Слайд 1Фразеологизмдердің
танымдық нышандары
Слайд 2 Фразеологизмдер – тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі, яғни өзінің көнелену жағынан
да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан, қолданылу мүмкіншілігі мен стильдік жағынан да өзіндік ерекшеліктері бар. Солардың бірі- тілімізде айрықша қолданылатын этнофразеологизмдер.
Слайд 3 Тілімізде сақталып қалған көптеген халықтық атаулар мен көнерген сөздердің астарында
этнографиялық мән, этнофразеологизмдер жататындығын ғалымдар өз зерттеулерінде тарихи, тілдік, мифтік, этнографиялық, танымдық мәліметтерге сүйене отырып, өз тұжырымдарын келтіреді.
Слайд 4Этнофразеологизм – белгілі бір ұлтқа тән, сол ұлт қолданысында әдет-ғұрып, салт-сана,
мәдениетіне байланысты кездесетін фразеологизмдер. Мәселен, азан айтты, қырқын берді, қанжығасы майланды, бас құда, неке суын ішті, сыбаға тартылды, ерулік беру, дөнен қымыз, үйірімен үш тоғыз, және т.б. секілді этнофразеологизмдер өзге ұлт тілінде кездесе қоймайды.
Слайд 5Этнофразеологизм дегеніміз – этнос болмысына қатысты фразеологиялық бірліктердің жиынтығы, синтезі. Этнофразеологизм-
ұлт тілінің көрсеткіші болып табылады.
Слайд 6Фразеологизмдердің вариант қатарларының саны көп.
екі қатарлы: қара қылды қақ
жару қара қылды қырыққа бөлу, қол ұстату / қол ұстатар, аужар айту;
үш қатарлы: азан айтты / азан шақырды / азан салды;
төрт қатарлы: ит əуреге салу / ит əуреге түсіру / ит əуресін шығару / итін шығару;
алты қатарлы: есік көре келу / жыртыс сала келу / қол ұстау / күйеуге есік аштыру / есік аша келді / қоржынын апарды.
Слайд 7Малдың тҿлдегеннен кейінгі алғашқы сүті уыз деп аталады. Уыз ҿте дҽмді
ҽрі қою болады. Бала да, тҿл де уыз сүтін тойып ішу керек.Уызына тоймаған бала да, тҿл де ҽлсіз болып ҿседі. «Уызында жарамаған» деген сҿз осыдан шыққан. Уыздан уыз кҿже деп аталатын кҽделі, жеңсік тамақ жасалады. Бұл алғашқы ащы уыздан емес, екі-үш күннен кейінгі тҽтті уыздан ҽзірленеді. Бұдан ауыл үлкендері, кҿршілері, туған-туыстары шақырылады. Олар ризалық батасын береді.
Слайд 8Ақ арулап жөнелтті, ақ арулап қойды. Өлікті мейлінше қадірлеп, бар кәдесін жасап
қойды, жерледі. Ең соңғы рет түнетеді үйіне, ақ арулап жөнелтеді. (М.Әуезов)
Азан айтты. (көне) Әр үйдің есігінен қарап тұрған қатын- бала азан салды ( М. Әуезов).
Аза салды. «Құнанбайдың үлкен үйі үш саба, бір ту бие, бір той сойыс апарды. Және азаға салғаным деп, Зере мен Ұлжан түйе апаратын болды.» (М.Әуезов).
Қол ұстату, шаш сипату. «Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы.» (М.Әуезов).
Қалыңдық ойнады. Ұрын келіп бетін ашқан күйеу қалыңдығына келіп, ойнап-күліп жүруге ерікті болған, қыз бен жігіт бір төсекте жата беретін болған. Осы салтты «қалыңдық ойнады»деп атаған (М.Әуезов).
Бәйге тікті. Озғанға берер жүлдесін атайды. «Ал Қарсақ, Борсақ жарысы болады. Жеңеше, балуанның қайсысы, бәйгеңді тік!» (М.Әуезов).
Слайд 9 түйенің табаны түсер жер
түйе үстінен сирақ үйіту
түйе
шешкендей ету
боз інгендей боздау
нар атандай, нар еді
мұрнын тескен тайлақтай, елпеңдеу
қаңтардағы бурадай тісін қайрау,
нар бурадай шабынды
жаңа аяқтанған ботадай
бота тірсек
шоқ басқан тайлақтай
Слайд 10Ат жалын тартып мінді – «адам болды, ер жетті, азамат болды».
Ат құйрығына байлау – кінәлі адамның мойнына қыл арқан салып, аттың құйрығына байлап жіберу ертеден келе жатқан жазалау түрі. Ат кекілін (құйрығын) кесісті – «кетісті, араздасты, мүлде безді». Бұл фразеологизм қазақтардың ежелгі ат кекілін кесісіп, бәрінің көзінше (жұрт алдында) достық, туысқандық, бейбітшілік қарым-қатынастарды бұзу салты негізінде құрылған. Ат құйрығын түйісу – серттен қайтпаудың шартты белгісі.