Слайд 2Г.Эббингауз
Г.Эббингауз ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты
идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады.
Ойлаудағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз.
Слайд 3Ойлау-
Өзіндік ішкі қарама –қарсы қайшылықтарға толы процесс.
жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі.
тұлға
рефлексиясының
қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі
жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады
Слайд 4Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама
түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау – бұл ерекше дәл,терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.
Ойлау-дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі ,танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін зерттейді,әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді
Слайд 5
Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі : ұғым, пікір, ой қорытындысы.
Ұғым
– бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсніктерден –оның қасиеттері,жағдайлары,байланыстарыжәне қатынастарынан тұрады. Әрбір зат,әртүрлі көптеген қасиеттерді,белгілерді иеленеді. Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды.неғұрлым заттың маңызды белгіліері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады. Екі түрлі ұғымның түрі кездеседі: заттық немесе нақтылы және дерексіз.
Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде қарау. Мысалы: адам,өсімдік,жануар т.б.
Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз-ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге,сапаларға және жағдайларға қатысты. Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т.б.
Слайд 6Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір
немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы үшке бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия)
Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау.
Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге,деректерге көшудің жалпы заңдылықтар мен ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.
Аналогия-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау
Слайд 7Ой тәсілдері түрлерінің схемасы
Ой тәсілдері
талдау
жинақтау
топтастыру
табиғи
жасанды
жүйелеу
абстракциялау
жалпылау
салыстыру
Слайд 8Ойлаудың дара ерекшеліктері
Ойдың мазмұндылығы- заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың
пікірлер мен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оың ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймацды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оның тереңдігі жатады.
Ойлаудың тереңдігі- ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі адамның іс-әрекетімен, оның білімімен тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен айқындалады.
Ойлаудың дербестігі- адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдарың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігіне , икемділігіне , жеке сын тұрғысынан қарауында.
Слайд 9Ойдың белсенділігі- өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя білуінде және іздену
мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
Ойдың икемділігі- міндеттерді шешуде алынған біржақты ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады.
Сын тұрғысынан ойлау- ақиқат және жалға ретінде басқаның немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойлардың практикалық өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз. Сыни ойлау- бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау.
Ойдың ұшқырлығы- қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады, ал күрделі ойлау үрдістерінде ұзақтау болады. Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр , ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді.
Слайд 10Ойлау формалары ұғым, пікір, ой қортындысы.
Слайд 11Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады.
Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен керінеді.
Сөйлеу түрлері
Слайд 12Осы айтылғандар түрғысынан сйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді.
Сыртқы
сөйлеу
Ішкі
сөйлеу
Ауызша сөйлеу
Жазбаша сөйлеу
ДИАЛОГ
МОНОЛОГ
Слайд 13Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның
төңірегіне қүрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.
Слайд 14Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі —
Диалогтық
сөйлеу
Слайд 15Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Слайд 16 Диалог сөздің кейбір психологиялык ерекшеліктері төмендегідей:
1) Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады,
ол ойды кең жайып жатуды тілейді;
2) Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек өңгімелесуші адамдардың өздеріне түсінікті болады. Мәселен, "келе жатқан тоғызыншы" деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп түрған адамдар түсіне алады.
3) Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады;
4) Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтын қозғалысы т. б.) толықтырылады;
Слайд 17Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері.
Слайд 18 Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
1) Монолог сөз үнемі белгілі
жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;
2) Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің магыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);
3) Монолог сөз мәнерлі, өсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Слайд 19Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі
қозгалыстармен қосарланып отырады. Орындылымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жүртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мүны көмекші қүрал ретінде пайдаланады.
Слайд 20
АКТИВ СӨЗДЕР
ПАССИВ СӨЗДЕР
Ауызша сөйлеуде
Слайд 21 Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер.
Пасив сөздер тілімізде сирек
пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады.
Слайд 22Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер
ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000—7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000—13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000-дай болған.
Слайд 23Сөйлеудің ерекше бір түрі —
ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ
Слайд 24Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру оңайлықпен
түспейді. Жазбаша сөйлеу адам бал асы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде пайда бола бастайды.
Слайд 25Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда
ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, коп ойланып, толганады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын.
3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр созін ойлап қүрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқанда-рына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т. б.
Слайд 26Сөйлеудің жеке бір түрі —
ішкі сөйлеу.
Слайд 27Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады.
Слайд 28Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз
тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау өрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталган.
Слайд 29Ішкі сөйлеу жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: "Бес жастағы баланың
ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын" .
Слайд 30Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез
оз ойлауының мазмүнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сойлеуге үзақ түжырым жасап жатудың қажеті де болмайды.
Слайд 33 ЖАУАПТАРЫ
Ойлау
Ашу
Түсінік
Тұлға
Сөйлеу
Аналогия
Индукция
Слайд 35Мінезіңіз қатты ма әлде жұмсақ па?
Оны анықтау үшін американдық психолог Томас
Грининг ойлап шығарған тесттен өтіп көріңіз.
Төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
Слайд 36Негізінде адамдар жақсы әрі мейірімді.
Әрдайым дауды шиеленістірмей, басып тастауға тырысу керек.
Егер
біреу титығыңызға тиіп жатса, сабырға келіп, өзіңізді ұстаған жөн.
Құттықтау хаттарын арнайы сатып алу – жай ғана керексіз шығын.
Айыптыға берілген жаза көптің алдында жүзеге асырылуы тиіс.
Біреуге кек сақтап жүргеннен гөрі тез кешіре салып, бәрін тез ұмытқан жөн.
Балаларды мақтай бермей, тәртіпке салу қажет.
Сыйлықты алғаннан берген көңілге жағымдырақ.
Досыңның қатерлі ауруға шалдыққанын естіген қомақта қаржыдан айрылғаннан ауыр.
Дауласудан гөрі дереу келісе салған артық.
Кейде өз дегеніңізге жету үшін біреулерді ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Слайд 37Ұпайлар
3,4,5,7,11 санды тұжырымдармен келіскен болсаңыз, әр жауапқа 1 ұпайдан есептеңіз.Ал егер
осы сұрақтарға теріс жауап берсеңіз, ұпай саны 0. Және керісінше, 1,2,6,8,9,10 сұрақтарға теріс жауап берсеңіз, әр жауапты 1 ұпай деп санаңыз.
Нәтиже
0-4 ұпай. Шамадан тыс жұмсақ адамсыз. Көнгіштігіңіз сізді әлсіз адамдай көрсетеді, және адамдар осы қасиетіңізбен пайдалануы мүмкін. Кішкене қаттырақ болу үшін өзіңізді кейде өзімшіл болған пайдалы екендігіне сендіріңіз.
5-8 ұпай. Сіз керек жерде жұмсақ немесе қаттырақ бола алатын жағдайға қарай икемді адамсыз. Өз дегеніңізге беріктігіңізге қарамастан, сезімталдығыңызбен тартасыз.
9-11 ұпай. Сіз өте қатты адамсыз. Мұныңыз кейде адамдарды сізден алыстатады. Жұмыстағы қатаңдығыңызды жақындарыңызбен қарым-қатынаста көрсетпегеніңңіз абзал. Осыны естен шығармаңыз. Өзіңізді өзгелердің орнына қойып көруге тырысыңыз.
Слайд 39Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек.Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз
жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенің тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып дәл осылай қиялдаңыз немесе ұйықтар алдына тіпті күні бойы осылай армандаңыз». Енді бір оқушы сыртқа шыға тұрсын, ал, сіздер балалармен қенесіп алып, қандай да бір сүретті алып тастай тұрасыз, т.б. Енді сыртта тұрған бала шақырып аламыз, ол адам мына жерде не жетіспейтінін айтыу керек
«Кім жоғын тауып ал»
Слайд 40Топтың мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап дөнгелене тұрады да, ыңылдау арқылы кез –
келген нота бойынша әндете бастайды. Осылайша олар бірте – бірне дөнгелектің ортасына бір – біріне жақындай қозғала бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысу керек. Тек сол кезде ғана олар бір – біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі – ойыншылардың хормен әндетуі
Егер тренинг кезінде ойыншылар шаршай бастаса, осы жаттығуды орындату керек.
«Бірге ән айту» жаттығуы.
Слайд 41Бұл ойынды балалар стол басына келгенде ұсынуға болады. Біріншіден, үстөлде сүреттер
жатыр не бар, соны зейін қойып, карап алыңыздар және естерінде сақтандар деп ескертуіміз керек Мысалы: жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ
баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды, балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді» - деген.
«Не жетіспейді?»