Слайд 1Сүт пен сүт өнімдерін
ветеринарлық-санитарлық сараптау
Слайд 3 Сүттің құрамы мен қасиеті
Сиыр сүтінің құрамы өте күрделі. Атап айтқанда
сүт құрамында 300 ден астам пайдалы заттар бар, олар:
май, ақзат, витаминдер мен минералдық заттардың бір қатар түрлері, сүт қанты, ферменттер. Күні бүгінге дейін сүт құрамы толық тексеріліп болған жоқ.
Жоғарыдағы айтылған құрғақ заттар сүттің 12,5% құрайды, ал қалған 87,5% - су. Мал ауруға шалдықса, сүтке бактериялар түссе және басқа себептерден сүттің құрамы өзгереді, сондықтан оның көптеген пайдалы заттары жойылып, тағамдық сапасы төмендейді. Ондайда өндірістік шикізат ретіндегі қасиеті едәуір кемиді.
Слайд 4
Сүт майы. Сүт құрамында орта есеппен 3-8% сүт майы болады.
Сүт ақзаты.
Сиыр сүті құрамыңда орта есеппен 3,3.% ақзат, 2,7% казеин, 0,5% альбумин және 0,1% глобулин болады.
Сүт қанты (лактоза). Ол ақ түсті кристалл. Оның тәттілігі қант қызылшасынан алынған қанттан 3-5 есе кем. Суда нашар ериді, спиртте ерімейді. Сүт қанты организмде тез қорытылады, осыған орай, ол жас төлді азықтандыруда шешуші орын алады.
Лимон қышқылы. Сүтте ол орта есеппен 0,15% шамасында кездеседі
Минералды заттар, витаминдер кездеседі
Слайд 5Ферменттер табиғатта өте көп кездеседі. Сүт құрамында, жануарлар организмінде ферментердің көпшілік
түрі бар. Оның ішіндегі маңыздылары: пероксидаза, редуктаза, каталаза және липаза.
Иммундық заттар сүтте, әсіресе уыз құрамында көп болады. Жас төл үшін маңызы ерекше. Оны аурудан сақтайды организмде иммунитеттің қалыптасуына жағдай жасайды.
Газдар. Ол сүтте сиырды сауып жатқан мезгілде және бір ыдыстан екінші ыдысқа сүтті аударғанда енеді. Сүт ішіндегі газдардың 7% көміртегі, 5-10% оттегі және 20-30% сутегі.
Гормондар сүтте аздаған мөлшерде кездеседі.
Слайд 6Сүттің құрамы мен сапасына әсер ететін жағдайлар
Сүттің құрамы мен сапасына әсер
ететін шарттардың ең бастылары болып сауылу кезеңі, малдың тұқымдық ерекшелігі, жасы, азықтандыру дәрежесі, күтімі, сауу әдісі және сауу жиілігі, сиырдың денсаулығы болып табылады.
Сауылу кезеңі. Сиыр жылына орта есеппен 250-300 тәулік сауылады. Туғаннан кейінгі күндердің (7-10 күн шамасы) сүтін уыз деп атаса, суалар алдыңдағы 10-15 күн ішіндегі сүтін "суалу сүті" дейді. Қалған уақытта сауылған сүтті, сүт деп атайды
Слайд 9Әкелінген сүттің партиясын және ыдыстарын жалпы қарайды.
Сүттен орта сынама алады.
Сезімдік көрсеткіштері
анықталады.
Қышқылдығы (°Т).
Тазалығы.
Тығыздығы (А).
Бактериялық ластануы.
Майлылығы анықталады
Слайд 10Қажет болғанда төмендегі қосымша тексерулерді жүргізеді.
ҚЗ (Құрғақ зат) % және МСҚЗ
(майсыз сүттің құрғақ заты) % анықтау.
Сүттің пастерленгендігін бақылау.
Сүттегі су, сода, крахмал, т.б. қоспаларды анықтау (фальсификация).
Уытты стафилококке тексеру.
Бруцеллезге, т.б. ауруларға тексеру.
Антибиотиктер мен химиялық улы заттарға тексеру, т.б.