Презентация, доклад на тему Топтық жұмыстың маңызы тақырыбындағы презентация.

Содержание

Топтау әдістерінің тиімділігіҰтымды жақтарыОқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады Топтық жұмыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алды. Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып

Слайд 1Баяндаманың тақырыбы: топтық жұмысты ұйымдастырудың маңызы

Баяндаманың тақырыбы: топтық жұмысты ұйымдастырудың маңызы

Слайд 2Топтау әдістерінің тиімділігі
Ұтымды жақтары
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды Бір-біріне бар

ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады Топтық жұмыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алды. Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.
Кейбір дағдылар рефлексивтік оқыту тұрғысынан қолданылады. •    Нақты және түсінікті сипаттама •    Белгіленген жорамал мен құндылықтарды мойындау •    Шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау.
Топтау әдістерінің тиімділігіҰтымды жақтарыОқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады

Слайд 3Топпен жұмыс жүргізудің түрлері
Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар. Бірыңғай топтық жұмыс. Сараланған

топтық жұмыс. Эстондық ғалым Х.И. Лийметс топтық жұмыстың төмендегідей принциптерін анықтайды: •    Сынып оқушылары 3 немесе 6 адамнан топқа біріктірілуі керек •    Әр топ  бірығай тапсырмаларды немесе сараланған тапсырмаларды  алып жұмыс жасайды. •    Топ ішінде «көшбасшы», «спикер» «сараптамашылар», «уақыт есептеушілер» жұмыстарын бөліп алады. •    Тапсырмаларды орындау  топ мүшелері бір бірімен пікір алмасады, бірін бірі бағалайды. •    Топта қабылданған шешімдер бүкіл сыныппен талқыланады.
Топпен жұмыс жүргізудің түрлеріТоппен жұмыс жүргізудің екі түрі бар. Бірыңғай топтық жұмыс. Сараланған топтық жұмыс. Эстондық ғалым

Слайд 4Топты іріктеу
Психолог Ю.Н.Кулюткин зертеуі бойынша топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз

керек: оқушылар арасындағы оңтайлы қарым қатынастары мен оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі.Гомогенді және гетерогенді топтар болуы мүмкін. Гомогенді топ дегеніміз бірыңғай жақсы оқитын немесе білім деңгейі бірыңғай төмен оқитын оқушылардан тұрады. Ал гетерогенді топта білім сапасын әртүрлі деңгейде меңгерген оқушылардан тұратын балалар болады.
Топты іріктеуПсихолог Ю.Н.Кулюткин зертеуі бойынша топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар арасындағы оңтайлы қарым қатынастары

Слайд 5Топты білім жетістіктеріне қарай іріктеу
Менің тәжірибемде оқушылардың оқу жетістіктеріне қарай 4

топқа бөлу өз жемісін беруде. Әр сыныпта «үздік оқушылардың» 2-деңгейі, олар мемлекеттік стандартты қосымша күрделі деңгейдегі тапсырманы, оған қосымша шығармашылық тапсырманы орындайтын, мемлекетті стандартты қосымша күрделі деңгейдегі тапсырманы орындайтын және «жақсы оқитын» оқушылардың 2-деңгейі, олар мемлекетті стандартты қосымша күрделігі орташа деңгейдегі тапсырманы орындайтын, мемлекетті стандарттағы тапсырманы ғана орындайтын оқушылар. Күрделі тапсырманы лезде орындаған үздіктер тапсырманы орындауда қиындық көріп отырған топтарға консультант ретінде көмектеседі. Осылайша динамикалық және жұптық оқыту да жүзеге асады.

Топты білім жетістіктеріне қарай іріктеуМенің тәжірибемде оқушылардың оқу жетістіктеріне қарай 4 топқа бөлу өз жемісін беруде. Әр

Слайд 6Топтағы лидерді сайлау
Топқа түрлі стратегиямен бөлу практикада кең пайдаланылады.

Ал лидерді сайлау көп жағдайда социаметриялық әдіспен өтеді.(Болдарев .В Сынып жетекшісі М.1982) Білім деңгейі бірдей оқушылардан құралған топта, топ басшысын сайлау актуальдандыруға арналған қызықты тапсырма беру арқылы топ ішінде ең көп құнды ұсыныс айтқан, топты тығырықтан алып шығатын оқушы сайланады. (М: Жан баспаған аралға тап болғандағы жағдай ойыны)
Ұсыныс: Топта әрқашан спиккер және бағалаушы сол бір оқушылар бола бермес үшін мұғалім әр сабақта топтың құрамын реттейтін журнал бастап есеп жүргізіп отыруы дұрыс шешім.
Топтағы лидерді сайлау  Топқа түрлі стратегиямен бөлу практикада кең пайдаланылады. Ал лидерді сайлау көп жағдайда социаметриялық

Слайд 7«Шәкіртті ең бірінші шешен қыл, онан кейін көсем қыл»
Ұжымдық оқытуда кейбір

оқушының тапсырманы жазбаша орындап оны ауызша сөйлеу арқылы қорғай алмауы . Мұндай оқушыларды психологияда лагофобиялық (Лагос- сөйлеу,фобус –қорқу) кедергісі бар деп есептейді. Топтап  оқытудың пайдасы туралы Ибн Сина Әбу Әли Хусейн Ибн Абдолла(Авиценна 980-1037) былай деген болатын: «Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйретушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы- балалар оқу тәрбие үдерісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру» негізгі білім беру қағидасы. Осы уақытқа дейін сөйлеуден жасқанатын оқушылармен тек жеке жұмыс атқарған болатынмын. Енді ондай оқушылармен топпен жұмыс жасау арқылы, тапсырмаларды бірлесе атқару кезінде өздерінің жауапкершіліктерін танытып топқа тартылатынын байқадым. Оқушы бойында реттелу болды.Осындай кейбір оқушылардың ауызекі сөйлеуі дамып топ басшысы болып сайлануда. Кейінірек мен өзім үшін мынандай қағида жаздым. «Шәкіртті ең бірінші шешен қыл, онан кейін көсем қыл»
«Шәкіртті ең бірінші шешен қыл, онан кейін көсем қыл»Ұжымдық оқытуда кейбір оқушының тапсырманы жазбаша орындап оны ауызша

Слайд 8Топ ережесі:
- Бірін-бірі тыңдау - Өзгенің пікірін сыйлау - Сөзін бөлмеу - Уақытқа бағыну -

Шапшаңдық - Бәсекелестік - Бірлестік

Топ ережесі:- Бірін-бірі тыңдау - Өзгенің пікірін сыйлау - Сөзін бөлмеу - Уақытқа бағыну - Шапшаңдық -

Слайд 9Топта білімді бағалау
Бағалау сызбалары не үшін қажет?
1) Біркелкілік - барлығы бірдей

өлшемдермен жұмыс істейтіндігін әркім білуі үшін;
2) Сын - не жақсы, ал нені жақсартуға болатынын түсінуге көмектесу үшін;
3) Қарым-қатынас – одан не күтілетіні, неге қол жеткізгені және нені жақсарту мүмкін екендігін әркімнің түсінуіне көмектесу үшін.
Топтық жұмыста өте белсендi оқушылар, әсiресе постер құрастыруда құнды пiкiрлер айтып, көшбасшылық танытады. Оқушылар өздерiн сабақтың кезеңдерi көрсетiлген бағалау критериилерi бойынша бағаласа, ал постердi бағалау кезiнде оқушылар арасында келiспеушiлiктер болады. Сондықтан сабақта постердi бағалау үшiн балалармен бiрлесе отырып, бағалау дискрипторын жасау керек. Ол төмендегiдей болады:
 

Топта білімді бағалауБағалау сызбалары не үшін қажет?1) Біркелкілік - барлығы бірдей өлшемдермен жұмыс істейтіндігін әркім білуі үшін;2)

Слайд 10Өзін-өзі бағалау парағы


Өзін-өзі бағалау парағы

Слайд 11Топтардың бірін бірі бағалауы

Топтардың бірін бірі бағалауы

Слайд 12Топ жұмысында бекіту кезең”
Қарлы кесек Әр топ өздері қорғаған тапсырманы басқа

топқа сұрақ қою арқылы қалай меңгергендерін тексеру жүзеге асады
Топ жұмысында бекіту кезең”Қарлы кесек Әр топ өздері қорғаған тапсырманы басқа топқа сұрақ қою арқылы қалай меңгергендерін

Слайд 13Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: 
Мұғалім
Сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық  іс әрекеттің

мүшесі. . Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді. •    Оқушыларды топқа бөледі. •    Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді. •    Топтық жұмысты бақылайды. •    Олардың іс әрекетін белсендіреді. •    Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды. •    Топтық жұмысқа қорытынды шығарады. •    Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады.
Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: МұғалімСабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық  іс әрекеттің мүшесі.  .  Өтілетін жұмыстың

Слайд 14Топтық оқытудағы мұғалімнің шапшаңдығы (темпі).
Ұжымдық оқытуға қарағанда топтық оқыту уақыт

пен шапшаңды талап етеді. Осыған орай мен енді бір қағида шығардым «Нар қалай ыңыранса, бота солай боздайды» Егер мұғалімнің қимылы баяу, сөйлеу мәнері монотонды, өз іс-әрекетімен шәкіртін баурап қызықтыра алмаса, сондай-ақ жоспарында саны көп, сапасы жоқ тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер болса онда уақыт жалған жетпей сабақ өз уақытында бітпей қалады.Шәкірттің тұлға болып қалыптасуы кері әсер алады.
Топтық оқытудағы мұғалімнің шапшаңдығы (темпі). Ұжымдық оқытуға қарағанда топтық оқыту уақыт пен шапшаңды талап етеді. Осыған орай

Слайд 15Үй тапсырмасы
Оқушылар негізгі білімді сабақ үстінде игеріп кету керек , ал

кішігірім тапсырмаларды ғана үйде орындап келуге беріледі.
Дегенмен оқушылардың білім деңгейіне байланысты шығармашылыққа баулитын тапсырма 3 деңгейде өтетін материалдың ауқымына байланысты болу керек. (В.А.Сухомлинский былай деген «Мұғалімнің оқу үрдісіне шығармашылықпен қарауы баланың бойындағы жасырын қабілеттіктері мен дарынын ашады».) Мұндай тапсырманы беруде мұғалім сабақтың басқа кезеңдерңндегі уақытты үнемдеу арқылы міндетті түрде нұсқаулық беру керек.
Ұсыныс: Үй тапсырмасын берген кезде хронометражды үнемі назарда ұстаңыз!
Үй тапсырмасыОқушылар негізгі білімді сабақ үстінде игеріп кету керек , ал кішігірім тапсырмаларды ғана үйде орындап келуге

Слайд 16Топтық жұмыс арқылы дамытылатын тұлғааралық іскерлік

Топтық жұмыс арқылы дамытылатын тұлғааралық іскерлік

Слайд 17«Мен өзімнің ұстазыма әкемнен де кем емес қарыздармын :әкемнен өмір алсам,

ал Аристотельден өмірімді баянды ету туралы білім алдым».
                                            Александр Македонский
«Мен өзімнің ұстазыма әкемнен де кем емес қарыздармын :әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді баянды ету туралы

Слайд 18 Қорытынды
Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін

жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.

Қорытынды Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде

Слайд 19Пайдаланған әдебиеттер
Жеке кітапхана
1.Мұғалiмдерге арналған нұсқаулық.
2.А.Әлiмов «Интербелсендi әдiстеменi

ЖОО –да қолдану мәселелерi. 108- бет.
3. «Мұғалім КZ» журналы № 2,5 2013 жыл
4.(Болдарев .В Сынып жетекшісі М.1982) .
Пайдаланған әдебиеттерЖеке кітапхана1.Мұғалiмдерге арналған нұсқаулық.    2.А.Әлiмов «Интербелсендi әдiстеменi   ЖОО –да қолдану мәселелерi.

Слайд 20НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
THANK YOU FOR ATTENTION!!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!THANK YOU FOR ATTENTION!!!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть