Слайд 1Мені қоршаған орта
Орындаған: Аманжолова Гүлім
1 “Б” сынып оқушысы
Жоба жетекшісі: Урисбаева Г. К.
Кіріспе
1.1 Зерттеудің мақсаты
1.2 Зерттеудің міндеті
1.3 Зерттеудің өзектілігі
Негізгі бөлім
2.1 Күл-қоқыс мәселесі
2.2. Ауаның ластануы
2.3 Судың ластануы
2.4 Табиғатқа қамқорлық – адамзатқа қамқорлық
Қорытынды
3.1 Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Слайд 3I. Кіріспе
Біз аталарымыздан
табиғатты- мұраға,
ал болашақ ұрпақтан
қарызға алдық.
Халық даналығы
Слайд 4 1.1 Зерттеудің мақсаты:
Өзімізді қоршаған ортаның проблемасы – ауаның, судың,
топырақтың ластану мәселесі және азайып бара жатқан табиғат байлықтарын қорғау жолында өз үлесімді қосу.
1.2 Зерттеудің міндеті:
Қоршаған ортамыздың барлық адамзат үшін маңыздылығын ашу;
Табиғат пен адам үйлесімділігін көрсету;
Табиғатқа қамқорлықпен қарау және табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Халық даналығы арқылы адамзат жүрегін қоршаған ортаға жақындату;
Слайд 51.3. Зерттеудің өзектілігі:
Адам жер жүзіндегі ең құнды тіршілік иесі.
Бірақ адамның өмірі, тіршілігі, денсаулығы қоғам және қоршаған ортамен тікелей байланысты, ажырамас бөлігі. Адам мен табиғат өте тығыз байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына күшті әсері бар. Қоғамды білімі мен шеберлігінің арқасында дамытып, адамзаттың рақат өмір сүруі үшін ғылым мен техниканы, өндірісті алға өркендеткен сайын айналадағы ортаның нашарлауы кері әсерлерін көрсетіп отыр.
Қазіргі заманда қоршаған орта проблемалар қатарына, ірі қалаларда таза ауаның тапшылығы салдарынан адамның тұрмыс жағдайының нашарлауы, мұхит пен көлдердің тасталған қоқыстардан ластануы салдарынан тірі табиғаттың зардап шегуі сияқты өзекті проблемаларды атауға болады.
Слайд 6II. Негізгі бөлім
Табиғат - өмір мәні,
Табиғат - өмір сәні.
Халық даналығы
Халқымыз айтқандай; «Жер – қазына, су - алтын, мал - байлық» деген өсиеті тегіннен-тегін емес. Адамзат табиғатпен араласты және оның бір бөлшегі болып қалды. Күнделікті ішіп-жеп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда пайдаланатын дәрі-дәрмегіміз, тыныс тіршілік - ауамыз, ішер су мен сусынымыз, қоныстанған баспанамыз, жылу үшін жаққан отымыз бәрі-бәрі табиғаттың бізге тартқан сыйы.
Бір күндерде ормандағы ағаштарды аяусыз балталап, аң-құсты қырып жойды, өзендерді бөгеп су қоймаларын жасады, тың игеру кезінде жерді жөн-жосықсыз жыртып тоздырды. Зауыттардан қалған қоқысты суларға, айналадағы ортаға төгіп шашты. Қалың ну ағашты жерлерді бір темекі түтінімен өртеді. Жерді тыңайтып, ағаштар егудің орнына табиғатты тонап келді.
Слайд 72.1 Күл-қоқыс мәселесі
Қазақстанда ең ласталынған қалалардың бірі, өзіміз тұрып жатқан Қарағанды
аймағы. Қаланың бұл экологиялық жағдайы негізінен ауаны ластағыш өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтар мен ауаға таралатын зиянды заттардан туындайды.
Қала ішіндегі қоқыстардың жиналмауы, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтады. Шөлмектердің, киім-кешек, құрылыс қалдықтарының таудай болып үйіліп жатқаны бір жылдай емес, жылдар бойғы біріккен қоқыстар қоршаған ортаны бұзатыны сөзсіз.
Слайд 82.2. Ауаның ластануы
Ауаның ластануы, фабрика, зауыт, жылыту орталықтарының мұржаларынан будақтап шығып
жатқан түтінмен қоса күл, шаң, тозаң ауаға көтеріледі. Ауаның тазалығын сақтау үшін осындай мұржаларға түрлі газдарды тұтып қалатын қондырғылар орнату керек.
Қаламыздағы ауаның бір ластануының көзі автокөліктер болып отыр. Бензинмен жүретін көліктер ауаға көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады. Қаладағы ауаның таза болуына осындай көлік түрлерін электр қуатымен жүретін көліктермен ауыстыру керек.
Слайд 92.3 Судың ластануы
Су болмаса тіршілік те болмайды. Сусыз өмір сүру мүмкін
емес. Мұны біле тұра, өз суымызды өзіміз ластаймыз. Қарағанды қаласындағы бас өзен – Нұра. Нұраның мөп-мөлдір суының түбінде жатқан шыны-шөлмек пен қоқыстар, қалдықтар анық байқалады. Сонымен бірге өзен түбінде жатқан 200 тонна сынапты тазарту да керек.
Слайд 102.4 Табиғатқа қамқорлық – адамзатқа қамқорлық
Алуан түсті гүлдер алқабы,
сайраған құстар, мөлдір су сылдыры, жарқыраған күн, таза ауа адамға салауатты өмір сыйлайды. Қала экологиясының нашарлауы халықтың өз денсаулығына немқұрайлы қарауымен байланысты. Егер шөп те лас, су да лас болса, жайылымдағы мал осы екеуімен де қоректенеді. Одан шыққан малдың сүті де, еті де түрлі ауруларға себепші болады. Сонда біз, сол ауруларды қолдан жасаған боламыз.
Слайд 11Ауаны қорғау:
Көліктер орнына велосипед қолдану;
Кәсіпорындарда фильтрлеу жүйесін дамыту;
Қоқыстарды шашпау, дер кезінде
жинау;
Электр қуатымен , газбен жүретін автокөліктерді дамыту;
Слайд 12Зерттеу нәтижелері
1 үйде 100 отбасы тұрады.
1 пәтерден күніне 2 кг қоқыс
тастайды.
1 айда 30 күн бар.
Сонда 1 отбасы айына 30*2=60 кг қоқыс тастайды.
Ал, 1 үйден айына 60*100=6000кг= 6 тонна қоқыс шығады.
14 ықшам ауданында 50 үй бар, сонда айына ауданнан 50*6 т=300 тонна қоқыс шығады екен.
Слайд 13Табиғатты қорғауға үлесімді қосамын
Слайд 14
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде:
Қазіргі кезде табиғат ластану себебін анықтадық;
Табиғат адам денсаулығына пайдалы;
Ластанумен күресу жолдарын білдік;
Табиғатты қорғау әрбір адамның
қолында екенін білдік;
Слайд 15Қорытынды
Адам табиғаттан сұлулықты, әсемдікті, әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану,
сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну қажет.
Табиғат барлығымызға ортақ. Ол адамдарды және айналасындағыларды үлкен-кіші, жаман-жақсы деп талғамайды. Өзінің ғажайып сыйын бәріне бірдей береді. Мысалы: күнді алып қарайықшы, ешкімді алаламайды, бөлмейді. Күн шашуын, нұрын, жарығын, жылуын барлығына тең ұсынады, барлығына бірдей бақыт, қуаныш тілейді.
Бізді қоршаған ортаның, туған жеріміздің табиғатын сақтау өз қолымызда.
Слайд 16«Таза болса табиғат,
Аман болар азамат"
Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан
Елбасымыздың “Жасыл ел”
бағдарламасына сәйкес біз де ағаш отырғызып, өз үлесімізді қосайық.
Слайд 173.1 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
1. Энциклопедия «Сен білесің бе?», «Аруна Ltd»
ЖШС.
2. Жер...Бұл қандай көп және аз бір мезгілде! Қарағанды-2001 жыл 5-бет.
3. Бастауыш мектепте оқыту. №1. 2001 жыл қаңтар. 39-бет Алматы
4. Атамекен газеті 2010 жыл 5 маусым, 7-бет
5. География Оқушы анықтамасы. 6-10 сыныптар, Арман баспасы, 2004 жыл
6. Орталық Қазақстан газеті 24-шілде 2010 жыл 6-бет.