Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Л/Т:жүрек.Омоним.
Слайд 2
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жүрек құрылысы,
жүрек аурулары туралы білімдерін кеңейте отырып, жүрек туралы танысу, өз ойларын еркін жеткізу, өз бетімен жұмыс істей білу, жай сөйлем туралы білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін ояту арқылы өз мамандығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау, шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Слайд 4Ә.Иманбекова, Г.Имантаева,Ә.Әмірова. «Қазақ тілі» Алматы 2008
86-бет мәтінді мазмұндау.
90-бет 7-тапсырма орындау.
,, ,,,,,
,,,,,, , ,,
Слайд 6Қалай ойлайсыздар ? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Слайд 7Cабақтың тақырыбы:Жүрек –қан тамыр аурулары.
Слайд 8“Жүрек” сөзін естігенде қандай ассоциация туады?
Слайд 12Жүрек (лат. сог, грекше сагсіа) - қалың жолақты еттен тұратын төрт
қуысты, үлкендігі адамның жүдырығындай (250— 300 г) жұмыр ағза. Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан.
Слайд 15Жүректің жиырылуы систола, босауы диастола деп, ал систола мен диастолара кететін
мерзім жүрек қызметінің айналымы (циклы) деп аталады.Айналым уақыты жүрек соғуынын, жиілігіне байланысты. Айналым кезінде жүрекше мен қарынша белгілі бір тәртіппен (ретпен) жиырылады. Жүрек жиырылған сәтте ондағы қанның қысымы көтеріледі.
Слайд 16Қандай Медициналық терминдер білдіңіздер?
Слайд 18 Жүрек – қан тамырлары ауруларын зерттеп, емдеумен медицина арнайы бөлімі
- кордиология шұғылданады.
Мәтінмен жұмыс.Жүрек
Слайд 19Жүрек – қан тамырлар жүйесі кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады.
Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 г., ұзындығы 12-15 см –ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8-10 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады. Жүрек бірнеше қабаттан тұрады.Бірінші қабаты өте жұқа қабықшаэпикард деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады
Слайд 20
Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша,екі қарынша. Құлақша
мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.
Жүректің жұмысы өте күрделі. Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.
Слайд 21
Ересек адамның жүрегі минутына 70-75 рет жиырылып босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы
немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.
Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты. Адам ұйықтағанда жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады.
Слайд 22Сурет бойынша медициналық терминдерді қолданып, жүректің құрылысына мәтін жазыңыз.
Слайд 23Қалып қойған сөздерді жазыңыз.
Жүрек ------- қуысының сол жағына жақын орналасады.
Жүректің массасы
мен өлшемдері кейбір ауруларда (--------------) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады.
Бірінші қабаты өте жұқа қабықша-------- деп аталады.
Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады. Мұны ----------- деп атайды.
Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны --------- дейді.
Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: ----------,--------.
Құлақша мен қарыншалар ------------ арқылы байланысады.
Слайд 24Жаңа сөз тіркестерді меңгеру.
туа пайда болған-врожденный
тарылу-сужение,
зақымдану-поражение ,
жүрек
инфаркті-инфаркт сердца,
өкпе арқылы-через легкие,
жүрек тұсы-область сердца,
жүрек қақпағы-клапаны сердце,
қан тамырының тарылуы-сужение кровеносных сосудов,
қан айналымының төмендеуі- снижение кровообращения,
жүректің демікпелі ұстамалы ауруы-стенокардия.
Слайд 26
5-тапсырма.Орыс тіліне аударыңыз.
Жүрек кеуде қуысының сол жағына жақын орналасады. Ересек
адамның жүрегінің салмағы 250-300 г.Жүрек бірнеше қабаттан тұрады.Бірінші қабаты өте жұқа қабықшаэпикард деп аталады. Екінші қабаты бұлшық еттен тұрады. Мұны миокард деп атайды. Үшінші қабаты жүректің ішкі жағы, оны эндокард дейді. Бұл қабаттың астында өте көп жүйке талшықтары орналасады.Адамның жүрегі төрт бөліктен тұрады: екі құлақша,екі қарынша. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады: құлақшаның жиырылуы, босаңсуы және үзіліс.
Слайд 29Жүрек қайда орналасқан?
Жүректің массасы мен өлшемі қанша?
Жүрек неше қабаттан тұрады?
Миокард дегеніміз
не?
Эндокард дегеніміз не?
Адамның жүрегі неше өліктен тұрады?
Жүрек жұмысы не неше кезеңнен тұрады?
Слайд 30Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі
адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке-жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішін де жүрекке билет»....
Слайд 32
\
Пайдалы кеңестер:
Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамында алма, апельсин, лимон
сынды жемістер бар. Мысалы: алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдің көбеюіне қажет болса, апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақсартады. Цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып, серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін.
Слайд 33
Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын
«5» - апельсин - тәтті
«4»
- алма – қышқыл
«3» - лимон – ащы
Слайд 34
Үйге тапсырма:
Ә.Иманбекова, Г.Имантаева, Ә.Әмірова. «Қазақ тілі»
Алматы 2008 93-бет мәтінді мазмұндау.
97-бет
7-8-тапсырма орындау.