“Өткендерін жек көрген-өшкендіктің белгісі,
Өткендерін ескерген -өскендіктің белігісі”
Той бастардың негізгі мақсаты-той жасап отырған үйдің ұзатылған қызына «құтты болсын» айту,жақсы тілек білдіру,тойғажиналған адамдарды көңілдендіру.Сонымен қатар,күйеуге ұзатылып бар жатқан,ел-жұрттың ата-анасын, туған-туыстарды тастап кетуді қимай,қиналып отырған қызға демеу беру,көңілін аулау, «ата-ананың жолы осы» деп көрсету. Сонымен қатар, күйеуге бара жатқан, ел – жұртын, ата – анасын, туған – туыстарын тастап кетуді қимай, қиналып отырған қызға демеу беру, көңілін аулау, “ата – ананың жолы осы” деп көрсету. Осы мақсаттан туған той бастар өлеңінің бір үлгісі мынадай болып келеді ;
Бағылан серке, марқасқа қой бастайды,
Қой алдында жануар ойқастайды.
Құтты тойға кез болған жолды жігіт,
Бұрынғының жолымен той бастайды.
Құнан қойын шайлатып сойдырған үй,
Табақ – табақ ет беріп тойдырған үй,
Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз,
Құтты болсын, тойыңыз, той қылған үй.
Той бастардың өлеңдері төрт жолды,он бір буынды,тілі халыққа түсінікті, біреуден біреудің жаттап алып айтып жүруіне әрі жеңіл,әрі ыңғайлы болып келеді.
Заманым өтті басымнан,
Дәуренім кетті басымнан,
Бұл не деген іс болды,
Көлінен кеткен құс болдым.
Бұлғақтап жүрген заманым,
Кандай да жерге тұс болдым.
Ата-анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім,
Жат-жұрттық болып кеткен
соң,
Кетер-ау бастан сәулетім.
Айналайын, ел-жұртым,
Не болар менің заманым!
Дәуренім менің өткен соң,
Бұралқы иттей кеткен соң,
Естіле жүрер дейсіз бе,
Не болып жүрген хабарым.
Заманым қиып болар-ау,
Көкірекке қайғы толар-ау,
Ел-жұртым, сеннен айырылып.
Сана мен жүзім солар-ау,-
ұзатылып бара жатқан қыз көңіл шерін толғайды. Бұл зар қаншама ащы, аянышты болғанымен де ескі әдет-гүрып, әділетсіз заңға сүйенген заманда, әйел мұңы ес-керілмеген, аяққа басылған. Солай бола тұрса да, сыңсу өлендері ерте кездегі әйелдердің хал-жайын суреттсйтін, ескілік жол-жобаға қарғыс айтқан, қарсылық білдірген шығармалар болып табылады
Келінжан, менің тілімді!
Әдеп жолын үйренбек,
Жас кісіге білімді.
Ақылсызға айтқан сөз,—
Далаға кеткең шығын-ды.
Жырға қосып айтамын
Бар өсиет сырымды,
Бұрынғы күнің — балалық,
Ер жеткен күнің бүгін-ді.
Өзім айтқан сөз емес,
Осылай деген бұрынғы.
Келін боп келмек оң жаққа,
Ата-ананың мұрасы.
Бұрынғы үйің бекер-ді,
Мекенің осы тұрысы.
Өз үйінде тұрмақ жоқ,
Ұл боп тумай әуелде,
Қыз болған соң ырысы,
Келін боп келген қиын іс,
Жаңа өспірім балаға.
Қызмет қыл иіліп,
Ата менен анаға.
Өзіңнен үлкен адамның
Бетіне тіке қарама.
Үлкен кісі келгенде,
Қатарласып отырмай,
Кейіп отыр панада,
Лажы болса шығып тұр,
Қайтқанынша далаға.
Бар айтқаным бұл емес,
Құлағың салып тыңдап тұр,
Беташар
Діни ұғымдарға байланысты туған шығармалар
БӘДІК
АРБАУ,ЖАЛБАРЫНУ
Естірту– қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен Естірту дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ардақты азаматы не батыр-бағланы өлген үйдің жанкүйер жақын, туыстарын азалы хабарға дайындап, әзірлеп алу үшін естірту, көбінесе, “Аққу ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып шөлге кетті, ол адасып кеткен жоқ, әркім барар жерге кетті” деген сияқты салыстырулар түрінде болған. Ауыз әдебиетінде естіртудің мол ұшырасуы қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көтерісетінін танытады. Жалғаншы дүниеде баянды ештеңе жоқ, бәрі де өтеді деген ишарадан кейін барып қана өлең қайғылы халді Ал өлеңнің соңғы бөлімі көңіл айтуға - жұбату жырына ауысады.Мысалы, Байшуақ өлгенде баласы Байғараға Қазбасты шешен - жұбату жырына ауысады.Мысалы, Байшуақ өлгенде баласы Байғараға Қазбасты шешен келіп: “Алып арыстан құласа, жан беруші бар ма екен. Аққан дария құрыса, су беруші бар ма екен” деп естіртеді. Естірту кейде күңіренген күй сазымен де орындалатын болған. Бұған Жошының - жұбату жырына ауысады.Мысалы, Байшуақ өлгенде баласы Байғараға Қазбасты шешен келіп: “Алып арыстан құласа, жан беруші бар ма екен. Аққан дария құрыса, су беруші бар ма екен” деп естіртеді. Естірту кейде күңіренген күй сазымен де орындалатын болған. Бұған Жошының аң алуап жүріп өлген ұлының өлімін оған күймен естіртуіі дәлел. “Ақсақ құлан” күйі осылай туған. Естіртудің соңы көңіл айтып, қайғылы хабарға ортақтасып, жұбатуға ауысады.
Жоқтау немесе дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой, бауырымдап” ат қойып шауып келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі.
Әдетте,жоқтауды өлген адамның әйелі,шешесі,апасы не қарындасы айтатын болған және олар жоқтауын өздері шығаруға тырысқан.Жоқтауда өлген адамның жақысы істері,қызметі,сүйкімділігі,мінезі еске алынған.
Жоқтаулардың алғашқы үлгісі ұсақ өлеңдерден басталатын секілді. Жоқтаудың көне де көркем үлгілерінің бірі ретінде Қаз дауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауына тоқтала кетейік:
Біссмілләдан бастайын, Шариғаттан аспайын.
Ішім толды қайғыға, Азырақ көзім жастайын,
Алаштан озған әкекем, Жоқтаусыз қалай тастайын?
Алатаудай әкеме Ажалдың сыны келгені,
Жылағанды не қылсын? Көздің жасын көрмеді!
Қазақ болып зарлады, Тілеуді құдай бермеді,
Кешегі жүрген әкекем, Жоқтаусыз тастар ма еді?!
Естірту,Көңіл айту
Жоқтау
ЛИРИКАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕР
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть