Слайд 1 Ана тілім – ардағым, қазынасың,
Кез келген ұқпас оның мағынасын.
Дүниеде нанға жетер не бар дейсің,
Тілге де нанмен бірдей табынасың.
22 қыркүйек
Қазақстан халқының тілдері күні
“Тіл - татулық тірегі” атты
облыстық фестиваль
Слайд 2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:
“... бізге
жақсы бағдарламалар, әдістемелік құралдар, сапалы оқулықтар керек. Адамдардың бойына ана тілімізге деген сүйіспеншілік сезімін терең сіңіре алатын білікті ұстаздар керек. Сайып келгенде, біздің өзіміздің ынта-ықыласымыз керек”.
(“Ана тілі” газетіне берілген сұхбаттан. 11 мамыр, 2006 жыл)
Слайд 3 “Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,
жалпы адамзаттың қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз”
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 4 … Әрине, ең бір қиын кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған
қазақ тілі бүгінгі азат өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тетігі болуға тиіс.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 5 Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы,
өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 6
Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім.
Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастасаң - ол кешірілмес күнә.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 7
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған
- оның ғажайып тілі.
Тарих пен тіл тамырлас.
Нұрсұлтан Назарбаев
Слайд 8 Біз, сондай-ақ бүкіл қазақстандықтардың
біртұтастығының басты факторларының
бірі - барша қазақтардың ана тілі - мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға барлық күш-жігерімізді салуымыз керек.
Н.Ә.Назарбаев
… Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар!?
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 9
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
Абайдың сөзі
- қазақтың бойтұмары.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 10
Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы.
Ана тілін
қадірлеу - әр азаматтың перзенттік парызы.
Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 11 Бізге Ана тілінен асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай
қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ.
Өз тілімізбен өмір сүрейік.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 12
“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі”
Әбу Насыр әл - Фараби
Слайд 13 Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей
сапар шекпес.
Қорқыт ата
Слайд 14
Игі істің басы - тіл,
Тәрбие басы - тіл.
Махмұд Қашқари
Көрінеді тілден түйсік,
білім де,
Біле білсек жарылқаушы - тіліңде.
Жүсіп Баласағұн
Слайд 15
Ұл-қызың ізетті болып тұрса
егер –
Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.
Өссе жастан бассыз болып баласы,
Ол-әкенің ұлға берген бағасы.
Қатаң ұста бос жүрмесін сандалып,
Болса тәртіп – бала өседі сомдалып.
Жүсіп Баласағұн
Слайд 16
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Абай Құнанбаев
Тіл жүректің айтқанына көнсе,
жалған шықпайды, амалдың тілін
алса, жүрек ұмыт қалады.
Абай Құнанбаев
Слайд 17
Тамағы тоқтық, жұмысы
жоқтық аздырар адам
баласын...
Баланың жақсысы – қызық,
жаманы – күйік.
Абай
Слайд 18Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Тіл жүректің айтқанына көнсе,
жалған шықпайды, амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
Абай Құнанбаев
Слайд 19
Адамға тәрбие беруші әуелі
ата-ана, сонан соң ұстаз,мектеп, тұрмысындағы төңірек.
А.Байтұрсынов
Слайд 20
Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ
деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек.
Ахмет Байтұрсынов
Слайд 21
Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.
Ахмет Байтұрсынов
Слайд 22
Сөзі жоғалған жұрттың
өзі жоғалады.
А.Байтұрсынұлы
Слайд 23
Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.
Ахмет Байтұрсынов
Еккенің тікен болса,
Орғаның балауса болмас.
Өнегесіз өспек жоқ.
М.О.Әуезов
Слайд 25 Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі тағдыры емес, бүрсігүнгі де
тағдыры.
Бауыржан Момышұлы
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы
Слайд 26
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғабит Мүсірепов
Слайд 27 Тілін білмеген түбін білмейді.
Ғабит Мүсірепов
Ана тілін білмеген адам бір қолы
жоқ шолақ адам сияқты.
Ғабиден Мұстафин
Слайд 28Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз -
бабам тілі сен қалдың.
Мағжан Жұмабаев.
Слайд 29
Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл.
Әбіш Кекілбаев
Слайд 30 Ана тілінен айрылған халық тілі жұлынған қоңырудай. Енді ондай қоңыраудан сыңғыр
үнді, күмбір күйді, тәтті сазды күту бекершілік.
Мұзафар Әлімбаев
Слайд 31
Ұзын ғасырларға тамыры бойлаған ұлттық мәдениетіміздің шырыны да, салт пен
санамыздың сәні де, дәстүріміз бен ұлттық табиғатымыздың мәйегі де - ана тіліміз.
Сәбетқазы Ақатаев
Слайд 32
"… мемлекеттік тіл дамып, беделі көтерілмеген елде, бір көрпені өзіне қанша
тартса да, бірде-бір басқа тілдің көсегесі көгеріп, көрпесі ұзармайды".
Әбдуали Қайдари
Слайд 33 Ана тілі - жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның
барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына.
Жүсіпбек Аймауытов
Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.
Әлихан Бөкейхан
Слайд 34Ана тілін білген кісі - бір кісі,
Екі адам де - екі
тілдің білгіші.
Слайд 35Тіл қаруы - сөз,
Сөз қаруы - ой.
Тіл - буынсыз, ой -
түпсіз.
Слайд 36 Жеті атасын білген ұл – жеті ру, елдің қамын
ойлайды.
Атаңды арқалап, анаңның алдында тік тұр.
Баланың ұяты - әкеге,
Қыздың ұяты -шешеге
Слайд 37Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар,
Туған
тілім - жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар, жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Дихан Әбілев
Слайд 38
Әркімнің туған тілі - туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.
Сәбит
Мұқанов
Жігіт бірде кедейленер, байыр да,
Ақ атымды, қанатымды қайырма.
Айрылсам да қымбатымнан талай бір,
О, тағдырым, тек тілімнен айырма…
Тұманбай Молдағалиев
Слайд 39
Тілсіз, рухсыз толыққанды тәуелсіздік жоқ.
Мұхтар Шаханов
Слайд 40
Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы.
Ана тілін
қадірлеу - әр азаматтың перзенттік парызы.
Слайд 41
Балапан қыран болуы үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болуы
керек.
Тіл мен діл, дінім - дем берер тінім.
Халық даналығы
Слайд 42Ата тілін алмаған,
Аман болып көп жүрмес.
Жаман бала әкесінің төрдегі басын
есікке сүйрейді.
Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың
Сыйламасаң жан қинарсың.
Слайд 43Туған ел - тұғырың,
Туған тіл - қыдырың.
Тіл білген - дана,
Тіл білмеген
- шала.
.
Өнер алды - қызыл тіл.
Слайд 44 Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің
мерекесі.
Бала болсаң болғандай бол,
Айналаңа қорғандай бол.
Халық даналығы
Слайд 45Тіл - қазақ үшін барлық барлық мәдениет, өнеге, тәлім – тәрбие
діңгегі, бүкіл ұлттық болмысы.
Слайд 46 Ананың балаға берген ең зор, асыл сыйы - тіл.
Тілің - еліңнің
тірегі.
Тілі жүдеген елдің рухы жүнжиді.
Слайд 47
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Тіл - буынсыз, ой - түпсіз.
Слайд 48 Әркімнің туған тілі - туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.
Слайд 49Байлық па, жоғалтқанмен орны толар,
Ауырсаң, емгер емдеу жолын табар.
Ана тілден айрылса
қайран қазақ,
Аталғанмен ел болып қайтіп оңар.
Ер қазақ, тоқта, ойлан, жетер енді,
Еңсеңді ездік басқан көтер енді.
Тіліңнің тұмшаланған бұйдасын шеш,
Дәстүрін ұстап мықты, өсер елдің!
Өмірзақ Айтбайұлы
Слайд 50Ана тілін ардақтамай,
Ардан безген ұлың құрысын.
Ана тілін баласына үйрете алмаған
қызың құрысын.
Слайд 51 Ұлың өссе, ұлы жақсымен
ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы
жақсымен ауылдас бол.
Слайд 52 Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім.
Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастасаң - ол кешірілмес күнә.
Слайд 53
Ақылсыз бастан мақұл сөз шықпас.
Ақымақтың ақылы білегінде,
Ақылдының ақылы жүрегінде.
Бойының ұзынын қайтейін,
Ақылының қысқасын қайтейін.
Слайд 54
Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
Уа, құдайым, бала бер,
Бала берсең сана бер.
Балалы үй – базар,
Баласыз үй – қу мазар.
Слайд 55 Адам болар баланың кісіменен ісі болар,
Адам болмас баланың кісіменен несі
бар.
Талапты ерге нұр жауар.
Ойнақтаған бала от басады.
Слайд 56Адам мен адам арасы – жер мен
көк арасы.
Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа.
Слайд 57
Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Нұржан шешен
Слайд 58
Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап
тал өсер.
Уа, құдайым, бала бер,
Бала берсең сана бер.
Балалы үй – базар,
Баласыз үй – қу мазар.
Слайд 59Ана тілім күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды,
Тізерлесіп
қатар жазса мың ақын.
Ғ.Қайырбеков
Жанбасам да, жансам да,
Туған тілде сайраймын.
Мылқау болып қалсам да,
Туған тілде ойлаймын.
М.Әлімбаев
Слайд 60Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол
келер.
Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
Слайд 61
Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
Ғабиден Мұстафин
Слайд 62Адам болар баланың кісіменен ісі болар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.
Талапты
ерге нұр жауар.
Ойнақтаған бала от басады.
Слайд 63
… Әрине, ең бір қиын кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы
болған қазақ тілі бүгінгі азат өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тетігі болуға тиіс.