Слайд 1О.Әубәкіров. Ара мен Шыбын.
Мақсаты: Мысалды талдай отырып идеялық мазмұнын ашу, туындының
тілдік көркемдігін жеткізу.
Міндеттері: Ой пікірлерін ортаға салу, іздендіру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, актерлік шеберліктерін арттыру
Слайд 3 Білу сатысы.Үй тапсырмасы
- Сахналық көрініс түрінде көрсет
- Аққу, Шортан, Шаян
мінездес адамдар өмірде кездесе ме?
- Ал өздерінің бойларыңда кездесе ме?
Слайд 4 Түсіну сатысы. Жаңа сабақ
- Адам бойында тағы қандай қасиеттер бар?
Жасырын бейне. Ойын
Слайд 5« Миға шабуыл»
1 - топ Ара, шыбын туралы не білесіңдер?
2 -
топ О. Әубәкіров өмірі, шығармалары.
Слайд 6Автортану
Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер
болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған
Слайд 7Оқулықпен жұмыс.
Тыңдау
- Рөлдерге бөліп оқу
- Сұрақ – жауап
- Шыбын араға не
деді?
- Ара оған неге бірден келісе салмады?
- Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
- Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің?
- Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
- Осындай адамдар өмірде кездесе ме?
Слайд 8Біліп қой
Балдың құрамына осы күнге дейін жүздеген зерттеулер жүргізіліп, көл-көсір пайдасы
бар екені анықталып,ол туралы кеңінен сөз қозғалып жүр. Жақында тағы бір осындай зерттеу жасалып, табиғи балдың пайдасы одан сайын дәлелдене түсті. Зерттеумен Алматы облысы, Түрген ауылының тұрғыны Манасбек Сарыбаев айналысқан. Оның дәйегі бойынша кәдімгі әсел баланың ақыл-ой қабілетін дамытып, сабақ үлгерімін арттыратын көрінеді.
Күніне 30 грамм бал жеңіз
Манасбек Сарыбаев Алматы облысындағы бірнеше мектепте тәжірибе өткізеді. Алдымен, табиғи балдың пайдасы мен шипасы жайында тренинг-дәрістер оқиды. Содан соң әр оқушыны күн сайын мөлшерлеп бал жеуге әдеттендірген. Тәжірибенің кереметі сол,әрбір оқушының сабақ үлгерімі жақсарып, мейірімділігі артыпты. Мұндай терең гармонияға тек бал әсер етті деп біледі Манасбек мырза. Зерттеуге қатысқан сынып оқушылары араның ұясындай ұйысқан, ынтымағы жарасқан ұжым. Істеріне ұқыпты, тәртібі түзу, сабаққа зерек. Бұл қасиет – балдан дарыған – дейді ғалым. 9 айда бал жеген балалардың сабақ үлгерімі бірден 84%-ға өсіпті. Тағы бір кереметі, балалардың денсаулығы түзеліп, ауру-сырқауы азайған. Демек, балдың бала денсаулығы үшін берері көп
Слайд 9СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Табиғатта әр жәндіктің, әр өсімдіктің өзінің атқаратын қызметі болады.
Шыбындар органикалық қалдықтарды жояды. Бірақ, лас жерлерде жүретіндіктен ішек-асқазан ауруларының, дезинтерия ауруының қоздырғыштарын таратады.Олардың адамға пайдасы болмағанмен басқа жануарларға пайдасы бар. Азық болады басқа жәндіктерге. Егістіктердегі зиянкестер көбейіп кетсе, өнімнің шығымдылығы да аз болатыны белгілі. Сондықтан да сол зиянкестердің көзін жоюда шыбындар таптырмас құрал болып отыр.
Жуырда осындай шыбындардың құс фермалары мен балық шаруашылығына да қажет екенінен хабардар болды. Сондайақ шыбындар фармацевтикалық тауар өндірісімен айналысатындарға, тағам мен косметика өндірісіне да аса қажетті өнім екен. Осындай тауарларға конхиолин атты зат қажет екен.
Ол шыбынның балаңқұрттарында болады. Оның 1 грамы әлемдік нарықта 27 АҚШ доллары тұрады. Осындай қат тауардың құнын білетін шаруа қожалықтарының иелері – Тамараның үнемі сатып алармандары. Еліміздің өзге өңірлерінен де сұраныс түсіретіндер көп.
Слайд 11Сергіту сәті
Музыкалық жұмбақ.
Әуенді тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?
Не
елестетіңіздер?
Слайд 12Қолдану сатысы.
Шыбын мен Араның әрекетіне баға бере отырып, олардың қандай
екенін кесте бойынша сипаттау
Қонақ күту,қонақтың түрлері.
Слайд 13Синтез сатысы
Пікірталас
Ара мен Шыбынның іс - әрекеті дұрыс және дұрыс емес
деген пікірде пікір таластыру.
Слайд 14Бағалау сатысы. Рефлексия
Мысалдан қандай ойды аңғардыңдар, қандай қорытынды түйдіңдер?
Берілген
критерий бойынша өз-өзін бағалау.
Слайд 15Үй тапсырмасы.
Мысалды жан - жақты талдау, мысалдың ұнаған жерінен үзінді алып
жаттап келу
Мысалдың мазмұны бойынша сурет салу