Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Үү дыбысы мен әрпі
Слайд 2Мақсаты:
Үү дыбысы мен әрпімен таныстыру, Ү дыбысы сөздің қай буынында
кездесетінін анықтау.
Толық жауап беруге үйрету, ауызша сөйлеу тілін, ой - өрісін есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Слайд 3
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту, талдау- жинақтау.
Сабақтың әдіс –
тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: түрлі – түсті суреттер, тірек сызба, ү әрпінің баспа және жазба үлгілері,кеспе әріптер.
Слайд 4Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. /психологиялық әзірлік/
2.Ой қозғау:
3.Өткен сабақты қайталау.
4. Жаңа сабақ.
5. Сергіту
сәті.
6.Дидактикалық ойын.
7. Қорытынды.
8.Мадақтау.
9.Үйге тапсырма беру.
Слайд 51.Психологиялық дайындық
“Қайырлы күн” деп айтамыз,
Үйге бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз.
Слайд 62.Ой қозғау.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыстар қалай айтылады ?
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады
?
Дауысты дыбыстарды айтайық: /а,о,ы,і, ә, ө, е, и, ұ/
Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айтыңдар ?
Слайд 7 3.Өткен сабақты қайталау.
1.“Сөз ойла, тез ойла”
ойыны.
Буындардан сөздер құрау.
ұл
ұр
бұ
сұ
ұш
ұс
Слайд 82.Оқулықпен жұмыс
“Бұлақ” өлеңін рөлге бөліп оқу.
Бұлақ
- Бұлақ, қайдан келесің ?
- Тау
басынан келемін.
- Бұлақ, неге келесің
- Кең далаға мол егін
- Суарғалы келемін.
Көмектесем адамға,
Қуанады ол деймін.
Слайд 9 4. Жаңа сабақ
Үстел
берсең, кіргенде,
Үлкен кісі есіктен.
Үлкен екен, - демей ме ? –
Үйренген ғой бесіктен.
-Бірінші сөздерде қандай дыбыс естіледі?
- Ү дыбысы.
- Бәріміз ү дыбысын дыбыстайық
- ү- ү –ү
-Бұл қандай дыбыс ?
- дауысты дыбыс.
Слайд 11Ү дыбысы бар суреттер мен сөздерді естеріңе сақтап қалыңдар.
Үкі
Үйрек
Күз
Гүл
Слайд 12 Ақ сандығым ашылды,
ішінен жұпар шашылды.
Дыбыстық талдау
жасау,ү дыбысының орнын табу.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай балалар,
Үп – үлкен боп өседі.
Ормандағы аңдар
Орманда түрлі аңдар тіршілік етеді. Түлкі – тағы аң. Оның терісі бағалы. Түлкінің терісінен жаға , тымақ, ішік тігеді. Тымақ, ішік қыста өте жылы болады.
Түлкі - өте қу. Ол олжасына ұрлана жақындайды. Түлкі ертегілерде мол кездеседі. Ол – ертегілердегі айлакер жануардың бірі.
Слайд 14 Дидактикалық ойын
“Ойлан тап” / ү
дыбысы бар сөздерді табу./
Ұршық , үкі, құн, күн, құз, күз, құндыз,
күндіз, құрақ, күрек.
Слайд 15 Қорытынды.
Балалар
бүгін біз сендермен Ү әрпі мен дыбысымен таныстық.
*Ү дыбысы дауысты дыбыс.
*Ол сөздің басында, ортасында кездеседі.
*Дауысты дыбыс болғандықтан
оны созып , әндетіп айтамыз.