Слайд 2
Мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлері туралы мәлімет беріп түсіндіру.Одағайдың қызметін
түсіндіріп, оларды дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру
Міндеттері:
Оқушыларға жаңа сөз табы одағай туралы мағлұмат біліп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек білуге, сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажырата алуға үйрету. Есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, таным деңгейін дамыту,
техникалық – ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, сауатты жазуға үйретуі.
Слайд 31.Іс- әрекеттің мезгілін,мекенін,сын- қимылын білдіретін сөз табын ....... дейміз.
а. сын есім
ә.
есімдік
б. үстеу
2.Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
а. қандай? қалай? қашан?
ә. қалай?қашан? қайда?
б. қашан?қай?нелер?
3.Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді жазыңдар:
Елдің болашағы... ойлаған жөн.
а. үшін
ә. дейін
б. туралы
4. Шылау дегеніміз ...
а. мағынасы бар сөйлем мүшесі
ә. өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер
б. көңіл күй білдіретін сөздер
5.Дейін,шейін сөздері қандай сөздер?
а. одағай
ә. шылау
б. қаратпа сөз
Слайд 4Кілті
1-б
2-ә
3-б
4-ә
5-а
Бағалау.
“5” – 0 қате
“4” – 1,2 қате
“3” – 3 қате
Слайд 5Сәуірдің он алтысы
Сынып жұмысы
Слайд 6 Әріпжұмбақты шешу.
1.Оқу да бар,
Жазуда жоқ
( )
2. Дала да бар,
Жаға да жоқ
( )
3.Шегеде жоқ,
Таста бар
( )
4.Ғарышта бар,
Сайыста жоқ
( )
5.Шанада бар,
Әнде жоқ ( )
6. Торғайда бар,
Алауда жоқ ( )
Слайд 8Одағай
Көңіл күй Шақыру
Жекіру
Слайд 9 Одағайда - лексикалық (негізгі) мағына болмайды.
- сөйлемде одағайлар басқа
сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады, сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар тек қосымшалар қабылдап барып, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады.
Слайд 10 Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.
1.
Көңіл - күй одағайлары
шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, шошыну, назар аудару мәнді білдіреді. Олар: пәлі, аһ, ойпырай, алақай, пай - пай, бәрекелді, түу, уһ;
2. Жекіру одағайлары
жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіретін сөздер. Олар: тәйт, тек, жә т. б.
3. Шақыру одағайлары
мал, ит, құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау - құрау, шөре - шөре, көс - көс.
Слайд 11Білімді тиянақтау.
Ниет етіп қана қою аз,
сол ниетке жете білу керек.
Біліп
қана қою аз,
білгеніңді қолдана білуің керек,
алған білімді жаттығулармен тиянақтаймыз.
Оқулықпен жұмыс: жаттығу№1, 170 бет , тапсырмасын топпен талдап, орындау
Слайд 12Одағайларды теріп жазу
Ой, арам қат, арам қатқыр! Танау құрт келгір! Осы
сиыр - ақ, шашымды ағартты - ау, ойбай! (С.Мұқанов)
- Оһо, қарашы, ата!
- Бәрекелді! Міне, нағыз жігіт!
Слайд 13Топтық тапсырма
Берілген одағайларды қатыстырып, үш сөйлем құрап жазу.
1-топ. Ой
2-топ. Тәйт
3-топ. Апыр-ай.
Слайд 14Топтық жұмыс.
Үш топқа үш сөйлемді беріп, одағайы бар сөйлемге айналдырып
жазу.
1.Астанадан көкем келе жатыр.
2. Кер бестінің шабысы.
3. Білмейді екенсің .
Слайд 15
І деңгей
Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын
сызыңдар.
1.Әй,шырағым балам,әуелі ар жағында әкең тұр,соған сәлем бер.
2.Уа, қой деймін,бала!
3.Ойпырым-ай,мынау не деп отыр өзі?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
..., әжем ауылдан қонаққа келді!
..., мынау не деп тұр!- деді атам.
..., ... әзер жеттім.
Керекті сөздер: аһлеп,уһлеп,алақай, ойпырым-ай.
ІІІ деңгей
Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.
Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.
Слайд 17«Қараторғайлар» тобы.
Сиқыршы бос чемоданға мысықты салып, қақпағын жапты.
Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Көрермендердің бет пішіні қандай болады?
Слайд 18«Қарлығаштар» тобы.
Жолаушы жылауықтар еліне тап болды. Біреуін жұбатса, екіншісі жылап, әбден
мазасы кетті. Балалар бәрібір жылауын қоймайды. Жылауықтардың бет пішіні қандай болады?
Слайд 19«Тырналар» тобы.
Мараттың досы бар еді. Жазғы демалыста
досы ауылға кетті, Марат қалада қалды. Ол досын қатты сағынды. Бір айдан кейін досымен көшеде кездесіп қалды. Оардың бет пішішінде қандай өзгерістер болады?
Слайд 20 Бекіту.
«Мен саған, сен маған» ойыны
Слайд 22Үйге тапсырма:
Ереже , 5-жаттығу.