Слайд 1САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Абайдың табиғат лирикасы
Қазақ тілі 9 “А” сынып
Мұғалім: Мирманова
Н.А.
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау, оның жасалу
жолдарын бекіту;
2. а) Қазақстанның қорықтары жайлы білімін бекіте келе табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны сүюге шақыру, экологиялық тәрбие беру;
ә) Абайдың табиғат лирикасы туралы мәлімет бере отырып, ақынның шығармашылығын оқушыларға терең меңгерту;
3. Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Слайд 4Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс
немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атаймыз.
Слайд 5Қарсылықты бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлем
Сұрақтары: Қайтсе де? Не етсе де?
Қайткенмен?
Не еткенмен?
А) Есімшеге көмектес септік –мен жалғауы
қосылуы арқылы. Күн жарқырап тұрғанмен, қатты
аяз.
Ә) Шартты райлы етістікке да, де шылауы жалғас
келуі арқылы. Тез жүрсе де, пойызға үлгермей
қалды.
Б) –а, -е, -й жұрнақты көсемше түрінен болады.
Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды
жақсы тапсырды.
Слайд 6Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. Ол сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
1.
Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші
шешен болады.
2. Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болып,
ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті.
3. Маржан қатты шаршап келгендіктен, жөнді сөйлеспеді.
4. Көктем келгенімен, күн әлі де салқын.
5. Көпжасар кітап алмақ болып кітапханаға барды.
Слайд 7Алматы қорығы
Қазақстандағы ең бай қорықтардың бірі. Іле Алатауының орталығында
1931 жылы ұйымдастырылды. Жер көлемі — 71 мың гектар. Қорықта бұғы, елік, арқар, тауешкі, таутеке, жайран, қабан, жайра, суыр, барыс, ілбісін, аю, түлкі, борсық; құстан ұлар, шіл, кекілік, қырғауыл, тазқара, бүркіт және басқалары бар.
Слайд 8Қорғалжын қорығы
Теңіз-Қорғалжын ойпатының оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр.
Бұл – еліміздегі ең ірі табиғи қорық, ол Астананың оңтүстік-батысынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан. Теңіз-Қорғалжын ойпаты дала мен шөл даланың түйісінде, Қазақ ұсақ шоқыларын Көкшетау қыраттарынан бөле-жара орналасқан.
Қазір қорыққа дүниежүзілік табиғи мұра аймағы мәртебесі берілген.
Слайд 9Марқакөл қорығы
Шығыс Қазақстан
облысында, Оңтүстік
Алтайдың шығысында
Марқакөл
қазаншұңқырында
орналасқан. Ол
солтүстігінде Күршім,
оңтүстігінде Азутау
жоталарының арасында
орналасқан Алтайға тән
тектоникалық ойпатты
алып жатыр. Көл 1 449,3
метрлік абсолюттік
биіктікте жатыр. Ең биік
нүктесі — 3304,5 метр.
Слайд 10Ақсу-Жабағылы қорығы
1927 жылы құрылған.
Атауы екі өзеннің атынан
құралған: Ақсу
және
Жабағылы. Әсіресе
Ақсу өзені өзінің өтуге
ыңғайсыз тік жағасымен
ерекшеленеді. Жалпы
ауданы - 85,3 мың га.
Мұнда Талас Алатау
солтүстік-батыс
шатқалы мен Өгем
шатқалының көркем биік
таулы ландшафты кіреді.
Қорықта өсімдіктің 1404
түрі, аңдардың 47 түрі,
құстың 239 түрі мекен етеді.
Слайд 11Наурызым қорығы
1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай
орманы орналасқан Наурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрі, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстар кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.
Слайд 12Барсакелмес қорығы
Қызылорда облысында 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің
біратаулы аралында орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері - құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. Құстың 203 түрі бар.
Слайд 13Абай Құнанбаев
(1845-1904)
Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау
өңiрiнде дүниеге келген. Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан бiлiм алды. Кейiн ауқатты Құнанбай баласын Семейдегi Ахмет Ризаның медресесiне оқуға бердi. Медреседе ол Шығыс әдебиетiн көп оқыды, қаладағы орыс мектебiне барып жүрдi. Мектепте жүрген шағында ақындық талабын байқата бастады. Алайда аға сұлтан Құнанбай Абайдың қаладағы оқуын аяқтатпады. Абайдың әндерi, өлеңдерi қазақ даласына кең тарады. Абай шығармаларының терең пәлсапалық ойлары – кейінгі ұрпаққа қалған өшпес мұра.
Слайд 14
Табиғат лирикасы
Сыншы
Композитор
Философ
Махаббат лирикасы
Аудармашы
Ұлы ақын
Слайд 15Лирика
Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы
жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен
«лирика»деген
сөзге түсініктеме беріп алайық.
Лирика дегеніміз - ақынның ішкі жан-
дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз
басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші.
Лириканың 4 түрі бар.
1. Философиялық
2. Саяси
3. Махаббат
4. Табиғат.
Слайд 16АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей,
жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.
Слайд 17
Өлеңдерді оқыңдар, ақынның табиғат лирикасына назар аударыңдар
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр,
мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Слайд 18Желсіз түнде жарық ай
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны
терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Слайд 19Сөздікпен жұмыс:
Жалаң – отдельный
Жамыраңқы – многогранный
Толы – полный
Дарып – внедряться, впитаться
Сіңіп
кеткен – впитался
Сөгілген – распороться
Көкорай шалғын – луг
Аунағандай боламыз – как будто повалялись
Бүріккен – брызгать
Әсерленеміз – вдохновиться
Қалтыраған – дрожащий
Самалы – ветерок
Сағымы – мираж
Баршамызға – всем
Үскірігі – лютый мороз
Жетіп жататындай - хватит
Слайд 20Тест сұрақтарына жауап беру
1. Абай Құнанбаев кім?
а)
ақын ә) дәрігер б) әртіс
2. Абай жасынан қандай
болды?
а) ақылсыз ә) ынталы, зерек
б) білімсіз
3. Абай Құнанбаев қайда
оқыды?
а) училищеде ә) институтта
б) медреседе
4. Ақын қысты кімге теңеген?
а) гүлге ә) малға
б) адамға
5. Ақ киімді” сөзін аудар.
а) белая борода
ә) белая одежда
б) белая бумага
6. Абайдың шын аты кім?
а) Әбдікәрім ә) Ибраһим
б) Әбдірахман
7. Абай қай жылы туды?
а) 1845 ә) 1935 б) 1965
8. Абай Құнанбаев қайда оқыды?
а) Қостанайда ә) Алматыда
б) Семейде
9. Абай қазақ халқын неге
шақырды?
а) мәдениетке, білімге ә) ойнауға
б) қыдыруға
10. “Зерек” сөзін аудар
а) умный ә) способный
б) красивый
Слайд 21Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Ол қай жылы туған?
3. Абай жасынан қандай
болды?
4. Абайдың табиғат лирикасына арналған
қандай өлеңдерін білесіңдер?
5. Әкесі оны қайда оқуға береді?
6. Абай кімнің шығармаларымен
танысады?
6. Ол қазақ халқын неге шақырады?
Слайд 22Үйге тапсырма:
1. “Абайдың табиғат лирикасы” мәтінін оқу, түсінік айту;
2. 116 –
бет, 4-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар. Септік жалғауларын анықтаңдар.