Слайд 1Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына және жасалу тәсіліне қарай жіктелуі
Жоспары:
Дыбыс туралы түсінік.
Дыбыстардың
жіктелуі.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
Слайд 2 Дыбыс,әріп,фонема
Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды.әріп кейде жеке дыбысқа
сәйкес келсе (мәселен о,ө,ұ,ү),кейде бір әріп (мәселен ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу,йүу,йа) өрнектейді.Керісінше,кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні жоқ.
Слайд 3 Фонема дегеніміз не?
Фонема (гр.phonema-дыбыс)-сөздер мен морфемаларды құрастырып,оларды бір-бірінен
мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық единицасы.
Слайд 4 Дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар-консонантизмдер (лат.consonans-дауыссыз дыбыс) сан
және сапа жағынан әбден зерттеліп,айқындалып,бірізге түсіп болған жоқ.У дауыссызы тек жуан еріндік (у) және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды.Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтың айтуынша,”қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингорматиптен немесе 66 сингармодауыссыздан құралады“.Басқаша айтқанда 17 үндеспе,66 үндес дауыссыз бар деген сөз.Олар:б,ғ-г,д,ж,з,й,қ-к,л,м,н,ң,п,р,ц,т,у,ш.Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в,ф,х,һ,ц,ч дыбыстары жоқ.Жоқ болатыны,бұлар-жолдан қосылған,байырғы сөздерде жоқ,кірме дыбыстар.
Слайд 5 Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар мыналар:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,р,ң,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,у
Слайд 6Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай жіктелуі.
Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай
қатаң,ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздар мыналар:п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч.
Слайд 7
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді
дауыссыз дыбыстар деп атаймыз.Үнді дауыссыздар мыналар:р,л,й,у,м,н,ң.
Слайд 8Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп
атаймыз.
Ұяң дауыссыздар мыналар:б,в,г,ғ,д,з,ж,һ.
Қатаң,ұяң дауыссыздардың бірімен-бірі жұп құрайтындары бар.Мұндай жұп болып келетін қатаң,ұяң дауыссыздар мыналар:п-б,ф-в,к-г,т-д,с-з,ш-ж,қ-ғ,х-һ.
Слайд 9 Ойлан,тап.
п_б:
...айдасыз,...аласыз,...аңдық,...алық,са...ар,са...тау,са...ақтас,са...антой,ла...ылда,қа...ылда;
т-д
ба...пақ,жа...ақ,қа...ақ;
к-г
ә...е,е...ін,кө...тем,кө...ер;
с-з:
а...тар,а...амат,ба...тық,сү...бе;
ш-ж: ша...пау,ша...амай,қа...ымыс,қа...қын;
Слайд 10Дауыссыз дыбыстардың айтылу тәсіліне қарай жіктелуі.
Тоғысыңқы (шұғыл)
Жуысыңқы (ызың)
Діріл дауыссыздар
Тоғысыңқы дауыссыздар мыналар:п,б,т,д,қ,
к,г,ч,ц.
Жуысыңқы
дауыссыздар мыналар:в,ф,с,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ.
Діріл дауыссыздар:р
Слайд 11Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді.
а)ерін(лабиаль)
фонемалары:п,б,м
у;
б)көмей(фарингаль)фонемасы-һ
ә)тіл
(лингваль) фонемалары:т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,л,р,;
Слайд 12
− Қазақ тілінің к, орыс тілінің к және қазақ
тілінің қ дауыссыз дыбыстарының жарыспа моделі
Слайд 13 Тіл фонемалары үшке бөлінеді:
1.Тіл алды дыбыстары:н,р,л,ш,ч,ж,ц,т,с,д,з
2.Тіл ортасы дыбыстары:й;
3.Тіл арты
дыбыстары:қ,ғ,к,г,ң,х.
Слайд 14
Қ фонемасы-қазақ тіліндегі ең актив фонема.Ол сөздің барлық позициясында тұра береді.Қазіргі
қазақ тілі лексикасының 14 проценті (8402) осы дыбыстан басталады.Ал ғ сөз соңында мүлдем кездеспейді,сөз басында 213 кірме сөзде,ал сөз ортасында актив ұшырайды.Қ фонемасы к сияқты көрші дыбыстардың әсерінен ұяңданып (ғ)айтылуға бейім тұрады:қарашғой (қара қой), сарғыз (сары қыз),ағала(ақ ала), ағүй (ақ үй),тарағы (тарақ-ы),құлағы (құлақ-ы).
Слайд 15“Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде” г әрпінен басталатын 421 сөз бар.Оның орыс
тілі арқылы енген сөздер.Ал қалғандары (гауһар,гүл,гу-гу,гуле дегендерден басқалары) қ әрпінде қайталанады:гуілде-куілде,гүж-күж,гүжбан-күжбан,гүж-күж,гүмбір-күмбір,гүмп-күмп,гүр-күр,гүрс-күрс,гүрсіл-күрсіл,гүріл-күріл т.б.
Слайд 16І.Кеңесбаев “В,Ф,Х” фонемалары-түгелімен орыс тілінен ауысқан фонемалар,көбіне,орыс тілінен келген сөздерде,терминдерде қолданылады...Фамилияның
аяғында келетін в қазақтың айтуында,көбіне п-ға айналып кетеді.Мысалы:
Жазылуда Айтылуда
Боранбаев Боранбайып Сәрсенов Сәрсеніп
Күнтуаров Күнтуарып
Сергеев Сергейіп
Слайд 17Үнсіз шұғыл дауыссыздар (б,п,к,қ,г,т,д)дауыстылардың қоршауында ызыңға бейімдеу басталады:Абай,Ақан,апа,ақан,ақын,бақыт,Ақан сияқты сөздерде қ
орыс тіліндегі х-ға жуықтап кетеді.Содан да болу керек жазуда бахыт,Ахан, болып кетіп жатады,яғни мұндай жағдайда шұғылдар бомаңдау айтылуға тиіс.Оларды сөз басындағыдай етіп,айту,тістеніп тұрған сияқты әсер етеді.
Слайд 18“Көне түркі сөздігіндегі” й-дан басталатын сөздер төртінші орында тұр.Қазақ тілі бұларды
ж-мен айтады және сол үшін де ж тілі делінеді.
Парсы тілінен ауысқан я шылауын қара қазақ жә түрінде айтқан,көркем шығармаларда да кездеседі.
Ал сөз ішінде буындар й-дан бастала береді:а-йа,ұ-йа,қара-йа,қара-йып,қара-йық,сы-йа,ты-йын,ті-йін т.б.Солай бола тұрса да й әрпін бы,ғы,ды, деген сияқты емес,ый түрінде айту керек болады.Й дыбысы сөз ішіндетек дауысты дыбыстардан соң ғана тұра алады,дауыссыздан соң тұруы мүмкін емес.Бұл да болса,оның дыбысталу ерекшелігін аңғартады.
Слайд 19Сөз басында мүлде тұра алмайтын й,у,ң үнсіздерінің дауыссыздардан соң тұра алмайтынында
да тарихи байланыс,заңдылық болуға тиіс.Бұларды жеке тұрғанда (алфавитте) тек ый,ұу,ың түрінде айтсақ керек.
Слайд 21Қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар-он бес:б,г,д,ж,з,й,к,л,м,н,р,п,с,т,ш.Қазақ тілінде бар,орыс
тілінде жоқ дауыссыздар- бесеу: ғ,қ,ң,у,һ.Қазақ тілінде бұрын болмаған,орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу:в,ф,х,ц,ч.