Слайд 1Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«№17 жалпы орта білім беретін мектеп»
Коммуналдық мемлекеттік
мекеме
Қалай мултьфильм жасауға болады?
Мультфильм жасаудың алғашқы қадамдары
Семей, 2016 ж.
Орындаған: Нургалиев Нұржан
Әсетқазыев Алихан,
4 «А» сынып оқушысы
Мұғалім: Секетаева Толқын Муратовна
Слайд 2Мультфильм – бұл таңғажайып оқиғалар!
Мультфильм – бұл күлкілі оқиғалар!
Мультфильм – бұл…керемет!!!
Барлық балалар мультфильм көргенді ұнатады, маған да мультфильм көрген ұнайды. Көп мультфильм көргенім сонша, тіпті санын да білмеймін.Бірақ оны қалай жасап, түсіретінін білмейді екенмін. Бір күні «Машина-2» мультфильмін көрген соң ойландым. Ол қалай түсіріледі? Оны кім жасайды? деген көптеген сұрақтар төңірегінде ойландым. Бұл сұраққа жауап таба алмай, достарымнан сұрадым. Бірақ олар да бұл сұраққа жауап бере алмады.
Менің тағы бір түсінгенім, достарым осы мультфильм көруге күнде 15 минуттан бастап, 1 сағатқа дейін уақыт бөледі екен. Бірақ олардың көбіне дерлік оны қалай түсіретінін білмейді екен.
Слайд 3
Біз кітапханаға барып ізденіп, мәліметтер жинақтай
бастадық. Бір сөздіктен біз «Мультиктер, мультфильмдер» - бұл бір түбір сөзден шыққан, латын сөзінен шыққан «жан», «жандандыру», «жан бітіру» деген мағыныны беретінін білдік.
Менде мынындай ой пайда болды:
Суретке қалай жан бітіруге болады? Оны қалай жүзеге асырамыз? Бұл қиын ба, әлде оңай ма??? Осылайша іздене бастадық.
Слайд 4 Бізің жобамыздың мақсаты:
өз мультфильмімді құрастыру
Болжау:
Біз мульфильмді тез жасай
саламыз
деп жоспарладық
Слайд 5Осы мақсаттан мынандай
міндеттер туындады:
Сыныптастарымның пікірлерін тыңдау.
Мультфильмнің шығу тарихын зерттеу.
Мультфильмнің
қандай технология арқылы жасалатынын білу.
Өз мультфильмімді жасау үшін әдіс тәсілдерін меңгеру.
Слайд 6- Пікірлерін тыңдау;
- Әдебиеттерді қарастыру;
- Видео фильмдер көру;
- Жай мульфильмнің жасалу
технологиясын меңгеру;
- Өз мультфильмімді түсіру;
- Түсірілген фильмге қорытынды жасау;
Зерттеу жұмысымда мынандай әдістерді қолдандық
Слайд 7
Зерттеу жоспарын құрастырдық:
-Мультфильм туралы барлығын білу; - - -Мульфильмнің жасалу
технологиясын меңгеру;
- Мультфильм технологиясы бойынша түсіріп көру;
- Жинақтаған іс тәжірибеміз арқасында өз мультфильмімізді құрастыру;
Слайд 8Кітаптардан оқып білгеніміз, 1877 жылы 30 августе суретті мультфильмнің туған күні
екен.
Францияда инженер Эмиль Рено көрермендерге алғашқы прак-си-но-скоп («оптикалық театр») көрсетті.
Слайд 91898 жыл — Джеймс Стюарт Блэктон — Джеймс Стюарт Блэктон және Альберт Э. Смит
— Джеймс Стюарт Блэктон және Альберт Э. Смит алғашқы мультипликациялық қуыршақ «Цирк лилипутов»деген фильмі түсірілген.. Фильмде ағаш ойыншықтар қолданылған.
1908 жыл — француздың суретші Эмиль Коль графикалық мультфильмді ойлап табады.Жеке сурет салу арқылы камерамен түсіріп, суреттерді бір-бірімен байланыстырады. Ол алғаш рет екі минуттық «Фантасмагория»атты үнсіз мультфильмі дүниеге келеді.
Бұл анимациялық фильм болып көпшіліктің есінде қалады, мұндағы бас кейіпкер Фантошаның өзіндік мінезімен есте сақталады.
1910 жыл — Владислав Александрович Старевич – дарынды ресейлік режиссёр және оператор - дүние жүзінде алғаш рет анимациялық «Прекрасная Люканида, или Война усачей с рогачами» атты фильм түсіреді.
Слайд 101928 жыл — Уолт Дисней түсірген — деп аталатын фильмдер дүниеге келе бастайды.
1932
жыл —Алғаш түрлі түсті анимациялық фильм «Цветы и деревья» дүниеге келеді.
1936 жыл — СССР –де алғаш «Союзмультфильм» киностудиясы дүниеге келеді.
1937 жыл — Уолт Дисней алғаш өзінің қысқа метражды анимациялық фильмі — «Белоснежка и семь гномов — Уолт Дисней алғаш өзінің қысқа метражды анимациялық фильмі — «Белоснежка и семь гномов» ағайынды — Уолт Дисней алғаш өзінің қысқа метражды анимациялық фильмі — «Белоснежка и семь гномов» ағайынды Гримм ертегісі. «Белоснежка»атты фильмдері үлкен табыс әкеледі: 8 милл. доллар әкеліп,әлемді бір дүр сілкіндіреді.
Слайд 11
«Суретке жан бітіру» жолдары
Мен бірнеше әдістерін үйрендім:
Ертеден келе
жатқан қарапайым жолы – әр беттің шетіне сурет салып, бетті жылдам қозғалту арқылы суретті қозғалысқа келтіру болды. Сонда суретке жан бітіп қозғалды.
Слайд 12
«Сиқырлы қимылдар»
Екі бірдей қатты қағаз аламыз. Бірінші бетке бір сурет (аквариум),
ал екінші бетке басқа заттың (балық) суретін саламыз. Екі суретті бір -біріне жабыстырып, ортасынан қарындаш сиятын орын қалдырамыз. Енді ортасына қарындаш салып алдыға-артқа қозғаса, екі сурет бірігіп аквариумдағы балық суреті шығады.
Ал тордағы құсты қарындаш арқылы емес, керісінше оған екі жіп қолданамыз. Жіпті шеңбер тәрізді жылдам қозғаса, екі сурет біреу болып шыға келеді. 19 ғасырда бұны тауматро́п (грек тілінде θαῦμα —таңғажайып және τροπή —айналдыру) қызықты ойыншық деп атаған.
Слайд 13«Мультиктер»
Менің анам мектепте оқып жүргенде өзінің сыныптастарымен осындай суреттер салған.
Оны мен анамнан естіп, сұрастырып, анимацияның жасалу жолын түсіндірді. Мысалы, блоктоттың бір бетіне кеменің суретін салып, екінші бетіне дәл сол жерге кеменің суретін түтінімен салуды үйретті. Бірінші беттегі сурет бірдей болу үшін, терезенің шынысына қойып бастырамыз. Енді бірінші беттегі суретті қарындашқа орап, жылдам-жылдам қозғаймыз-сонда кеме жүзіп келе жатады да, мұржасынан түтін шығады.
Слайд 14Мультфильм түрлері
Жасалу жолына қарай:
Құммен анимация жасау - ұсақ
заттар қосу арқылы (себілген құм, тұз, кофе) бұларды шынының үстіне жұқа қылып жаямыз да бір қозғалып тұрған суретке келтіреміз.(мұны қолмен істейміз немесе қылқалам көмегімен).
Ермексазбен анимация жасау- бұл анимацияның түрі, мұнда бір затты жасап қимылға келтіріп, фильмге түсіреді.
Қуыршақтан анимация жасау—мультфильм түсірудің бір әдісі. Мұны түсіруде қуыршақ-актерлерді қолданамыз.
Компьютерлік анимация жасау- мұнда арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен түсіреді.
Сурет салу арқылы анимация -бұл да мульфильм түсірудің бір түрі.Мұнда жылтыр беттерге кейіпкерлердің суреттерін салу арқылы жүзеге асырылады.
Слайд 15Қажет құрал-жабдықтар:
Цифрлы фотоаппарат
штатив
Жарық түсіретін лампа
компьютер
Слайд 16Ары қарай мультфильм түсіруге көштім:
Бірінші анимациялық мультфильмімді тақтаға сурет салып түсіруден
бастадым, бұған тек фотоаппарат қажет болды. Оны штативке немесе орындыққа бекіту арқылы бірдей кадрлар жасау керек. Енді бастауға болады. Бірінші фигураны саламыз-оны суретке түсіреміз. Артық суретті өшіріп, келесі суретті тақтаға салып, тағы суретке түсіреміз. Одан кейін түсірген суреттерді жинап, комьютерлік бағдарлама арқылы анимация жасаймыз.
Слайд 18Түсірген суреттерімді жинақтап, компьютер көмегімен өңдеуге анам көмектесті. Арнайы "Киностудия" программасымен
суреттерді қойып, музыка арқылы қимылдауды үйрендім. Анамнан көп нәрсе үйрендім.
Слайд 19
Мультфильм түсірудің оңай емес екенін түсіндім! Бір минуттық
мультфильм түсіру үшін 200 кадр сурет керек екен...Кейіпкер қимылына жан бітіру үшін тез қимылдату қажет, яғни секундына - 24 кадр!
Слайд 20 - Осы жобаны жасау барысында түсінгенім, мультфильм түсіру
оңай емес. Оны көру барлық балаларға ұнайды, ал оны түсіру үлкен еңбекті қажет етеді.
- Мультфильм түсіру бір адамның қолынан келмейді, оны көп адамның шығармашылығымен түсіретінін білдім.Өте көп еңбек пен уақытты қажет етеді!
Қорытынды