I топ «Әдеп»
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай: - Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз? - деп айтты дейді. Сонда әкім: - Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді
II топ «Мейірімді бала»
Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті. - Тақсыр патшам,- деді қыз,- менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді
III топ «Малды пайдаға жарату»
Бір үйші жұмысымен кеп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады: - Осы сен бай бола тұүрып, малыңды қай жаққа жібересің көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді,- деді. Үйші айтты: - Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін. Көрші: - Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едіқ? - деді. Үйші айтты: - Қарт әке- шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардыд борышымды өтегені емес пе,- деді.»
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть