Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?
Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер:
«Өзіңізге ұнайтынермек іс (хобби) тауып алыңыз», - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді.
Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады?
• Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу,
экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады.
• Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады.
Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.
• Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта
маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б.
• Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз.
• Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен
қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен
өз ойыңызбен бөлісіңіз.
• Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би,
жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына
7
барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып,
жаттығулар жасаңыз.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть