Слайд 1«Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ жоспары
Шахтинск қаласы №5 гимназиясының
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
Хайрат Перизат
2016 жыл
Слайд 2Тақырыбы:
Талаптыға нұр жауар
Слайд 3Жоспар
Сынып 8 «А»
Сабақ 7
Оқушылар саны 20
Тақырып Жақсылықпен жаным дос
Құндылық қиянат жасамау
Қасиеттер қамқорлық, ешкімге зиян келтірмеу, қоршаған ортаны қорғау, жақсылық
жасау т.б.
Слайд 4Мақсаты: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейте отырып, қиянат
жасамау құндылығын дамыту.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларды «қамқорлыққа», «жақсылық жасауға» бейімдеу, жақсы істердің мәнін талдау
Дамытушылық: оқушылардың қоршаған ортаны қорғау және жақсылық жасау іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке және қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Слайд 5І кезең- Ұйымдастыру
Топқа бөлу
І топ- Ақиқат
ІІ
топ-Дұрыс әрекет ІІІ топ-Сүйіспеншілік ІV топ-Ішкі тыныштық V топ-Қиянат жасамау
Слайд 6Нұрға бөлену
1.Жаттығу барысында не сезіндіңіздер?
2.Қандай көңіл күйде болдыңыздар?
3.Ішкі тыныштыққа жете алдыңыздар
ма?
Түйін: Олай болса бойымыздағы жақсы қасиеттерді нұрландырып, бар жақсылықтарды жүрегімізде сақтай отырып сабағымызды бастайық!
Слайд 7ІІ кезең-Үй тапсырмасы
Өшпес із
Сұрақтар:
1.Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?
2.Әкесі не себептен баласының айтқан
жауабына қанағаттанған жоқ?
3.Бұл жігіттің әрекетін дұрыс әрекет деп атауға бола ма? Неліктен?
4.Сіз осы жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасайтын едіңіз?
Түйін: Шын ниетімізбен талаптана отырып, ойлаған ісімізді жүзеге асырайық. Өмірде белгілі бір мақсатқа жету үшін сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасайық. Сонда ғана еңбегіміздің жемісін көреміз.
Слайд 8ІІІ кезең-Дәйексөз
«Талап қылса ер егер,ұлт тағдыры көгерер»
Слайд 9Мұғалімнің түсіндіруі:
Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарының
тіленбей-демекші дұрыс мақсат қоя
біліп, сол мақсатқа жету үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету қажет! Талаптану арқылы ғана еңбекке қол жеткізе аламыз.
Сұрақтар:
1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
2. Не себептен талаптанған адамның ісі алға басады?
3. Талапты адам қандай болады деп ойлайсыздар?
4. Талаптану арқылы сіздердің де жетістікке жеткен кездеріңіз болды ма?
Түйін: Талаптанып адал еңбек етсек ешкімге қиянат жасамаймыз, біздің барлық іс әрекетіміз дұрыс болады.
Слайд 10 ІV кезең-Оқиға айту
1. Әңгімеде не жайлы айтылған?
2. Ұстаздың шәкірттерімен бірге
жолға аттануына не себеп болды?
3. Талаптанудың адам өміріне маңыздылығы неде?
4. Талапты адам қандай болады деп ойлайсыздар?
5. Бұл оқиғада дұрыс әрекет жасаған деп кімді атауға болады?
6. Cіздер осы адамның орынында болсаңыздар не істер едіңіздер?
Слайд 11 Түйін: Біз бір істі қолға алып, сол жұмыстың
жақсы аяқталуы үшін талапынамыз. Ой елегінен өткізілген жұмыстан, жақсы нәтиже шығару біздің негізгі мақсатымыз болып табылады. Жақсы сапалы дүние шығару арқылы біз дұрыс әрекет жасаймыз.
Слайд 12V кезең-Шығармашылық тапсырма
«Инелік пен құмырсқа» мультфильмін көрсету. Әр топқа құндылыққа байланысты
тапсырма
Сұрақтар:
1. Осы мультфильмнен қандай ой түйдіңіздер?
2. Құмырсқалардың жұмысын уақытында аяқтай алмауына не себеп болды?
3. Инеліктің дұрыс әрекет жасамағандығынан, оқиғаның соңы немен аяқталды?
4. Құмырсқалардың тынбай талаптанып еңбек етуінен қандай нәтежие шықты?
5. Сіздер осындай жағдайда қандай іс-әрекет жасаған болар едіңдер?
Түйін: Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті– деген сөздің мағынасында үлкен мән бар. Инелік сияқты жалқау болмай, әр жұмысты уақытында дер кезінде адал еңбек ету арқылы орындасақ, әрқашан алдыға ұмытылып, жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс істесек біздің барлық әрекетіміз дұрыс болады.
VІ кезең- топпен ән айту
Авторы:Мархаба Сәби
Орындаған:Тұрсынхан Еркін
«Самға»
Ұлы елдің ұранымыз,
Азат елдің қыранымыз бүгін біз.
Ақындардың жалғасымыз,
Серілердің біз бүгінгі әніміз.
Ұлы дала,ұлы дала жырымыз,
Оу оу оу біз жырымыз.
Қайырмасы:
Самға желбіретіп туымды,
Самға аямаса сенің жаныңды
Самғаааа Самға асқақтатып елімді
Аянба елің үшін биікке самға
Самға Самғааа сен самға
Сұрақ: Бұл әннен қандай әсер алдыңыздар?
Түйін: Тек қана жақсылық ойлайық және үнемі алға талпынып жүрейік. Әрқашан алдыға талпынып, өмірге деген құштарлығымыз артатын болса біздің әрекетімізде дұрыс болады.
Слайд 14VІІ кезең- Үй тапсырмасы
8-сабақ.
Талап пен ақыл. Шәкәрім Құдайбердіұлы 36-38 бет
мәнерлеп оқу және дәптермен жұмыс. Талап пен ақыл өлеңіндегі қасиеттерді теріп жазып талдау жасау. «Талаптың мініп тұлпарын» атты тақырыпта шығарма жазу.
Слайд 15VІІІ кезең- Соңғы
тыныштық сәті
Ал, балалар, қолымызды,
аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз.
Бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізейік. Құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Әр қашан дұрыс әрекет жасайық, мейірімді болайық, бір бірімізді жақсы көрейік, адал еңбек етейік. Осы құндылық пен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Айналамыз жақсылыққа, бақытқа толы болсын! Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.
Слайд 16Сұрақ: бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
Түйін: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғаламды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп
Абай атамыз айтқандай, бойыңыздағы талантыңызды әрдайым көрсете біліңіздер. Сіздерді талай биік асулар күтіп тұр. Сол асуларға жетуге талпыныңыздар. Қанаттарың талмасын.
Сабақ аяқталды, қоңырауға шығып дем алуға болады, сау болыңдар!
Слайд 17Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!