Слайд 1
«Әке тірек, Ана жүрек, Бала -тілек»
Слайд 2Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата –ананың, отбасының алатын орнының ерекше екенін түсіндіру;
Баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу,бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету,ата-ананы тәрбиелік шараларға тарту;ата-аналарда пікіралмасуға қатыстыра отырып баланың бала тәрбиесінің ата-ана өміріндегі маңызын әңгімелеу .Балаларға әдептілік туралы нақыл сөздерді,тыйым сөздерді уйрету арқылы адамгершілікке ұқыптылыққа,кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Түрі:пікіралмасу балалар ата-аналармен бірге.
Көрнекілігі:қанатты сөздер мақал-мәтелдер,компьютер,интербелсенді тақта,слайд-шоу
Слайд 3Сабақ барысы:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
Балалар ата-анаға деген сый құрметін өз өнерлерін
білім,ақыл тәрбиесімен көрсету
1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)
2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:
А”Мейірімділік шуағы”;
4.”Жағымсыз қылықтар”
5.”Жақсы қасиеттер”
6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
. 7.Жаттығу “Тілек шырағданы”
8.Ой толғаныс
Слайд 4І. Кіріспе бөлім:
Қайырлы күн,Аса құрметті ұстаздар, ата-аналар және шәкірттерім!
Бүгінгі күні
өздеріңізбен жүздесіп отырғанымызға өте қуаныштымын .
Баланы жастан бақпасаң,Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,Кешкенің өмір босқа тек.
Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы адам заттың алтын ұясы.Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп өседі.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі. Ал бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол анаға қарап бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы,демеуші-ата-ана. Ата-ананың үйдегі қарым- қатынасы,киім киюі,мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта
«Қарағайға қарап тал өседі, жан ұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөз бар. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек.Осы бір ғажап тұжырым
Әке,ана, бала отбасы ошағының ұштағаны іспеттес. Олай болса
« Әке тірек,ана жүрек, бала тілек» атты ашық тәрбие пікіралмасу сабағымызға қош келдіңіздер!
Слайд 5
Ұлың өсіп келеді Ата-ананың үміті.
Тәрбиелеп келесіз Ел қорғайтын жігітті.
Қыз бой жетіп
келеді Шуақ шашып әр үйге.
Гулдей жайнап өссінші сыйлы болып бәріне.
Ата-ананың жүрегі Бала деп қана соғады.
Баласы жақсы адамның Басына бақыт қонады.
Ендеше балалар ата-аналарға деген сый құрметтерін өз өнерлерімен
білім тәрбиесімен көрсетеді.
Слайд 7Ананың
махаббатын
Жан жылуын
Мейірімді көздерін
күлкісін
мейірімін
Ыстық жүрегін
Аялы алақанын
Слайд 82.“Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
Слайд 9Бала
Үмітіміз
Өмірімнің
жалғасы
Болашағымыз
Бауыр етіміз
Асыраушым
Көмекшім
Қолқанатым
Слайд 11А) «Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша,
баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл –
күймен тұруы –
бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
Слайд 12Сіз
балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
Слайд 13Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
Слайд 15Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Слайд 16
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген
шеңгел менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Слайд 17Жақсы
қасиеттер
Әдептілік
Тәртіптілік
Мәдениеттілік
Инабаттылық
Адамгершілігі мол
Еңбекқорлық
Тіл алғыш
Сыпайылық
Слайд 18Жағымсыз
қылықтар
Сараңдық
Ызақорлық
Еріншектік
Тәкәппарлық
Мақтаншақтық
Дөрекілік
Жалқаулық
Слайд 19Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
Слайд 20
Отбасында әке ретінде өз балаңызға қандай
нәрселерді үйретесіз,қандай жағымсыз
қылықтан аулақ
болғанын қалар едіңіз?
Слайд 21Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі
басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі
басым ба?
Слайд 22Балаңыздың қандай іс-әрекеттерін үлгі етесіз?Игі істерін қалай мадақтайсыздар ?
Слайд 23
Балалар тобына
Ата-анаңыздың қандай жақсы істерін мақтан етесіңдер?Ата-аналарыңыздың қандай жағымсыз қылықтан
аулақ болғанын қалар едіңіздер?
Слайд 24Аналар тобына
Балаңыз сізге «Апа,мен бүгін сабаққа бармаймын,себебі сабақ оқыған жоқпын ұстазыма
ауырып қалды дей салыңызшы»-деді
Осы жағдайда сіз не деп жауап берер едіңіз?
2.Балаңыз сабақтан екілік алғанын көңіл күйінен байқап қалдыңыз.Сіздің әрекетіңіз?
Слайд 25Әкелер тобына
Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып,
Тәртіп болса өсер бала сомдалып.
Бала көзі әкесіне тартқанымен өзі заманына тартады.
Сіз әке ретінде ұл баланы қалай тәрбиелеп жатырсыз?
Слайд 26Аналар тобына
Бір бала ғажап болып туады,
Бір бала азап болып туады.
Әкесі
ұрған ұл оңар,шешесі ұрған қыз оңбас.
Сіз қыз баланы қалай тәрбиелеп жатырсыз?
Слайд 27Балалар тобына
Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып бақытты,ұзақ өмір сүруі үшін қандай
болуларың керек?
Слайд 28Ата-ана тәрбиесі,отбасы туралы нақыл сөздер
Бала күлкісі-ананың ажары .
Ана күлкісі-шаңырақтың базары.
Жылы ұяда
өскен баланың ертеңіде жылы
Баласына тәлім тәрбие берер әкесі болса,өнеге алар бала ешқайда бармайды.
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес,өскен орта,көрген үлгі-өнегесінен.
Слайд 29,
Отбасы бала-тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады,әсерлеп айтқанда әуелі отбасында
тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де,жемісі де содан өсіп шығады.
Слайд 30.
Баланы жетіге келгенше тыйма.Жетіден он төртке келгенше білім беріп қина.Он төрттен
кейін үлкен азамат деп сыйла.Баланы кім жақсы көрсе сол,бала соны жақсы көреді.
Баланың бас ұстазы-ата-ана.
Слайд 31Қорытынды
Әр топқа суреттер салғызу.
Әкелерге таудың суретін
Аналар бұлақтың суретін
Балалар құрақтың суретін
Сол
суретке байланысты мақал шығару
Слайд 32«Әке-асқар тау,ана-ағып жатқан бұлақ,бала жағасындағы құрақ.»