Слайд 1Сабақтың тақырыбы: Қол гранаталар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қол
гранаталары туралы мағлұмат беру, алған білімдерін өз бетімен қолдана алуына жағдай жасау.
Тәрбиелігі: Өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуге, өзіндік шығармашылық іздемпаздыққа, ерінбей еңбек етуге, Отанын қорғауға деге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қаруы туралы білуге бейімдей отырып, ой өрісін дамыту
Слайд 2Әдісі: сұрақ жауап
Түрі : Жаңа тақырыпты таныстыру
Өтілетін орны: БӘД кабинеті
Уақыты: 45
минут
Өтілетін күні:
Көрнекі құралдар: Плакат, ин.тақта, Автомат макеті, Қол гранаталар макеті, оқулық, слайдтар, электронды оқулық, видио т.б
Слайд 3Сабақтың барысы
І . Ұйымдастыру кезеңі
Взводты сапқа сапқа тұрғызу.
Взвод командирінің баяндамасын қабылдап
взводта кім жоғын тексеріп өту. Взводтың жалпы сырқы формасын тексеріп және оқушылармен амандасу
Слайд 4Өткен тақырыпты пысықтау
Автомат неше бөліктен тұрады ?
Автоматта неше ойық каналы бар?
Ұңғы
дегеніміз не?
Автоматтың калибрі дегеніміз не?
Слайд 5Ұңғы қорабының
қақпағы
Газ поршеньді
бекітпе жақтауы
Бекітпе
Қайтармалы серіппе
Ұңғы бастырмасы мен
қоса газ түтікшесі
Соққыш-ағытқыш
механизм
Оқжатар
Ұңғы қорабы, көздеу
аспаптары, тапанша сабы
Автоматтың негізгі
бөліктері
Тежеуіш
компенсаторы
Жабдығы мен пенал
Сүмбі
Сүңгі-пышақ
Құндақ
Слайд 6 Калашников автоматы
жауынгерлердің дербес қаруы, ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған.
Автоматтың авторы кім?
М.Т. Калашников 1919 ж. Алтай аймағы, Курья ауылында дүниеге келеді. 1937 ж Матай станциясына келіп депода жұмыс істейді.
1938 ж Матайдан әскерге аттанады. 1941 ж соғыста жараланып, госпитальде “АК-47” сызбасын жасайды. “АК-47”-нің шығарылуына А. Қойшығұлов қолдау жасайды. 1942-1947 ж Депо бастығы өзі аттас Калашников “АК-47” жасауға Милашус, Тестов, Кусайын, Кравченко, Медведь көмектесті. 1949 ж І дәрежелі Сталиндік сыйлық алады. Қарудың 150-ден астам түрін ойлап тауып, оның 17 түрі қазір қолданыста. Еңбегі бағаланып екі мәрте Социалистік Еңбек Ері,
11 астам орден, медальдармен, 15-тен аса ғылыми еңбегі жарық көрді. 2003 ж 50 жылдан кейін Матай станциясына келген Калашников Президентің қабылдауында болды.
Генерал-лейтенант М.Т.Калашников:
“Қазақстан – менің екінші Отаным”
Слайд 7Қол гранаттары талай ғасырлар бойына армияның қаруы болды. Оларды жауынгерлер біздің
жерімізге жаудың шабуылдауын тойтару кезінде ойдағыдай қолданды. Осы заманғы ұрыста қол гранаттары қарсыласты жоюдың сенімді құралы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
қару-жарағында арақашықтық әрекетті РГД-5, Ф-1, РКГ-3 жарықшақты қол гранатары бар. Жарықшақты қол гранаттары қарсыластың адам күшін жарықшақтармен жоюға арналған. Гранаттар жарылған кезде адам күшін жоюға жетерліктей энергиясы бар жан-жаққа ұшатын көптеген жарықшақтар түзіледі. Жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты гранаттар шабуылдық және қорғаныстық болып бөлінеді
Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М
Слайд 12
РГД – 5 жарықшақты қол гранаты – шабуылда және қорғаныста қарсыластың
адам күшін жоюға арналған, арақашықтық әрекетті гранат. Ол тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылғыш зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.
Корпус жарылғыш заряд пен тұтандырғыш түтігін орналастыруға арналған. Ол жоғары және төменгі бөліктерден тұрады, сыртқы қабық пен ішпекті қамтиды, бұлар гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге қызмет етеді. Корпустың жоғарғы бөлігіне көмкерменің көмегімен тұтандырғыш түтігі қосылады, ол тұтандырғышты гранатқа қосу үшін және корпуста жарылғыш зарядтың тұмшалануы үшін қызмет етеді.
Слайд 13Ф – 1 жарықшақты қол граната – арақашықтық әрекетті гранат көбіне
қорғаныс шайқасында адам күшін жоюға арналған. Гранатты әртүрлі жағдайлардан және тасадан, ЖҰМ-нан (БТР) немесе танктен лақтыруға болады. Гранаттың корпусы шойын, бойлық және ендік ойшықтары бар, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді.
РКГ – 3 Кумулятивтік қол гранаты – бағытталған әрекетті танкке қарсы, бронетранспортерлерге және сауытты автомобильдермен далалық қорғаныс құралдарын қиратуға арналған. Гранат әртүрлі жағдайдан және тек тасадан ғана лақтырылады. Лақтыру арақашықтығы орташа қашықтығы - 15-20 метр. Жарақталған гранатаның салмағы -1070 г. Нысанаға тигенде қас қағымда жарылады және түзілген жоғары қысымды және температуралы газ ағыны осы заманғы танктердің сауытын және басқа да берік кедергілерді тесіп өтеді.
Слайд 14Гранаттың тұтандырғышы ҚГЖБТ жарылғыш зарядтың жаруға арналған. Ол соққыш механизмнен және
тұтандырғыштың өзінен тұрады. Тұтандырғыштар әр уақытта ұрыстық уақытта болады.Олардың жұмысын тексеруге үзілді – кесілді тиым салынады. Соққыш механизм тұтандырғыштың капсюль тұтандырғышын тұтатуға қызмет етеді. Ол соққыш механизмнің түтігінен, біріктіргіш төлкеден, бағыттауыш тығырықтан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш тығырығынан, ағытқыш иінтіректен және шығыршығы бар сақтандырғыш мұрындықтан тұрады.
Слайд 15Гранатты лақтыру кезінде. Гранатты лақтыру үшін ағытқыш иінтірек саусақтармен гранаттың корпусына
жабысып тұратындай етіп ұсталады. Иінтіректі жібермей, шығыршақтан ұстап сақтандырғыш мұрындық жұлынып алынады да, гранат нысанаға лақтырлады. Мұрындық жұлынып алынған кезде тұтандырғыш бөліктерінің жағдайы өзгереді, соққышты қайырма жағдайда ағытқыш иінтірек ұстап тұрады, ол соққыш механизмнің түтігімен қосылудан босатылады, бірақ оған қолдың саусақтарымен қосылып тұрады. Гранат лақтырылған сәтте ағытқыш иінтірек гранаттан бөлінеді де, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппенің әсерімен тұтандырғыш капсюльді соғып оны тұтатады. Тұтатқыш-капсюльден шыққан от баяулатқышты тұтатады және одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі. Капсюль-детонатор жарылып гранаттың жарылғыш зарядын жарады. Гранаттың корпусы жарылып корпус пен тұтандырғыштың жарықшақтары жан – жаққа ұшады.
Слайд 16Жаңа сабақты бекітуге қойылатын сұрақтар.
РГД – 5 қол гранатаның массасы?
РКГ –
3 қандай қол граната?
Қорғаныстық гранатаға қандай граната жатады?
Ф – 1 қол гранатаның массасы?
1070 г қай гранатаның массасы?
Қорытынды бөлім