қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Сіз кең жайлауда келе жатырсыз, даланың жылы самал желі сіздің бойыңды ерекше сезімге бөлегендей, мұрныңызға жасыл шөптің, әртүрлі гүлдің жұпар исі келіп, осы бір тамаша ауаны тереңірек жұтып, рахаттана демаласыз. Кенет алдыңыздан әдемі киіз үйді көрдіңіз. Жайлап есігін ашып, ішіне ендіңіз. Жарасымын тауып орналасқан жиһаздар, жерге жайылған түрлі-түсті кілемдер осылардың барлығын бұрышта тұрған компьютер сәнін келтіріп, сізді қуанышқа бөлейді. Шаңырақтан төгілген күн шуақтары да сізді бір ерекше жылылыққа бөлейді. Осындай ғажайып күй кешіп тұрып, сіздер өздеріңіздің жақындарыңызды іздейсіздер. Сіздердің ата-аналарыңыз, туыстарыңыз, достарыңыз, сіз оларға жылы сөз айтқыңыз келеді, ол сөздер сіздің жүрегіңізден нұрлана шығып, аузыңыздан гүл болып төгілгендей. Іштей махаббатқа толы жылы да сыпайы сөздерді қайталаймыз. «Мен нұрлы жүректі адаммын, сондықтан да тек қана жылы сөздер айта алуым керек, бұл маған бақыт сыйлайды» деп. Осындай жайлы күйде отыра тұрыңыз, өзіңізді әлемдегі ең бақытты, сыйлы адам ретінде сезініңіз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рақмет.