Слайд 1 МҰХИТ АТЫНДАҒЫ ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Ашық сабақ
Технология пәні
8 б сынып
Технология пәні мұғалімі:
Жанисова Жазира Султанбековна
Слайд 7
Алтын сандықтан шыққан сұрақ.
Мата қиындыларынан дайындалатын сәндік қолданбалы өнер түрі
Слайд 8
Сабақтың тақырыбы:
Құрақ көрпе
Слайд 9Жаңа сабақ
Қазіргі кезде мата қиындыларынан құрақ құрау өз
алдына бір өнер түріне жатады. Матадан құрақ құрау өнері жылдан-жылға тез қарқынмен дамуда. Онымен түрлі жастағы адамдар айналысады. Ресейде, басқа да елдерде осы өнер аясында фестивальдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда да ұлттық бұйымдар көрмелерінде құрақтан жасалған бұйымдарды көптеп кездестіруге болады. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен. әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігеміз.
Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз. Технология деген не ?
Қандай жұмыс болмасын оны іске асыру барысында істелінетін іс-әрекет. Мысалы, сызба, үлгі түсіру, түс таңдау, үлгі даярлау, қию, тігу т.б. Осының бәрі құрау технологиясы.
Слайд 10
Құрақ көрпе
Оны трикотаж тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың
құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.
Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп жабуға да болады.
Слайд 11
Құрақ маталары:
Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.
Қатипа
– жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Батсайы – қалың жібек кездеме.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.
Пай – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.
Насар – жібек кездеме.
Ұштап – ақ түсті тығыз мата.
Шыт – арзанқол жұқа мата.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Бояқ – кездеменің боялған түрі.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Тібен – түрлі-түсті қалың мата.
Слайд 12
Құрақтың көркемдік мән-маңызы:
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін,
құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-тал-ғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.
Басты-басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, кеудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.
Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Киім-кешек тіккенде қалған, арнайы сатып алынған маталардан қандай өрнек шығаруға болады? Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Слайд 13
Қолөнердегі қазақ символы:
Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған
бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде үшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді…
Слайд 14
Құрақтағы бояулар сыры:
Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан.
Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс — өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.
Құрақтың үйретері:
Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді. Құрақ құрау — қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.
Ысырапқорлық – қазақтарға жат қылық. Ежелден-ақ ата-бабаларымыз үнемшіл болып, қолдағы темір, сүйек, ағаш, тері тәрізді заттардың да кесінділерін қажетіне ұқсатып, аяқ асты тастамаған. Ал қолдағыны осылай ұқсатуда қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер жоқ. Олай болса, құрақ құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып, үнемділікке үйретеді.
Қазір ұлттық салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», — деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Әр үйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлтжандылығын ғана танытып қоймайды. Бұл қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көрсетеді.
Слайд 38Құрақ
Жасауға қажетті материалдар жеткілікті болуы
Жасалуы көркем
Материалдар қымбат емес тез табылады
Еңбек шығыны
да көп емес
Бұйым мөлшері жас ерекшеліктеріне сай
Экономикалық шығыны аз
Төзімді сапасы
Әдемі дизайн
Құрақ құрауды жобалау
Слайд 39Қажетті
құрал-жабдықтар
Құрақ құрау технологиясы
Геометриялық пішіндер
Түстер
Шетін әшекейлеу
Құрақ түрлері
Мата
Тұрмыста қолданылуы
Пайдасы
Слайд 40Құрақ құрау технологиясы
1.Өрнек сызбасын қағаз бетіне түсіру.
4.Матаны үлгі қағаз мөлшерімен қию
2.Түс
тандап бояу
3.Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлау
6.Өрнек бойынша
рет-ретімен бөліктерді тігу
5.Төртбұрыш,
үшбұрыштарды қиғанда тігіске кететін өлшемдерді дұрыс есептеу
Слайд 41
Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары:
1. Құрақ
дегеніміз не?
2. Құрақтан қандай бұйымдар жасауға болады?
3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құраққа мата қалай таңдалады?
5. Құрақтар бір – біріне қалай біріктіріледі?
6. Құрақ неліктен ортасынан бастап құралады?
7. Құрақты тіккенде тігіске неше см алу керек?
8. Құрақ құрау өнерінің неше түрі бар?
9. Құрақ құрау өнері тек қазақ халқында ма әлде...?
10. Құрақты қию үшін қандай құралдар қажет болады?
Слайд 42
Сарамандық жұмыс :
Құрақ көрпе тігу
Слайд 43Тест
1. Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
А . 4 Ә. 5 Б. 2 В. 3
2. Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
А. 19-20 Б. 17-18 Ә. 15-16 В. 16-17
3. Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
А. Зооморфты Б. Геометриялық
Ә. Космогоникалық В. Тұрмыстық
4. Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?
А. Word Ә. Power Paint Б. Paint B. Exsel
5. Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады?
А. Өсімдік тектес Б. Космогоникалық
Ә. Геометриялық В. Тұрмыстық
6. Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?
А. Печворк Б. Ласкутная техника
Ә. Patchwork В. Сошико
7. Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?
А. Үлгісіне Б.Тігісіне
Ә. Көлеміне В. Орындалуына
8. 26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?
А. Қызғалдақ Ә. Жұлдызша Б. Аққу В.Иықты
9. Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?
А. Былғары Ә. Тері Б. Мата В. Полиэтилен
10. Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?
А. 15-20 мм Б. 2-3 мм
Ә. 20-25 мм В. 5-10 мм
Слайд 44Дұрыс жауаптар:
1. ә
6. в
2. а 7. а
3. ә 8. а
4. б 9. б
5. а 10. в
Слайд 45Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Құрақ көрпені аяқтау
Дұрыс жауаптар:
1. ә
6. в
2. а 7. а
3. ә 8. а
4. б 9. б
5. а 10. в
Слайд 46
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Құрақ көрпені аяқтау
Слайд 47
Қас шебердің қолы ортақ,
Ұрпақтарға жалғасқан.
Зердеңде болса – сол атақ,
Болашаққа жетер
қалмастан.
Әже менен анадан,
Мирас болған – бұл өнер.
Ұрпақтан озып ұрпаққа,
Кете берер бұл өнер.