Орындаған:КЯЛ-14-01 тобы студенті Адилханова Г.Қ.
Тақырыбы:Сөз тіркесі, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары
Орындаған:КЯЛ-14-01 тобы студенті Адилханова Г.Қ.
Тақырыбы:Сөз тіркесі, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары
Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір граммтикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.
Сөз тіркесі жөнінде пікірлердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылады да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер көп қозғалмайды.
Орыс тілінде сөз тіркестерін (СТ) тұңғыш қолға алған В.В.Виноградов СТ түрлері, байланысу формалары және олардың құрылысы Тіл білімінің ең басты бөлімі екенін айтады. Көптеген ғалымдар, В.В.Виноградов бас болып, СТ номинативті, сөйлемді предикативті деп танитын болды. Осылай СТ «номинатив» деп тану оны «сөз» дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды.
В.В.Виноградов
Н.А.Баскаков
А.П.Поцелуевский
Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына қарап та, әлгіндей тұлғалық дәйекші қою арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға болатын орайы бар.
Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та «атрибуттық» топтарды ғана (жазық дала) сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков «атрибуттық» сөз тіркесі дегенді кең түрде түсінеді. Сонда анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе, сөйлем деп таниды.
Е.И. Убрятова да сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан-жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған дұрыс қортындыларымен қатар лексикаға және сөйлем синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Сондықтан сөз –ой құраудың арқауы. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
3)Сөздердің орын тәртібі: биік үй, қалың орман т.б.
2) Шылаулар(демеуліктер, жалғаулықтар): адам үшін, көрген сайын т.б.
4)Интонация: Бұл –кітап, Асан –студент т.б.
Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғалануы: мен келдім, сен айттың т.б.
Матасу –бағыныңқы мен басыңқының бірі ілік жалғауында, бірі тәуелдік формасында тұрып байланысуы: менің анам, ағаштың жапырағы т.б.
Меңгеру –бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде іліктен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы: есікті ашты, маған келді т.б.
Қабысу –бағыныңқының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы, ал енді бір қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап тұрады. Бұл жанасуға жатады.
Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болады: Асау терек долданып, буырқанып... (Абай). Мұндай тіркестер метафоралық тіркестер деп аталады.
Енді бір тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады: жүрегі шайылу, көз қырын салу т.б. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз.
Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады: жақсы кісі, жақсы ат, жақсы кітап т.б. Осылардай құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады немесе оның бір сыңары кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында күрделі сөздер және басқа түйдекті тіркестер болады. Түйдекті тіркестер дегеніміз - өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін, яғни лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркестер. Оларға күрделі етістіктер тобы (жүріп келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер тобы ( жол жүру, қол қою), қосарлы есімдер тобы (жылдан-жылға, ыдыс-аяқ), күрделі есімдер тобы (арбаның қасы), тұрақты тіркестер тобы (үрейі ұшу, есі тану) кіреді.
2) Кейде СТ құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Кеше мектепте ұстазыммен кездестім деген сөйлемде мынадай тіркестер бар: кеше кездестім, мектепте кездестім, ұстазыммен кездестім.
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңде керісінше орналасуы мүмкін.
Сөйлем ішінде СТ екі түрлі ыңғайда
құралады:
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть