Телеәңгіме – хабарламаның диалогтық пішін ұсынатын сараптамалық публицистиканың спецификалық телевизия жанры. Әңгіменің құрылымын анықтайтын негіз – мазмұн, таңдалған тақырыпты ашатын сценарийлік жотспар және студияға шақырылған адамдардың өзара қатынасы.
Пікірталас (дискуссия) латынша зерттеу, қарау, талқылау деген мағына береді. Тандалған тақырыптың таласқа түсе алатындығы, және көпшілікке қызықты, қоғамдық маңызы бар болуы шарт. («Сонымен солай дейік)
Пресс-конференция – бірнеше интервьюерлердің белгілі бір саланы жақсы білетін бір, не одан да көп адамдарға сұрақ қою арқылы ерекшеленетін сұхбат түрі.
Брифинг – журналистерге айтулы оқиға туралы қысқа түсінік беріп, оның жалпы барысы туралы баяндап, талқылауға тиіс тақырыптарға тоқталып өтетін жиын.
Ток – шоу. Белгілі бір тақырып аясындағы қызу пікірталас, алуан түрлі көзқарас, реті келгенде ашық айтылатын ащы шындықтар шоумэннің шеберлігімен ток – шоуға тоғысады.
Күнделікті өмірлік фактілерді, саяси оқиғалар мен әлеуметтік проблемаларды фактіден ақпаратқа айналдырып оперативті түрде қалың бұқараның алдына тосатын пішін – жаңалықтар желісі.
Шығармашылық еркіндікті пайдаланып, кәсіби шеберлікті танытуға жол ашып, журналистің жетекші ролін айқындайтын пішін – авторлық бағдарламалар.
Жаңалықтар желісінің ең әсерлі, ең салмақты бөлігі болып табылатын пішін – телесюжет.
Тележурналистиканың рекреативті функциясын жүзеге асыратын музыкалық – көңілашар бағдарламалары.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть