Презентация, доклад на тему Үштұғырлы тіл тақырыбындағы ғылыми жоба сайысының таныстырылымы

Содержание

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алу үшін, қазақстандықтардың үш тілде сөйлеуінің маңыздылығын көрсету. Жұмыстың өзектілігі: Адамзат тілі ежелгі дәуірден-ақ таным құралы ретінде дүниені танып білуге, санадан сәулеленген ұғым-түсініктерді жарыққа шығаруға қызмет

Слайд 1Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласы Білім басқармасы

Ғылыми жоба тақырыбы:
ҮШТҰҒЫРЛЫ

ТІЛ

Орындаған: Бейсенбаева Жасмин, Құдайбергенқызы Сымбат
№167 жалпы білім беретін мектеп,
9 – сынып

Секция: Тіл білімі

Ғылыми жетекші: жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сулейменов Бердибек Бейсенович

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігіАлматы қаласы Білім басқармасыҒылыми жоба тақырыбы:ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛОрындаған: Бейсенбаева Жасмин, Құдайбергенқызы Сымбат№167 жалпы

Слайд 2 Жұмыстың мақсаты: Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алу

үшін, қазақстандықтардың үш тілде сөйлеуінің маңыздылығын көрсету.

Жұмыстың өзектілігі: Адамзат тілі ежелгі дәуірден-ақ таным құралы ретінде дүниені танып білуге, санадан сәулеленген ұғым-түсініктерді жарыққа шығаруға қызмет етіп келеді. Ал, бүгінгі күннің жаһандану заманында кейбір тілдер бүкіл әлемдік қатынас, саяси және экономикалық келісімдердің тіліне
айналып отыр.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы.
Қазақстандағы үштұғырлы тілдік жүйе алғаш рет қарым-қатынасқа тең түсе білу факторы ретінде ұсынылып отыр.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі – халықаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілі – жаһандық
экономикаға кіру құралы аспектісінде
зерттеліп отыр.

Тәжірибелік маңыздылығы:
1. Дүние жүзінің кез келген түпкірі-
нен әр түрлі салалардағы мәлімет-терді алуға мүмкіндіктер туғызады;
2. Әлемнің саяси, мәдени, экономи-
калық салаларында еліміздің
бәсекелестік қабілетін күшейтеді.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алу үшін, қазақстандықтардың үш тілде сөйлеуінің маңыздылығын

Слайд 3 
Мазмұны
 
І Кіріспе ................................................................................................................ 3

ІІ Негізгі бөлім.
2.1 Мемлекеттік тіл – еліміздің дамуының

негізгі тірегі ................................. 5
2.2 Орыс және ағылшын тілдері – халықаралық қауымдастыққа кіру тілдері...................................................................................................................14
2.3 «Үштұғырлы тіл» жүйесі – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы.................................................................................................................. 17
 
ІІІ Қорытынды.................................................................................................. 28
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 29
 
 
 Мазмұны І Кіріспе ................................................................................................................ 3ІІ Негізгі бөлім.2.1 Мемлекеттік тіл – еліміздің дамуының негізгі тірегі ................................. 5 2.2 Орыс

Слайд 4Қазақ тілі
Орыс тілі
Ағылшын тілі

ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ

XII

2006 жылғы №19 саны

28.01.2011ж. ҚР Президентінің
халыққа Жолдауы

14.12.2012 ж. ҚР Президентінің
халыққа Жолдауы

Назарбаев
Зияткерлік
Мектептері

Қазақ тілі  Орыс тілі Ағылшын тілі     ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ XII2006 жылғы №19 саны28.01.2011ж.

Слайд 5

«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени
жобасының басты идеясы:
Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек.
Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы тілдердің үштұғырлығы жайлы сөзі:
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.
Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.
Орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.
Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады.


Слайд 6Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан

Республикасының Заңы
 І тарау. 4 бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық санасында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттілік, жергілікті өкімді және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

VІ тарау. 27 бап. Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.
Екiжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленген тiлдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзіледi.

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы І тарау. 4 бап. Қазақстан

Слайд 7Қазақстан Республикасының
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Слайд 8Қазақстан Республикасының
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді  тіл саясаты.
 Бағдарламалық мақсаттар:
1) мемлекеттік тіл –  ұлт бірлігінің басты факторы;
2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу;
3) дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті;
4) Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:
1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
3) мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру;
4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
7) тіл мәдениетін жетілдіру;
8) коммуникативтік – тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
9) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
10) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.

Қазақстан Республикасының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыБағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын

Слайд 9«Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақ­стандық­тар санын

80 пайызға дейін жеткізу.
Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.
Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады.
Ол үшін біз бәрін де жасап жатыр­мыз.

28.01.2011 жыл
Қазақстан Республикасы Президентінің
халыққа Жолдауы

Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін да­мы­татын боламыз.
Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін.
Сондықтан 2020 жылға қарай ағыл­шын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есеп­теймін.»

«Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақ­стандық­тар санын 80 пайызға дейін жеткізу.Ал 2020 жылға

Слайд 10ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша орыс

тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі пәнінен
2014-2015 жылдардың ҰБТ статистикасы
ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі

Слайд 11ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша ағылшын

тілі пәнінен 2014-2015 жылдардың ҰБТ статистикасы
ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша ағылшын тілі пәнінен 2014-2015 жылдардың ҰБТ статистикасы

Слайд 12ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша қазақ

тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі пәнінен
2014-2015 жылдардың ҰБТ статистикасы
ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі

Слайд 13«Үштұғырлы тіл» жүйесі – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы

Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. 
Бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы.
Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады.

“Үштұғырлы тіл” мәдени жобасының қоғамдағы оң бағалаулары:
Қазақстанның рухани және экономикалық жағынан стратегиялық дамуы үшін маңызды;
Елдің адам капиталының дамуы мен сапасының артуы үшін маңызды;

“Үштұғырлы тіл” мәдени жобасының қоғамдағы теріс бағалаулары:
Елдегі онсыз да осал позициядағы мемлекеттік тілді әлемдік және халықаралық беделді тілдермен бәсекеге бірдей ортаға салып жіберу оның жағдайын одан әрі әлсірете түседі;
Қазақ тілін үйренуге құлықсыздардың сылтауы бірінші кезекте ағылшын тілін үйрену болып, олардың мемлекеттік тілді үйрену уақыты алыс болашаққа шегеріле береді (қазақтілділердің пікірі бойынша);
«Қазақ тілі мен орыс тілі» сияқты қостілділіктің екінші компонентінің орнын ағылшын тілі басып, «қазақ тілі мен ағылшын тілі» қостілділігі орнығады да, орыс тілінің Қазақстандағы беделі мақсатты түрде осы жоба арқылы төмендетіліп, қолданыс аясы тарылып отыр (орыстілділердің пікірі бойынша).

«Үштұғырлы тіл» жүйесі – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы   Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі

Слайд 14Қазақ тілі
Тілдердің қоғамның әлеуметтік топтары арасындағы қолданыс мәртебелері
Орыс

тілі

Ағылшын тілі

қазақтілділер үшін:
ана тілі, мемлекеттік тіл, ел аумағындағы басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас тілі, БАҚ арқылы ақпарат алу тілі, орыс және ағылшын тіл-дерін үйрену үшін базалық тіл;

орыстілділер
үшін: генетикалық жағынан өз ұлтының тілі, мемлекеттік тіл;

басқа ұлт өкілдері үшін: мемлекет құрушы ұлт тілі, мемлекеттік тіл, ішінара басқа ұлт өкілдерімен және өзара қарым-қатынас тілі, БАҚ арқылы ақпарат алу тілі, ішінара басқа тілдерді үйрену үшін базалық тіл;

орыстілділер
үшін:
ана тілі ретінде қалыптасқан бірінші тіл, ресми қатынаста мемлекеттік тілмен қоса қолданылатын тіл, отбасында және басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас тілі, БАҚ арқылы ақпарат алу тілі, басқа тілдерді үйрену үшін аралық тіл

қазақтілділер үшін:
ресми қатынаста мемлекеттік тілмен қоса қолданылатын тіл, Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас тілі, қазақ тілімен бірге БАҚ арқылы ақпарат алу тілі, ағылшын тілін үйрену үшін аралық тіл

басқа ұлт өкілдері үшін:
ресми қатынаста мемлекеттік тілмен қоса қолданылатын тіл, Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері-мен қарым-қатынас тілі, БАҚ арқылы ақпарат алу тілі, ағылшын, қазақ тілін үйрену үшін базалық тіл

қазақ, орыс тілділер және басқа ұлт өкілдері үшін:
инженерлік-компьютерлік технологиялар тілі, әлемдік қарым-қатынас тілі, кейбір мамандық бойынша білім алу тілі, жастар арасында беделді тіл, БАҚ, әсіресе Интернет арқылы ақпарат алу тілі

Қазақ тілі Тілдердің қоғамның әлеуметтік топтары арасындағы қолданыс мәртебелері  Орыс тілі Ағылшын тілі

Слайд 15«Үштұғырлы тіл мәдени жобасын» Қазақстан
кеңістігінде тиімді

қолданудың шешімдері

Қазақтілділер (мемлекет құрушы ұлт үшін):
- ана тілін құндылық ретінде тану;
- қазақ тіліндегі ақпараттық кеңістікті кеңейту;
- ана тілінде сөйлейтін тілдік тұлғалардың саны
мен сапасын арттыруға бағытталған бағдарлы шараларды мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру;
- шет тілін оқытуды бастаудың жасын лингво-психологиялық негізде дәлелдеу және жаппай ұстану;
- шет тілдерін ақпарат алудың, өз тілінің құндылықтық жүйесін салыстыра, салғастыра отырып танудың құралы ретінде оқыту;

Орыстілділер (оның ішінде мемлекетқұрушы ұлт үшін):
- ана тілін құндылық ретінде тану;
- мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін арттыру, ақпараттық кеңістігін кеңейту;
- шет тілін оқытуды бастаудың жасын лингвопсихологиялық негізде дәлелдеу және жаппай ұстану;
- өз тілінің құндылықтық жүйесімен салыстыра, салғастыра отырып, мемлекеттік тілдің құндылықтық жүйесін, мәдениетін кеңінен ғана емес, тереңінен де меңгеру деңгейінде оқыту;

«Үштұғырлы тіл мәдени жобасын» Қазақстан     кеңістігінде тиімді қолданудың шешімдері   Қазақтілділер (мемлекет

Слайд 162013 жылы 29 қарашада Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында Мемлекет

басшысы барша қазақстандықтарды толеранттылық пен үштұғырлы тіл саясатын дамытуға шақырған сөзі

«Өзге елдерді қор көре отырып өз елін артық санау мүмкін емес. Сол себепті мен үштұғырлы тіл туралы айтамын. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек.
Орыс тілі – көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Осы тіл арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек. Бұл тілді де ұмытуымызға болмайды. Әр тіл – адамзаттың байлығы.»
«Әлемде жарыққа шығатын 10 млн кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, даму, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда. Қазақстанда 3500 шет елдік компания жұмыс істейді. Олармен біз ағылшынша сөйлесеміз, осы тіл арқылы өндіріс күшімізді көтереміз.»

2013 жылы 29 қарашада Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды толеранттылық пен үштұғырлы

Слайд 17Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі үш тілде білім беру тәжірибесіне үңілетін болсақ, халықаралық

зерттеулер бойынша үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар:
жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді;
бір тілде ғана білім алатын оқушыларға қарағанда, үш тілді қосқанда, барлық пәндерден үлгерімдері жақсы;



Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі үш тілде білім беру мақсаты:
қазақ тілін дамыту, орыс тіліне қолдау көрсету және ағылшын тілін енгізу.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасындағы тілдік пәндер:
оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған;
оқушыларда коммуникативтік дағдыларды дамытады;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады;
күнделікті өмірмен тығыз байланыстағы тақырыптарды қамтиды;
оқушыларды өмір бойы білім алуға үйретуге ықпал етеді;
мұғалімдерге әртүрлі оқыту ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді.

Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі үш тілде білім беру тәжірибесіне үңілетін болсақ, халықаралық зерттеулер бойынша үш тілде жүргізілетін оқу

Слайд 18Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі тілдерді меңгеру деңгейлері
С2-Жетік меңгеру деңгейі
С1-Жоғары деңгей
В2-Ортадан жоғары деңгей
В1-Жоғары

деңгей

А2-Базалық деңгей

А1-Қарапайым деңгей

Деңгейлеп оқыту – тілдерді меңгеруді сапалы жетілдіруге және белгілі кезеңдерде оқушының тиісті деңгейді меңгеру прогресін қадағалауға мүмкіндік береді. 




Бағалау - тілдерді деңгейлеп меңгертудің жалпы еуропалық жүйесі арқылы жүзеге асады (CEFR).



CEFR- тілдерді оқыту әдіс-тәсілдері мен тілді меңгеру деңгейлерін бағалау стандарттарын жүйелеуге арналған құрал болып табылады. Онда білім мен дағды үш дәрежеге бөлінген (A, B, C), әрбірі 2 деңгейге бөлінген (A1, A2, B1, B2, C1, C2)

Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі тілдерді меңгеру деңгейлеріС2-Жетік меңгеру деңгейіС1-Жоғары деңгейВ2-Ортадан жоғары деңгейВ1-Жоғары деңгейА2-Базалық деңгейА1-Қарапайым деңгейДеңгейлеп оқыту – тілдерді

Слайд 20А-1 – тіршілік үшін білу деңгейі (5 сынып)
 
А-2 – жартылай сөйлеу

деңгейі (6 сынып)
 
 

Ә – орта деңгей (7 сынып)
 
 

Ә-1 – ортадан жоғары деңгей (8 сынып)
 
 

Ә-2 – тілдің толық білу деңгейі (9 сынып)
 
 
 

Б – еркін білу деңгейі (10 сынып)
 
 
 

Б-1 – өтпелі деңгейі (11 сынып)
 
 
 

Б-2 – еркін өтпелі деңгейі (мектептен кейінгі білім)
 
 
 

А – қарапайым деңгей (1-4 сыныптар)
 

Қазақстан мектептерінде тілді осы талаптар бойынша үйретуді ұсынамыз
«Үштұғырлы тіл» жүйесін меңгерту моделі

А-1 – тіршілік үшін білу деңгейі (5 сынып) А-2 – жартылай сөйлеу деңгейі (6 сынып)  Ә – орта деңгей

Слайд 21 Ғылыми жұмысты қорытындылай келе төмендегідей
түйіндерді

шығаруға болады:
Тілдердің үштұғырлығы – елімізді алға жетелеуші жүйелі-жоспарлы бағдар болмақ, әлемдік қауымдастықта белді орын алуға жолдама болмақ;
Тілдердің үштұғырлығы – адам мәдени-интеллектуалдық дамуына кепіл, оның дүниетанымын әлемдік тілдер арқылы кеңейтуге әбден мүмкіндік береді.
Тілдердің үштұғырлығы – дүниежүзілік келіссөздердің еркін жүруіне кепіл болмақ, оның ішінде Қазақстанның қатысуына жеңілдік береді;
Тілдердің үштұғырлығы – «Интеллектуалдық ұлт-2020» жобасын іске асырудың бір факторы, білімді халық жасаудың бастамасы.
Тілдердің үштұғырлығы – полимәдениетті тұлғаны қалыптастырудың кілті, адамның дарынын ашудың бастауы.
Ғылыми жұмысты қорытындылай келе төмендегідей    түйіндерді шығаруға болады:Тілдердің үштұғырлығы – елімізді алға

Слайд 22Назарларыңызға Рахмет!

Назарларыңызға     Рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть