Слайд 1Тақырыбы
Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық процесті жаңаша ұйымдастыру жолдары
Слайд 2Жоспар
1. Технологиялық картаның толтырылуы
2. Циклограмманың жүргізілуі
Слайд 3Түсіндірме сөздік
Билингвизм- ана тілімен қатар екі тілді меңгеру, қостілділік;
Құзыреттілік- мектеп жасына
дейінгі баланың тәрбиелеу, дамыту, білім беру деңгейі, жеке тұлға ретінде қалыптасуы, білім нәтижесінің жаңа типі;
Білім беру саласы- физикалық, интеллектуалды, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін азайтылған, бірақ функционалды толық білім жиынтығы кіретін мектепке дейінгі білім берудің құрама бөлігі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті- педагог тәрбиеші ұйымдастырған және білімді меңгеруге, біліктілік пен дағдыларды игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған қызметтің бір түрі
Слайд 4Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Оқытудың негізгі формасы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, білік, дағдыны игертумен қатар балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертеңгілік астан кейін шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.
Слайд 5Білім беру саласы:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
Мақсаты:
Әдіс-тәсілдер:
Қажетті құралдар, көрнекіліктер:
Билингвизм
Слайд 6Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасының құрылымы
Слайд 7
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Қандай түсініктерді игерді:
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Слайд 8
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсатына талдау жасау:
А)Бағдарлама талаптарына сай;
Ә)материал мазмұнына сай;
Б)әдіс-тәсілдердің орынды,
тиімді пайдаланылуы;
Слайд 9Құрылымы мен ұйымдастырылуы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өзара байланысы;
Уақыттың ұтымды бөлінуі
Құралдардың тиімді қолданылуы;
Ұйымдастырылған
оқу іс-әректінің басталуы мен қорытындысы
Жоспардың болуы және оның орындалу нәтижесі.
Слайд 10
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті нәтижелі өту үшін төмендегі ережелерді сақтау қажет:
Өте жинақы
болу, балалардың алдына қоятын мақсаты нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу.
Балаларды балағаттамау, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер топтың басым көпшілігі ұсынылған материалды түсінбеген болса, онда өзіңіздің дұрыс айтып жеткізе алмаған, кемшілігіңізді іздеңіз.
Баланың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, дұрыс емес жауап болса ол сұрақтың нақты болмауынан болуы мүмкін.
Тапсырма мен нұсқау анық түсінетін болуы шарт.
Слайд 11Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында балалардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса тақырыпты
өзгерту немесе қосымша материалдар, көрнекіліктер пайдалану, ойын іс-әрекетіне аудару, балалардың ынта-ықыласын, қызығушылығын қадағалап отыру.
Тыңдаушының зейін қойғанын оның тәрбиешінің сөзіне, берілген тапсырмасына мұқият зер сала қарауынан байқауға болады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу.
Балаларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асырылуы керек.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өткізілуі қарқынды болуы, бірақ оқу-тәрбие мазмұнын балалар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт.
Балалардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет.
Слайд 12Циклограмманың толтырылу ерекшелігі
Циклограмма- мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін педагогикалық процестің шеңбері, жүргізілу
жиынтығы