Слайд 2 Мақсаты: Көктемгі табиғи сұлулық туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, тілін,
шығармашылық ой-қиялын жүйелеу, табиғатта
болатын өзгерістерге сәйкес меңгерген білімдерін
толықтыр;
Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын танып білуге, өз тарапынан айналасына
мәдени нормаларды жылы лебіз бен адамгершілік
қасиеттермен байланыс жасай білуге баулу.
Сабақ түрі: Аралас.
Әдістері: Сұрақ-жауап, ой қозғау стратегияларын пайдалану.
Көрнекіліктер: Тірек-сызба, венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, қазақ тілі.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
– Кәне, балалар, сабақ бастамас бұрын таза ауа жұтып табиғат сыйына
рақметімізді айтайық.
Ауа қандай, дала қандай
Көктем, көктем болармысың кәделі
Сенің мынау әдемі бір сыйыңнан
Кеудемізде жалындайды бір үміт.
Міне, балалар, көктем сыйын алып қалдық. Кәне естеріңе алыңдаршы
алдыңғы сабақта түлкі де туған күнінде достарынан сый- сыяпат алған.
– ол қандай ертегі еді?
Түлкінің туған күні қалай өтті? – Көңілді.
Кәне кім түлкінің туған күнін қалай атап өткенін айтып береді.
Түлкі туған күнін бірге тойлауға достарын шақырды. Түлкінің туған
күніне келген достары өздерінің қалаған тағамдарын жеп, тығылыспақ
ойынын ойнады.
Қасқыр, аю, қоян, кірпі түлкінің туған күнімен құттықтап келеді. Риза
болған түлкі оларға дастарқан жасап олардың да көңілдері көтерілсін деп
ойын ойнатады.
Ойынды жағдаят
Егер түлкі туған күнін сендерге жасаса не сыйлар едіңдер? Тақтада үш жауап тұр сол жауаптың бірін таңдап себебін дәлелдеңдер.
1.Түлкі еті
2. Әдемі көйлек
3. Жақсы тілек
Слайд 51. Өйткені түлкі тауық етін жақсы көреді. Мысалы: мен тәтті нанды
жақсы көремін сондықтан менің туған күнімде маған торт сыйлайды.
2. Циркте аңдарды да адамдар сияқты киіндіріп қояды, мен аңдарға киім тігемін.Түлкі маған рахмет айтады.
3.Түлкінің көңілін көтеру үшін сонда қандай тілек айтар едің?
Жақсы сөйлеген адамдарға көп жақсылық болады. Мен түлкіге жақсы көңіл күй сыйлағым келеді.
- Ауырма
- Әдемі бол
- Арманыңа жет
- Достарың көп болсын!
- Ал мен түлкіге көңілің көктемдей болсын! Деген тілек айтар едім. Өйткені көктемдежаңа өмір басталады (авң, құс, өсімдік) тіріліп, адамдарда күш-қуат пайда болады.
Балалар тірек сызбамен жұмыс жасайды. Көктем.
Слайд 7 4. Шығармашылық
жұмыс.
Өлең сөз, жұмбақ, тыйым сөздер.
Көк шөпті жұлуға болмайды;
Суға түкіруге болмайды,
Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды;
Бұлақ көзін ластауға болмайды;
Көшеге қоқыс төгуге болмайды;
Гүлзардағы гүлдерді жұлуға болмайды.
Көктемде келіп, күзде кетеді.
Жаздай әндетеді. Ол не?
(жыл құстары)
Құс келді.
Қар су болып жөнеледі,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кеңелді.
Бүршік атып бар ағаш.
Келіп көктем құстары
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
6. Жаңа сабақ
Ал қазірмен сендерді Болатбек Әділов ағаларыңның «Көктем» өлең сөздерімен таныстырамын. Өлең сөзін мұқият тыңдасаңдар Көңілің көктемдей болсын! деген сөздің мағынасын тереңірек түсінесіңдер.
Тірексызбамен жұмыс- Көктем өлең сөзінің тірексызбасы
алаулаған- жарқыраған
шаттық- қуаныш
сан алуан- әр түрлі
б) мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы
жеке, топтық оқу
г) Өлең сөзіндегі терекке бантик тағып сөзі нені білдіреді?- жапырақты.
Жалау сөзі нені білдіреді- қызғалдақ.
Слайд 117. Жаңа білімді бекіту.
- Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелгең.
- Қызғалдақ гүлі
жылдың қай мезгілінде гүлдейді?
- Көктем сөзіне қатысты қандай тілек сөзді үйрендіңдер.
(Көңілің көктемдей болсын!)
8. Үйге тапсырма: мәнерлеп оқып, тақырып мазмұнына сурет салып келіңдер.