Слайд 1 Мұғалім жайлы мәлімет
Мұғалімнің аты-жөні:Омарова Гүлбаршын
Қизатқызы
Туған жылы, айы, күні: 23 қазан 1981ж
Білімі: жоғары
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі: 10 жыл
Тұрғылықты мекен жайы: Ертіс ауылы, Богенбай көшесі 4\1 тел: 2-17-86
Слайд 2
Солтүстік Қазақстан облысы
Павлодар қаласы, Ертіс ауданы
№ 2 Ертіс жалпы
орта білім беру мектебі
Слайд 4 Сабақтың мақсаты:
Ғарыш әлемі жайлы 12 сәуір- ғарышкерлер
күні екенін түсіндіру, ғарышқа 51 жыл екенін атап өту.Тұнғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.Адамзаттың ортақ үйі-Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күміс қанат сұңқарды,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді?
Слайд 6“Ғарыш айлығының” грек тіліндегі баламасы “космодром”.
Бұл сөздің қазақша мағынасы, жылдам қозғалып
барып ұшатын орын.
Слайд 8 Юрий Гагарин
Юрий Гагарин
1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленс облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген. әкесі Алексей Иванович, ал анасы Анна Тимофеевна Гжатск ауданына қарасты Клушино ауылынан, қарапайым ауыл еңбекқорлары болған. Олар Юрийді еңбеқорлыққа тәрбиелеген. Неміс басқыншылығының қиын кезеңдерін бастан өткізе отырып Гагарин отбасы 1945 жылы Клушино ауылынан Гжатск қаласына қоныс аударған.
1949 жылы мектепті бітіре отырып, осы жылы Люберецкое училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті. Одан кейін Саратовский техникумына оқуға түседі. 1954 жылдың 25 қазанынан бастап Саратовской аэроклубында жаттыға бастайды.
1957 жылы Юрий Гагарин, Валентина Ивановнамен үйленіп, олардың отбасында Лена және Галя атты екі қыз тәрбиелейді. 1959 жылы Юрий жаңа ұшқыштар техникасына байланысты ұшқыштар қатарына үміткер ретінде өтініш - рапорт жазады. Және 18 желтоқсанда Москваның орталық ғылыми - авиациялық госпиталына денсаулығын тексеру үшін барады.
12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.
1968 жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремлевск жарындағы Қызыл алаңда жерленген
Слайд 10 Тоқтар Әубәкіров
Тоқтар Оңғарбайұлы
Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.
Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
1962-65жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды.1976ж. Мәскеу авиация институтын бітірген 1979ж.. Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшы.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қазір зейнеткер, сәйгүлік баптап, саят құрып жүрген жайы бар. Бірақ парламент депутаттығына сайлауға түсуі мүмкін екенін де жасырған жоқ. Осы және басқа да жайттар турасында зейнеттегі ғарышкер Азаттыққа берген сұхбатында әңгімелеген еді.
Слайд 13 Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.)
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 ж. және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 ж. бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 ж. азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.
Слайд 18 Қолданылған әдебиеттер:
Үпішев
М. «Табиғатты пайдалану экономикасы»
Алматы, 2005 ж
Қаженбаев С., Махмутов С. «Табиғат қорғау»
Алматы, 1992 ж.
Бастауыш сынып журналдары, №6,№2,№8
Бастауыш мектеп, №11,№9,№5