Презентация, доклад на тему Математикадан жоба 7 саны туралы

Содержание

Ғылыми Жобаның мазмұны КіріспеНегізгі бөлімСандардың шығу тарихы7 саны – қасиетті сан7 санына байланысты Қазақ аспаптарыҚорытынды Пайдаланған әдебиеттер 1. Бәрі де сандар туралы, Алматыкітап 2008 жыл 2. Қазақ энциклопедиясы

Слайд 1Таңғажайып 7 саны
.

Таңғажайып 7 саны.

Слайд 2Ғылыми Жобаның мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Сандардың шығу тарихы
7 саны – қасиетті сан
7

санына байланысты Қазақ аспаптары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
1. Бәрі де сандар туралы, Алматыкітап 2008 жыл
2. Қазақ энциклопедиясы 3–том, Алматы 2011
3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап
4. Интернетматериалдарынан
Ғылыми Жобаның мазмұны КіріспеНегізгі бөлімСандардың шығу тарихы7 саны – қасиетті сан7 санына байланысты Қазақ аспаптарыҚорытынды

Слайд 3Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына

сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иленетін жоққа шығара алмаспыз. Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Cандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсыңдар ма? Тағы да ойланып көріңдер. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдына елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «сан» сөзін пайдаланамыз. Ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7 саны және оның қасиеті.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында Қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар

Слайд 4Кіріспе
Математика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде

жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2, 3, 4, 5, ... т.с.с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады.» Кез келген натурал санды оң цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б.з.д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.
Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым-нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.

КіріспеМатематика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған.

Слайд 5Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің

бақытты саны – 13, бақытсыз саны – 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Сөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз – орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады.
Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдайда, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.

Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны – 13, бақытсыз саны

Слайд 6Ғылыми жобаның зерттеу мақсаты:
Жобадағы мақсат: Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе

жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету.
Ғылыми жобаның міндеттері:
-Қасиетті сандармен танысу.
-Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
-Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету.

Ғылыми жобаның зерттеу мақсаты:Жобадағы мақсат: Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін

Слайд 7Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.

Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерінің кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу. Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерінің кеңінен

Слайд 8Қазақтардың таным-түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның

ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттауға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады:
Бала
Әке
Ата
Үлкен ата
Баба
Түп ата
Тек ата

Қазақтардың таным-түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.

Слайд 9Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке,

бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ілім-білім
Жүйрік ат
Құмай тазы
Қыран бүркіт
Берен мылтық

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Жеті

Слайд 10Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған:
Адамның ақыл-ойы,

санасы
Денсаулық
Ақ жаулық (ердің жары)
Бала (өмір жалғасы)
Көңіл
Жер
Ит

Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған:Адамның ақыл-ойы, санасыДенсаулықАқ жаулық (ердің жары)Бала (өмір жалғасы)КөңілЖерИт

Слайд 11Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар.

Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады:
Көк аспан
Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады)
Ай (түнгі тіршілік нәрі)
От (От – Күннің жердегі сүлдесі)
Су (сусыз тіршілік жоқ)
Жер (тіршілік анасы)
Ит

Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар

Слайд 12Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай:
Тұңғиық
Жылан
Су
Қос балық
Қара тас
Көк өгіз
Жер

Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай:ТұңғиықЖыланСуҚос балықҚара тасКөк өгізЖер

Слайд 13Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының жарық жеті

жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.
Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосакқ пайда болады.

Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның

Слайд 14Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған Қазақ халқының

дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «жеті жарғы» деп аталуы «Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай:
1. «Халықтың саны, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе,олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».
3. «Сырттан кірген адам үйге кірерді мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсырына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».
4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады» .
5. «Кәмелетке жеткен баланы туған ата-анаасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».
6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі» .
7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, койға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді» .

Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан

Слайд 15Жеті жұт. Бұлар:
1.Құрғақшылық.
2.Жұт (мал қырылу)
3.Өрт.
4.Оба (ауру)
5. Соғыс.
6. Топан су.
7. Зілзала

(жер сілкіну)

Жеті жұт. Бұлар:1.Құрғақшылық.2.Жұт (мал қырылу)3.Өрт.4.Оба (ауру) 5. Соғыс.6. Топан су.7. Зілзала (жер сілкіну)

Слайд 16Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3.

Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсінігінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғибадатханалары да жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден.
Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші.
Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздары, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 – күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ

Слайд 17Өлімге себепкер жеті күнә:
1.Тамақсаулық
2. Жалқаулық
3. Нәпсіқұмарлық
4. Өркөкіректік
5. Ашу
6. Қызғаншақтық
7. Сараңдық

Өлімге себепкер жеті күнә:1.Тамақсаулық2. Жалқаулық 3. Нәпсіқұмарлық4. Өркөкіректік5. Ашу6. Қызғаншақтық7. Сараңдық

Слайд 18Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет:
1.Египет пирамидасы
2. Вавилонның аспалы бағы
3. Ертедегі

Артемида храмы.
4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні
7. Александрия маягі
Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет:
1.Рим колизейі.
2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар
3. Қытайдың ұлы қорғаны
4. Англиядағы алып тас қорған
5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы
6.Қытайдың Нанжин Қаласындағы Фарфор мұнара
7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы

Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет:1.Египет пирамидасы2. Вавилонның аспалы бағы3. Ертедегі Артемида храмы.4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні5. Галикарнастағы

Слайд 19Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ.
Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан,

түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кеңінен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ.

Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ.Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған.

Слайд 20Жетіген – Қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынща,

жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген – жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі деөте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым – зерттеуші Б.Сарыбаев. жетіген аспабына бйланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші – өнерпаз жасап, «жетігеннің жеті күйін» шығарыпты деген аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т.Сарыбаев, Е.Құсайынов, С.Мерекеев, т.б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 – 2,5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.

Жетіген – Қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынща, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа

Слайд 21Ғылыми жобаның қорытындысы
Қазақ халқында 7 саны – ерте замандардан киелі сан

болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдары түрлі 7 қоспалар , әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы т.б. ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз ...т.с. сияқты болып кездеседі.
Бастапқыда балалар Қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсіреді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді.
Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептелінеді. Қазақтарда мынандай ырым бар, кімді-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі болмайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептелінеді.
Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен...
Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!

Ғылыми жобаның қорытындысыҚазақ халқында 7 саны – ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7

Слайд 22 Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть