды минералмен байытады.
Соңында тазаланған су магнитті сақинадан өтіп 1200 Гаусс күш жинайды. Бұл суды биологиялық белсенділікке жеткізеді. Осылай біз үйде отырып тірі ауыз суын ішеміз.
Слайд 21Ауыз су тазалығы- денсаулық кепілі.
Қазақстанда ауыз су дағдарысы басталғалы біраз уақыт
болды. Содан бері су тапшылығын жою үшін бірқатар бағдарламардың жобасы жасалды.
Слайд 22Республикамызда түпкір- түпкіріндегі ара қашықтығы бір –бірінен жүздеген шақырым алшақ жатқан
елді мекендерді түгел дерлік таза ауыз сумен қамтамасыз ету оңай шаруа емес.Бірақ мен қолымыздан келетін шаруаға үлес қосуға балаларды шақырамын. Үйіміздегі құбырдағы суды үнемдеп, көшеде текке ағып жатқан суға үлкендердің назарын аударып, өзен-көл жағасын ластамау біздің қолдан келеді . Судың да сұрауы бар – бар байлығымызды сақтайық !