Презентация, доклад на тему Внекласная работа на темуҚаһарман қызы қазақтың-ХИУАЗ ДОСПАНОВА

“Жүзағаш орта мектеп-бақшасы”КММ Тақырыбы:Қаһарман қызы қазақтың-ХИУАЗ ДОСПАНОВА Кітапханашы.Қалиева Гулниса Асылбековна

Слайд 1


Слайд 2 “Жүзағаш орта мектеп-бақшасы”КММ

Тақырыбы:Қаһарман қызы қазақтың-ХИУАЗ ДОСПАНОВА Кітапханашы.Қалиева Гулниса Асылбековна
“Жүзағаш орта мектеп-бақшасы”КММ    Тақырыбы:Қаһарман қызы қазақтың-ХИУАЗ

Слайд 4Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік

көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да Отан үшін жанқиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отан сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кинодан үзінді, суретт іслайдтар, кітаптар көрмесі, буклеттер, үнтаспа.
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан

Слайд 5Кітапханашы сөзі:
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз.

Соғыс 1941ж – 1945 жылы аяқталды. Бұл сұм соғыс төрт жылға созылды. Осы сәтті сан миллиондаған адамда рминуттап, сағаттап күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Иықтарына қару асынып, Отан үшін от кешіп, жанын пида еткен миллиондаған асыл азаматтар қаза болды. Қаншама ана жарынан аырылып, қаншама бала әкесінен, анасынан айырылып жетім қалды. Ал тылда қалған қарттар, әйелдер, бесіктен белі шықпаған балалар, бірде аш, бірде тоқ күн демей, түн демей еңбектенді. Олардың тілегі орындалды. Себебі олардың Отанға деген сүйіспеншілігі жеңіске жеткізді.
Кітапханашы сөзі:  Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Соғыс 1941ж – 1945 жылы аяқталды. Бұл

Слайд 6Жүргізуші №1: 1941 – соғыс жылы
Июньнің 22 – сіне басқан

күні
Елімді басып алмақ арам оймен
Германның соғыс ашты сұмырай ұлы
Жүргізуші №2: Туған соң қауіп – қатер біздің елге
Жинадық алдырмастан ат пен ерді
Көп жасын Қазақстан жинап алып,
Ленинград қаласына алып келді
Жүргізуші №1: 1941 – соғыс жылы Июньнің 22 – сіне басқан күні Елімді басып алмақ арам оймен

Слайд 7Кітапханашы.«Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, ал жетпеген арманда кетті. Отан соғысында өлгендердің

есімін ешқашан ұмытпайық! Өлгенді ардақтай білген ғана тіріні құрметтей алады», - деп Б. Момышұлы айтқандай біз үшін бейбіт өмір сыйлаған, соғыс құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
(«Священная война» әуеніне кинодан үзінді)
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңменнен не болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде
Кітапханашы.«Жеңіске жеткен қуанышқа кенелді, ал жетпеген арманда кетті. Отан соғысында өлгендердің есімін ешқашан ұмытпайық! Өлгенді ардақтай білген

Слайд 8ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚЫЗЫҚТЫҢ -ХИУАЗ ДОСПАНОВА

ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚЫЗЫҚТЫҢ -ХИУАЗ ДОСПАНОВА

Слайд 9Оқушы №1: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 млн. Халық тұратын еді.

Осы жылдары республикадан еңбек армиясына жеті жүз мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1млн. 900 5

мыңдай адам сапқа тұрды. Олардың ішінде 42508 Атыраулық жауынгерлер және Хиуаз Доспанова да болды.
Кітапханашы. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қаһарман қызы қазақтың» деп аталады, яғни ХиуазДоспанова туралы әңгіме қозғамақпыз.
Оқушы №2: Х.Қ. Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Құрманғазы ауданындағы Зормата ауылында дүниеге келген. Ол өмір жолын Оралдыңа эроклубында бастап, кейін Саратовтағы әскери ұшқыштар училищесінде ұстазы, ұшқыш Марина Раскова басқарған 46- шы гвардиялық полкінің құрамында жүріп 300 ден астам әуешайқастарына қатысқан Х. Доспанова сол кездің өзінде теңдесіз ерліг үшін «қанатты қыз» атанған еді.
Оқушы №1: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 млн. Халық тұратын еді. Осы жылдары республикадан еңбек армиясына жеті

Слайд 10Оқушы №3: Сөйтіп қабырғасы онша қатпағанХиуаз, ұшқыш қыз болып шыға келді.

Ол тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптенс сескенбейтін жүректі батыл, қайсар жауынгер болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын.
Оқушы №4: Хиуаз даңқты ұшқыш М. Раскова жасақтауға кіріскен қыз – келіншектердің авиаполкіне сұранғанда, ол қаршадай қазақ қызының талдырмаш тұлғасына сенімсіздікпен қараса да, жанары оттай жанып, жүрегі тасып тұрған жалынды қызды қабылдамасқа лажы қалмайды. 1942 жылдың көктемінде әуе күштері тарихындағы тұңғыш авиполктің құрамында майданға аттанады. Полктің қаруы «ПО - 2» деп аталатын жеңіл ұшақтардың міндеті – түнде ұшып, алдын ала белгіленген жау күштерін талқандау болатын.
Оқушы №5: Осы Хиуаз апамыз туралы оның құрбысы, звено командирі, Кеңес Одағының Батыры, Марина Чечнева: «Хиуаз – нағыз жау жүрек батыр. Ол өз ұшағын қашанда нысанаға қатесіз шығарып, өз аэродромына жолды жаңылмайта батын. Қашан болсын жарқылдап жүретін» деп жазды естелігінде.
Оқушы №3: Сөйтіп қабырғасы онша қатпағанХиуаз, ұшқыш қыз болып шыға келді. Ол тәртіпті, тапсырманы дәл орындайтын, қауіптенс

Слайд 11Оқушы №6: 2004 жылы 16 – шы қарашада Республикалық «Ана тілі»

газетіндеХиуаз апамыздың ерлігі туралы былай делінген екен.
«21 жастағы қайсар қызХиуазылғи «ПО - 2» аталатын бомбалаушы ұшақпен жау бекіністерінің үстінде жүреді екен. Ылғи түнде ұшады. Бом балаушы ұшақта штурманның атқарар қызметі тым ерекше. Тапқырлық, батылдық, өжеттік керек. Ұшақты «шыңғыртып» отырып аспанға тік көтеріліп, әбден биіктеп алып, лезде жердегі аңға үйілген қарақұс құсап оқыс құлдилап келіп жау бекінісінің, қару – жарақ қоймаларының үстінен ұшақ қанатының астына арнайы тұтқада бекітілген бомбаларды шуылдатып төгіп – төгіп жіберіп, лезде аспанға шығандап қайта көтерілуі үшін қаншалықты тапқырлық керек екенін шамалауға болатын шығар. Немістердің зенитшілері де жарқұл – жұрқыл оқ атып, у – шу күйге түседі, артынша Хиуаз тастаған бомбалардан жаппай отқа оранып, үндері өшеді.»
Оқушы №6: 2004 жылы 16 – шы қарашада Республикалық «Ана тілі» газетіндеХиуаз апамыздың ерлігі туралы былай делінген

Слайд 12Кітапханашы сөзі: Міне өздеріңіз тыңдағандай ұшқыш Хиуаз, құрбыларының арасынан жеке дара

көзге түскен қазақтың қайсар қызы екені біз үшін үлкен мақтаныш. Ол ерлік көрсете жүріп, үш рет ауыр жарақаталып, он төрт рет ұшақпен жерге құлаған.
Оқушы №7: Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған даңқты жерлесіміз 1960, 1963 жылдарда орыс тілінде «Под командованием Расковой», қазақ тілінде «Халқым үшін» деген өзінің жазған кітаптары жарық көрді. 6

ӘкесіҚайырДоспанов, сол кезде партия қызметіне ерте араласып, Орал қаласына қоныс аударуына байланысты Хиуаз туған ауылдан тым бүлдіршін кезінде кетті. Хиуаз апамыз туған жерге оқта – текте соғып кететін. Ол кезде 1950 – ші жылдарда Қайыр ақсақал осындағы «Коминтерн» колхозында басқарма төрағасы болатын. Хиуаз Алматыда партия, комсомол жұмыстарында болды да, анда – санда арнайы келгенде әкеге сәлем беріп кететін.
Оқушы №8: Соғыста сонымен қатар ерлік көрсеткен батыр қыздарымыз Әлия, Мәншүкті де естен шығармауымыз керек. Сонда Батыс өңірінен шыққан екі қыз емес, үш қыз болды. Айырмашылығы Әлия, Мәншүк соғыста 18 – 19 жастарында ерлік пен қаза тапса, Хиуаз апамыз аман – есен елге оралды.
Кітапханашы сөзі: Міне өздеріңіз тыңдағандай ұшқыш Хиуаз, құрбыларының арасынан жеке дара көзге түскен қазақтың қайсар қызы екені

Слайд 13Оқушы №9: Ару қыздар - алаулатып от кешкендер
Сыздап тұр –

ау әлі күн оқ тескен жер
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару қыздар – алаулатып от кешкендер.
Оқушы №10: Сол бір қиын тым сұрапыл шақта олар
Кеудесіне ерлік отын жақты олар
Отан үшін опат болған арулар
Есімдері мәңгі бақи сақталар
Оқушы №11: 70 жыл – бейбіт көктем таңатқалы
70 жыл шуақты күн таратқалы
Есімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары
Талай құс содан бері қайта оралды
Талай бақ әлеміне қағы оранды
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді
70 жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
70 – жыл жауымыздыңа жал оғы
Біздің ел үстімізден ұшпағалы
Оқушы №9: Ару қыздар - алаулатып от кешкендер Сыздап тұр – ау әлі күн оқ тескен жер

Слайд 15Оқушы №12: Барша халық Жеңіс күнін тойлайды
Жас сәбилер думандатып ойнайды


Ардагерлер көздеріне жасалып
Ұрпақтардың амандығын ойлайды
Оқушы №13: Елге қауіп төнбесін
Егестен адам өлмесін
Есен – аман болайық
Енді соғыс болмасын
Өртенбесін туған жер
Өркендесін туған ел
Шайқалмасы асқар бел
Шайқалмасын шалқар көл
Оқушы №14:Қорған болған елімнің елдігіне
Батырлардың бас идік ерлігіне
Ұрпақтары қаһарман батырлардың 7

Тәуелсіздік қамалын көрді міне.
Оқушы №15: Сүйінші, халқым, сүйінші
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете
Жасаған той мереке
Оқушы №12: Барша халық Жеңіс күнін тойлайды Жас сәбилер думандатып ойнайды Ардагерлер көздеріне жасалып Ұрпақтардың амандығын ойлайды

Слайд 16Кітапханашы сөзі: (слайд көрсету) Х. Доспанова Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасып,

аты аңызға айналған қазақтың тұңғыш ұшқыш, офицер қызы. Жауынгерлік ерліктері үшін «ҚызылЖұлдыз», І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қ. Р. – ның Жарлығымен «Халық қаһарманы» құрметті атағын алды.
Осы ретте Н. Назарбаев: «Өз басым осынау ғажайып жанға шынымен – ақ қайран қалам, 20 – ға жетпеген уыздай жас қыз өзі тіленіп майданға аттанып, соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Міне, бұл жеңімпаздардың құрыштай шыңдалған айрықша ұрпағы. Олар бір сәтте тыныш таппай қабырғасы қаңыраған елді көтеруге кірісіп кетті» деген екен соғыс ардагерлерін марапаттау рәсімінде. Бұл сөздерінде қаһарман қыздың бүкіл өмірі жатыр.
Хиуаз әжеміз өзі былай деген екен
«Мендей әжелердің ойы тек отбасы мен Отанының тыныштығы ғана».
Х. Доспанова 2008 жылы 26 мамырда дүниеден озды.
Сөзімнің соңында Кеңес Одағының Батыры Қ. Қайсеновтың мынадай өлең шумақтарымен аяқтаймын. «Соғыс зорапат. Сондықтан дүние жүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді.»
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».
Кітапханашы сөзі: (слайд көрсету) Х. Доспанова Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасып, аты аңызға айналған қазақтың тұңғыш ұшқыш,

Слайд 18
Ешкімде ,ешқашанда ұмытылмайды!

Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні шырағым!

Ешкімде ,ешқашанда ұмытылмайды!Бейбіт күннің бәрі деЖеңіс күні шырағым!

Слайд 19 Ұлы Жеңіске 70 жыл

Ұлы Жеңіске 70 жыл

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть