Слайд 1Сабақтың тақырыбы: Шартты ықтималдық. Тәуелсіз оқиға
Мырзахметова Баян Сейдахметовна
Слайд 2Сабақтың мақсаты: Шартты ықтималдық. Тәуелсіз оқиға туралы мағлұмат беру.
а)Білімділік: Үйлесімсіз оқиға,
тәуелсіз оқиға, тәуелді оқиға, шартты ықтималдық ұғымдарымен таныстыру, оларды қолданып есептер шығарту.
ә) Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетінарттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
б)Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа
ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Слайд 3Өткенді қайталау.
Тәжірибе, оқиға, кездейсоқ оқиға жиілігі, ықтималдық статистика, статистикалық
мәліметтер, басты жиынтық, таңдау, статистикалық қорытынды.
Слайд 4Жаңа сабақ.
1-анықтама. Тәжірибе барысында екі оқиғаның біреуі екіншісінің орындалуын жоққа шығарса,
онда мұндай оқи,алар үйлесімсіз деп аталады
Слайд 51 теорема. Үйлесімсіз екі оқиғаның кез келген біреуінің орындалуының ықтималдығы осы
оқиғалардың ықтималдықтарынң қосындысына тең. Р(А+В)=Р(А)+Р(В)
Слайд 62-анықтама. Бірінші оқиғаның ықтималдығы екінші оқиғаның пайда болуына байланысты болатын екі
оқиғаны тәуелсіз оқиғалар деп атайды.
Слайд 73 –анықтама. Бір тәжірибенің қорытындысы үшін топтың тек қана бір оқиғасы
болатын А 1, А 2,...,Аn оқиғалар жүйесі оқиғалардың толық тобы деп аталады.
Слайд 82 теорема. Толық топтың оқиғалар саны 1-ге тең.
3 теорема. А және
В тәуелсіз оқиғалардың бірдей орындалу ықтималдығы осы оқиғалардың көбейтіндісіне тең: Р(АВ)=Р(А)*Р(В)
Слайд 94-анықтама. Бір оқиғаның орындалуы екінші оқиғаға тәуелді болатын оқиғаларды тәуелді оқиғалар
деп атайды.
Слайд 10Анықтама
5 –анықтама. А оқиғасы орындалғаннан кейін анықталған В оқиғасының ықтималдығын Р
А(В) шартты ықтималдық деп атайды
Слайд 114 – теорема. Тәуелді екі оқиғаның орындалу ықтималдығы бірінші оқиғаның ықтималдығын
бірінші оқиға орындалғаннан кейін анықталған екінші оқиғаның шартты ықтималдығына көбейткенге тең Р(АВ)=Р(А)*Р А(В).
Слайд 12№400.Нысана (І) дөңгелек және (ІІ жәге ІІІ) екі сақинадан құралған үш
концентрлік дөңгелектен тұрады. І, ІІ және ІІІ аймақтарға түсу ықтималдықтары сәйкесінше 0,45; 0,30; 0,15. Оның нысанаға тию ықтималдығын анықтаңдар.
Слайд 13Есеп
Шешуі: Осы аталған үш аймақтың әйтеуір біреуіне тисе нысанаға тигені, сондықтан
нысанаға тигізу оқиғасы І, ІІ және ІІІ аймақтарға тигізу оқиғаларының қосындысын береді. Әрі бұл оқиғалар үйлесімсіз болғандықтан әр оқиғаның ықтималдықтарының қосындысына тең болады: 0,45 + 0,30 + 0,15 = 0,9
Жауабы: 0,9
Слайд 14Есеп
Күннің ашық болу ықтималдығы р = 0,75. Күннің бұлтты болу ықтималдығын
табыңдар
Слайд 15Шешуі: Күннің бұлтты болуы болу оқиғасы күннің ашық болу ықтималдығына қарама
қарсы оқиға, Р(А) = 1 – Р(А) = 1 – 0,75 = 0,25
Жауабы: 0,25
Слайд 16Университеттің сырттай оқу бөліміне бақылау жұмыстары А, В және С қалаларынан
келіп түседі. Олардың А қаласынан келу ықтималдығы 0,6, В қаласынан келу ықтималдығы 0,1. Кезекті жұмыстың С қаласынан келіп түсу ықтималдығын табыңдар.
Слайд 17Шешуі: Университетке бақылау жұмыстары тек осы үш қалалардан келетіндіктен, бұл оқиғалар
бірігіп толық топ құрайды. Р(А), Р(В), Р(С) – сәйкесінше бақылау жұмыстары А, В және С қалаларынан келіп түсу ықтималдықтары болса, Р(С) = 1 – (Р(А) + Р(В)) = 1 – (0,6 + 0,1) = 0,3
Жауабы: 0,3
Слайд 18Есеп
. Екі ойын сүйегі лақтырылған. Түскен сандардың қосындысы бестен артық болу
ықтималдығы қандай?
Слайд 19Есеп
Шешуі: Әр ойын сүйегінің алты қыры бар, барлық мүмкін болатын оқиғалар
саны әр қырға екінші ойын сүйегінің алты қыры сәйкес келе алатындықтан 6*6 = 36 болады, яғни n = 36. Түскен сандардың қосындысы бестен артық болу оқиғасына қарама-қарсы оқиға - түскен ұпайлар қосындысы бестен кіші не тең болуы. Қарама-қарсы оқиғаның ықтималдығын қолданып тура оқиғаның ықтималдығын табу оңай. Ұпайлар қосындысы бестен кіші не тең оқиғаларды анықтайық:
1) 1 + 1; 2) 1 + 2; 3) 2 + 1; 4) 1 + 3; 5) 3 + 1; 6) 1 + 4; 7) 4 + 1; 8) 2 + 2; 9) 2 + 3; 10) 3 + 2. Қарама-қарсы оқиғаны қанағаттандыратын он жағдай бар, яғни m = 10. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы бойынша . Сонда ізделінді оқиғаның ықтималдығы: Р(А) = 1 – Р(А) =
Жауабы: 0,72
Слайд 20Рефлексия
Сабақты бекіту кезеңі:
Тәуелді оқиғаның тәуелсіз оқиғадан қандай айырмашылығы бар?
Слайд 21Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?
2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
Слайд 22Стикердегі жазу
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз
жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.