Слайд 2
Өзектілігі:
Бүгінгі балалар – болашақ ересек адамдар. Олар осы уақыттан бастап
табиғатпен жақын таныса отырып, құстар туралы білімдерін кеңейтіп, оларға қамқорлық жағдайлар жасай білуге үйрету.
а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.
ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп,осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге құстар туралы сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ортаңғы тобына арналған «Құстар әлемі» жобасын ұсынып отырмыз.
Слайд 3Мақсаты: Құстар мен жануарлардың мекені, қоректенуі, қозғалыстары мен қалай дыбыстайтыны туралы
қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Балаларды құстармен әрі қарай таныстыруды жалғастыру.
Құстар туралы (қыстап қалатын, үй құстары, жыл құстары) түсініктерін кеңейту. Жоба кезеңіндегі балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қараудың үлгілерін (гүлдер мен жапырақтарды жұлмау, бұтақтарды сындырмау, қыста құстарға жем беру) көрсету. Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Слайд 4Міндеттері:
1. Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру.
2. Құстар әлемі,
табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту.
3. Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға танымдық көзқарастарын тәрбиелеу.
Слайд 5Жоба түрі:
(таным, шығармашылық)
Жобаға қатысушылар:
Ортаңғы топтың балалары, ата – аналар,тәрбиешілер.
Жобаны жүзеге асырылу
мерзімі:
орташа мерзімді: 3 ай
Слайд 6
Жұмыс түрлері:
Ойын әдісі, танымдық, бақылау, нәтижелік, тәжірибелік, шығармашылық, ата-аналармен жұмыс.
Мәселе
бойынша жұмыстар: тақырыптық оқу қызметтері, әңгіме жүргізу, бақылау, шығармашылық жұмыстар, құстар туралы слайд көру, бейнефильмдер көру, аудиозапис тындау, серуенге шығу.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
1-кезең-дайындық
Тақырып мәселесі бойынша әдістемелік материалдар жинау, интернет желісі арқылы танымдық ақпараттар, суреттер, құстар туралы суреттер алу.
Слайд 7Балалармен жасалатын жұмыс түрлері:
Балалардың «құстар» ұғымы бойынша білімін анықтау.
Балалармен ата-аналармен мақсат-міндеттерін
талқылау.
Құстар туралы жұмбақтар шешу,тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттау, осы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру. Ертегілер оқу, сахналау.
«Құстар әлемі» тақырыбына көрме дайындауға балалардың бейнелеу қызметі бойынша дайындығы.
Слайд 8Арнаулы мамандарға тапсырма:
1.Музыка жетекшісі:
«Құстар әні» әнін тыңдатып,айтқызып үйрету.
2. Дене тәрбие нұсқаушысы;
Құстарға
байланысты әр түрлі қимылды ойындар ойнату.
Мысалы: «Жапалақтар мен қарлығаштар», «Торғайлар мен мысықтар», «Қаздар мен түлкі», «Ұшатын құстар»
Слайд 9«Торғайлар мен мысықтар» – деп балалар көңілді ойнауда.
Слайд 10
2 - кезең
Балаларды құстар туралы білімі бойынша тәрбиелеу мен
оқыту процесіне тиімді әдіс-тәсілдер енгізу.
Слайд көрсету, теледидардан бейнефильмдер, мультфильмдер көрсету, әр түрлі суреттерді қарастыра отырып әңгіме жүргізу, ертегілер оқу, сахналау.
Құстар туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттату, жұмбақтар жасырып, жауабын айтқызу.
Құстар бейнелерінің суреттерін бояу.
Слайд 15Ата-аналармен жұмыс:
Ата-аналар үйде балаларымен құстар туралы әңгіме жүргізіп, жаңа ақпарат берді.
Баласымен
бірге құстар туралы әртүрлі бейнефильмдер, мультфильмдер, суреттер қарады.
Құстар туралы балаларымен бірге тақпақтарын, мақал-мәтелдерін жаттауға үйретті.
«Құстар әлемі» атты көрмеге қатысты.
Слайд 16“Құстар туралы жұмбақтар” жинағы
“Құстар туралы мақал - мәтелдер” жинағы
Дидактикалық ойындар: “Құстар
фабрикасы”, “Дауысынан таны”, “Жыл құстары мен қыстайтын құстар”, “Артығын тап”
“Құстар, құстар сызылтып ән салды...” атты әңгіме өткізу.
“Шұбар тауық” ертегісін сахналау.
Ата – аналар құстарға жасаған жемшашарды ағашқа балалармен бірге ілу.
3 – кезең
Слайд 19Күтілетін нәтиже:
Бала:
Құстар туралы көп мәлімет алады;
Құстарға деген сүйіспешілік сезімін танытады;
Баланы тілі
жаттығады, ойлау қабілеті, зейіні дамиды;
Баланың шығармашылық қабілеті қалыптасады;
Табиғатқа қамқорлық жасай білуге үйренеді;
Бала жауапкершілікке тәрбиеленеді.
Слайд 20 Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік
және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген құстар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында біртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.