Слайд 1Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесінің рөлі
Слайд 2Кіріспе
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті
маман дайындау. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемелекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім жүйесін қолдана отырып білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі, оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі – терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы және білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің арттыру жұмыстары қолға алынуы тиіс. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагог қауымның ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына , жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасай отырып еліміздің білім рейтенгісі мен тартымдылығын арттыруға ат салысуы тиіс
Слайд 3Зерттеу мақсаты:
Өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін , өз жолын дұрыс таңдай
білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау.
Слайд 4Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар
қалып отыр:
Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.
Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін жүйенің сақталуы.
Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Слайд 5Жапония елінде – оқу жылы сәуір айында басталады және ол триместрлерге
бөлінген. Бірінші триместр 20 шілдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екінші триместр 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, ал үшіншісі қантар-наурыз айлары аралығында болады. Бір сыныптан басқа сыныпқа ауысу бір апталық көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі.
Слайд 6Чехияда демалыс қыс және жаз мезгілінде болады. Жазғы демалыс 2 айға
созылады.
Чехия мектептерінде бағалау бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі, алайда, бір қызығы «бестік» ең төмен көрсеткіш болып саналады, ал «бірлік» керісінше-үздік баға.
Слайд 7Финляндияда егер оқушының сабақ айтуға ниеті болмаса, оны шақыруға болмайды. Бұл
елде оқушының өз сыныптастары алдында кемшіліктерін көрсету тиімсіз болып есептеледі.
Финдық мектептерді оқушыларды жауапкершілікке үйретеді және нашар оқитың оқушыларды басып тастамайды. Олардың ойынша егер оқушы табиғатынан сабақ оқуға ынтасы болмаса яғни ол оқушы сабақтан басқа мыс спортқа немесе өнерге бейім оқушы деп есептейді.
Финляндия мектептерінде оқушылар әр сабақтан соң далаға шығуға міндетті.
Слайд 8Швецияда мектеп директоры оқу жылының аяқталуын күтпей-ақ, дарынды оқушыны келесі сыныпқа
ауыстыра алады, бірақ ол үшін ата-ананың рұқсаты қажет
Слайд 9Норвегия мектептерінде оқушылар жас мөлшеріне қарай бірнеше топқа бөлінген-бастауыш сыныптар, 14
жастағы жасөспірімдер және 18-дегі жастар. Бір қызығы, олардың бәрі әр ғимаратта білім алады.
8-сыныпқа дейін Норвегия мектептерінде оқушыларға баға қойылмайды.
Слайд 11Америка мектептерінде оқушылардың барлығы бір жүйе бойынша оқымайды, олар өздеріне ұнаған,
өзінің мамандықтарына жақын курстар мен сабақтарға барады. Әр оқушының өз сабақ кестесі болады. Әр курста оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты баллдар беріледі, сол бойынша 12сыныпқа дейінгі жиналып келген балдар жиналып колледждерге таратылады. Сөйтіп оқушы мектеп бітірмей жатып колледжге түскендігі жөнінде шақырту алады. Жоғарғы оқу орындары америкада ақылы болғаныменде студенттердің бүкіл жағдайы жасалынған. Егер студент оқуның ақшасын төйлей алмай қалғаг жағдайда болса онда оқу орны ол студентке ссуда береді. Яғни ол колледжға ақша төлемей 4 жыл оқып оны бітірген соң тұрған жұмысының еңбек ақсының белгілі бір мөлшерін колледжге беріп тұрады. Осы бойынша студент оқуның ақшасын 30жылға дейін төйлей алады.
Слайд 13Сингапурда білім берудің ерекшеліктері оқытылудың екі тілде жүретіңдігі, ағылшын тілі, математика
және ғылым негіздері сабақтарын тереңдетіп оқытатыңдығы, техникалық жағынан күшті дамыған,ақшалай жағынан да қаржыландырылғандығы.
Сингапурда ең бастысы білім болып саналады, өйткені білім оларға бүкіл өмір жолы бойы керек болады. Біліміне байланысты оқуға түседі және сол бойынша жұмысқа да алынады.
Слайд 15
Әлем елдеріндегі білімнің азығы – Сингапур, Жапония, Финляндия елдерінің білім
жүйесіндегі ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырар болсам, білім сапасын көтеру мәселесі қарастыралатынын көруге болады.
Слайд 16Сингапурда әр оқушының бейім-қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі. Білімнің даму сатысында
адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған , негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көсбасшыларды тәрбиелеуге арналған.
Слайд 17Жапон елінің білім жүйесінің ерекшелігіне көңіл аударғым келеді. Жапон елінде балалар
қиындықтарды өздері шешеді. Олардың бар қиындықтары оқуда ғана, сондықтан олар емтихан арқылы өзінің орнын анықтайды. Жапон елінде оқу-тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуына бағытталған және әр бала міндетті спорт түрлерін игеруі, олардың салауатты өмір салтына бейімдеуі мектеп жасынан басталады екен. Білім алуында иероглифтары өте көп, сонымен қатар білімді игеруде қиын, көбінесе жаттанды білімге көп көңіл бөлінетіні байқалды.
Слайд 18Әлемдегі білім беру жүйесі ең үздіктері\ қатарында Финляндия елі. Оқушыға, мұғалімге
және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі, білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған, бағалаудың әр түрлі әдістерін пайдаланады. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие берілу керек