Слайд 1Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы
№71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты
жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маликова Шолпан Сагындыковна
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сын есім»
Слайд 2Сын есім
Қарашаның он сегізі
Сынып жұмысы
Слайд 3Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру;
ә) дамытушылық : түрлі әдістерді
пайдалана отырып, оқушылардың ойлау кабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық касиеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Абай өлеңдерін, әндерін жатқа айтқызып, талдау барысында әдемілікті,
әсемдікті түсінуге, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тэрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Слайд 4Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Білімді
бекіту.
5.Қорытынды.
6. Үйге тапсырма.
Слайд 5Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырыптар бойынша сүрақтар :
Қазақ тілінде неше сөз табы
бар?
Зат есім деген не? Мысал.
Жалқы есім мен жалпы есім дегеніміз не?
Деректі жэне дерексіз зат есімдер деген не?
Зат есімнің қандай жалғаулары бар?
Слайд 6Жаңа сабақ:
Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың,
құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр - түсін, сапасын білдіреді.
Слайд 7Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:
1) заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз),
сұр (бүлт), қызыл (алма) т.б.
2) заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), ұзын (ағаш);
3) заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), тентек (бала), зерек (окушы), ақылды (адам);
4) заттың дәміне, иісіне, сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (құрт), тәтті (тағам), жұмсақ (нан);
5) затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), көтеріңкі (көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам), білімді (жігіт) т.б.
Слайд 8Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Желсіз түнде
жарық ай. Мүнда желсіз, жарық сөздері түн және ай деген зат есімдердің сынын, сапасын білдіріп, қандай? деген сүраққа жауап береді. Қандай түн? Желсіз түн. Қандай ай? Жарық ай.
Слайд 9Заттың сынын, сипатын, сапасын,түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап
беретін сөз табы сын есім деп аталады.
Слайд 10Тапсырма 1: төмендегі заттарға қатысты сын есімдерді жаз.
Слайд 1184-жаттығу. Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жаз.
Слайд 12
Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Салқын, терең,
әдемі, жеңіл, үзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, әдепті, сабырлы.
Слайд 13“Ішке, сыртқа” ойыны
Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты,
сұйық, теңіз, Отан, жаңбырлы, мұғалім, тәтті, қып-қызыл.
Слайд 14ҮШ ТІЛ – тұғырым (мақалдар мен жұмбақтар)
Слайд 15Тапсырма 3: Мақалдың жалғасын тап.(1- топқа)
1. Тіл тас жарады, тас жармаса...
(….).
2. Бал тамған тілден... (……).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (…….).
4. Жақсы сөз -... (…….)
5. Тіл қылыштан... (……).
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің... ( …….).
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман... (………..).
8. Бас кеспек болса да, (………..).
Слайд 16Тапсырма 3: Мақалдың жалғасын тап.(2- топқа)
9. Піл көтермегенді,... (……….).
10. Тілден артық...
(………).
11. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі... (……….).
12. Басқа пәле -... (……..).
13. Ең ащы да тіл, ең... (………).
14. Өнер алды -... (……..).
15. Айтылған сөз -... (……….).
16. Жылы - жылы сөйлесең, жылан... (………..).
Слайд 17Үйге тапсырма:
Астана туралы шағын шығарма жазу (мәтінде сын есімдерді қолдану).