Слайд 2Қазақстан мемлекетінің тіл туралы заңы
Слайд 3 Түркі халықтарының тілдері туралы:
Ең таза тіл
– тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат жұртқа барып-келіп, қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі. Екі тіл білетін және шаһар халықтарымен араласып тұратын адамдардың тілдерінде шұбарлық болады. Соғдақ, кенжек, арғу тайпалары дәл сондай екі тіл білетіндерге жатады.
Слайд 4Қай тіл көп тараған?
Дүние жүзінде ең
көп тараған тіл қайсы дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулер қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс? Бірінші орынды, сөз жоқ, ағылшын тілі алады, өйткені ол дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл болып табылады. Ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ, ағылшын тілі екінші орында тұрады. АҚШ Лингвистика институтының жуырда жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екені көрінеді. Бұл тілде 844 млн. адам сөлейді екен. Ағылшын тілінде – 434 млн., хинди тілінде – 338 млн., испан тілінде – 331 млн. Адам сөйлейді.
Слайд 9Ақын-жазушылардың тіл туралы пікірлері
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған
мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғ.Мүсірепов
Слайд 10Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент
емес.
М.Әуезов
Слайд 11Тілдің тірікшіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан да “өнер алды-
қызыл тіл” дейді.
С.Мұқанов
Слайд 12Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б.Момышұлы
Слайд 13Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр
етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін
С.Торайғыров
Слайд 14
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
Н.Назарбаев
Слайд 15шығармашылық
Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Тіл – қай ұлтта, қай елде
болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Слайд 16Туған тілім
Туған тілім қазынам, алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің
туған өлке, бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
Слайд 17Қорытынды: Бүгінгі «Тіл тағдыры –ел тағдыры» атты пікір таласымызды қорытындылай келе
жақтаушы топтың мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қаншалықты дейгейде дамып келе жатқанын, қоғамдағы орнын, көптеген қазақша мектептердің көптеп ашылып жатқанын және бүкіл іс-қағаздарының, құжаттардың 2007 жылдан бастап толық қазақ тіліне аударылатынын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Тіл тарихына шолу» атты кітабындағы тіліміз өз орнымен дамып келе жатқанын айтып, дәлелдеп кетті.
Тіл тағдыры болашақ жастардың қолында, біз жастарға сенеміз!
Тіл мәртебесін биіктетейік, халайық!
Тіл тағдыры – ел тағдыры.