Презентация, доклад на тему Жоба тақырыбы әдістемелік презентация

Мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту бойынша мектепті басқарудың негіздері мен бағыттарын айқындау арқылы басқару үлгісін қалыптастыру.

Слайд 1Тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептегі басқару үлгісі
Орындаған:

  Макулова Анар
Ш.Уәлиханов атындағы ЖОМ Бәйдібек ауданы

Тақырыбы: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептегі басқару үлгісіОрындаған:   Макулова АнарШ.Уәлиханов атындағы ЖОМ Бәйдібек

Слайд 2 Мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту бойынша мектепті басқарудың негіздері мен

бағыттарын айқындау арқылы басқару үлгісін қалыптастыру.
Мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту бойынша мектепті басқарудың негіздері мен бағыттарын айқындау арқылы басқару үлгісін қалыптастыру.

Слайд 3 Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шағын жинақталған мектепті басқарудың ұлттық

заңнамалық негіздерін айқындау;

Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шағын жинақталған мектепті басқарудың үлгілерін жүзеге асыру тетіктері.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында шағын жинақталған мектепті басқару қызметінің бағыттарын белгілеу;

Міндеттері

Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шағын жинақталған мектепті басқарудың ұлттық заңнамалық негіздерін айқындау;Білім беру мазмұнын жаңарту

Слайд 4 Бірінші кезекте «Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы білім

беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 92 бұйрығының [1] мазмұнына назар аударайық. Бұл ретте, аталған бұйрықтың 20-қосымшасы «Шағын жинақты мектептің директорларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің білім беру процесін басқару» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы» деп аталған.

Кіріспе

Бірінші кезекте «Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру

Слайд 5 Онда бұл бағдарламаның жалпы мазмұны «Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері», «Күтілетін нәтиже»,

«Бағдарлама мазмұны», «Білім беру процесін ұйымдастыру», «Білім беру процесін жүзеге асыру формалары мен әдістері», «Оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері» және «Ұсынылатын әдебиеттер» деп аталған бөлімдерден тұрады. Біздің жобамыздың тақырыбы бұл бағдарламаның 5-бөлімі, яғни «Білім беру процесін ұйымдастыру» бөлімі мазмұнында бекітілген. Бұл жағдай аталмыш тақырыпты ары қарай өрбітіп жазуға мүмкіндік деп санаймыз.
Онда бұл бағдарламаның жалпы мазмұны «Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері», «Күтілетін нәтиже», «Бағдарлама мазмұны», «Білім беру процесін ұйымдастыру»,

Слайд 6 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының

1-бабының 58-тармағында «шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп» [2] делінген анықтама бекітілген. Сонымен қатар, осы заңның 31-бабының 2-тармағының мазмұнында «Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады» [2] делінген нормалық анықтама бар. Бұдан бөлек, жоғарыда аталған заңның 1-бабындағы 9-1)-тармағында «білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі» [2] деген анықтама белгіленген. Бұл анықтамаларды тілге тиек етіп жазуымыздың
негізгі себебі ретінде, жоба атауындағы негізгі кілт сөздердің
анықтамасын айқындау болып табылады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 1-бабының 58-тармағында «шағын жинақты мектеп -

Слайд 7 Ендігі кезекте «білім беру мазмұнын жаңарту» деген сөйлемді талдау жобаның ары

қарай мазмұнын толықтыра түседі деп есептейміз. Осы орайда, «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығындағы 19-қосымша [3] мазмұнына назар аударуды жөн деп есептедік. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады.
Ендігі кезекте «білім беру мазмұнын жаңарту» деген сөйлемді талдау жобаның ары қарай мазмұнын толықтыра түседі деп есептейміз.

Слайд 8 Аталған бағдарламаның міндеттері мынадай мазмұнда қамтылып жазылған:
1) жаңартылған білім беру

бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2) жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді және оқу материалдарын түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3) критериалды бағалау жүйесін түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;

Аталған бағдарламаның міндеттері мынадай мазмұнда қамтылып жазылған: 1) жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу

Слайд 95) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді және оқу

материалдарын түсінуін және қолдана білуін және орта білім беру бағдарламасын жаңарту жағдайында мұғалімдер ұжымына қолдау көрсетуін қамтамасыз ету [3]. Әлбетте, бірінші кезекте шағын жинақталған мектеп басшысы әуелі өзінің білімін жетілдіру арқылы мектеп ұжымын басқару тиімді әрі сапалы болады деп санаймыз.
5) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді және оқу материалдарын түсінуін және қолдана білуін және

Слайд 10 Білім беру мазмұнын жаңғырту бойынша шағын жинақталған мектепті басқарудың үлгілерін жүзеге

асырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде «Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысында 3 басымдық белгіленген болатын: «1-басымдық. Білім беру жүйесін инфрақұрылымдық жаңарту және оны қаржыландыруды жетілдіру арқылы білім беру қызметтерінің жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету, 2-басымдық. Білім беру сапасын арттыру, 3-басымдық. Басқару мен бақылауға қоғамдық қатысу» [4]. Бұл мәселелерді өз кезегінде шешу, әсіресе мектептің инфрақұрылымдық жүйесін жаңарту және оны қаржылдандыру тетіктері мемлекеттің және уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын функцияларға қатысты деп білеміз.
Білім беру мазмұнын жаңғырту бойынша шағын жинақталған мектепті басқарудың үлгілерін жүзеге асырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде «Қазақстан

Слайд 11 Бұл ретте мектеп басшылығы негізгі оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу

және бақылау міндеттерін орындауы тиіс. Ал енді білім сапасын арттыру негізі білім беру ұйымдарына жүктелуі қажет. Ал Үкіметтің аталған қаулысында «2020 жылға қарай білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық кеңестер құрылады. 2030 жылға қарай барлық орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, корпоративтік басқару мен дербестік қағидаттары енгізіледі. Мектептердің дербестігі мен есеп беруі білім беру мен оқытуға қолайлы жағдай жасау үшін көтермелеу белгілеудің шешуші факторларына айналады» [4] делінген нақты сөйлем бар. Демек, бұл жағдай мектеп басшылығы мен ұжымы тек оқу үдерісімен ғана тығыз қатынаста болатындығын байқатады.

Мектепті материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті

Бұл ретте мектеп басшылығы негізгі оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және бақылау міндеттерін орындауы тиіс. Ал

Слайд 12 Сонымен, қорыта айтқанда, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептегі

басқарудың дәстүрлі үлгісінен жаңа кезеңдік сипаттағы басқару үлгісіне өтуге қалыптастыру іс-әрекеттері жасалуда деуге болады.

Қорытынды

Сонымен, қорыта айтқанда, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептегі басқарудың дәстүрлі үлгісінен жаңа кезеңдік сипаттағы

Слайд 13Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть