Сабақ мақсаты:
Оқушыларға білім алудың маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
Оқушыларға оқу-білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбекқорлық қасиеті туралы түсінік беру
Оқушыларды оқуға, білім алуға дағдыландыра отырып, табандылық қасиетіне баулу
Оқушыларды табандылыққа, еңбекқорлыққа, қанағатшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін ұстанамыз
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 5 сабақ. 20 бетттегі «Табанды бала» аңыз әңгімесін оқып, талдау келу
Дәйексөз «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» Халық мақалы
Әңгімелеу (Мұғалім сыйы) бейне баян10 мин қысқартылған Алты жасар Алпамыс мектепке келді
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Баяу музыка қойылады. Оқушыларды 4түрлі түспен 4 топқа бөлемін. Әр топқа тапсырмалар беріледі
1.Білім сөзін топтастыру
2.Білім синкуэйн
3.Білім бізге не үшін керек?(өз ойларын жазу)
4. «Жақсы оқу-менің міндетім» ой толғау
Топпен ән айту. Аяулы әнім - мектебім
Үй тапсырмасы. 6 сабақ 23 беттегі «Кітаптың жыры» өлеңін оқып, талдап келу
Соңғы тыныштық сәті
Балқасым Аида
Сабақ қатты ұнады. Гүлжан апаймен қосылып ән айтқан қатты ұнады. Сабақта үнемі ән айтқанды жақсы көремін
Жангелдин Шыңғысхан
Апай өткізген сабақ маған ұнады. Бейне баяннан көрген Алпамыстың киносы қатты ұнады. Осындай бейне баяндар көп көрсетсе
Сабақ мақсаты: Оқушыларды судың адам тіршілігіндегі маңызын,оны қорғау қажеттілігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу;
Сабақ міндеттері:
Білімділігі:-Оқушыларға қамқорлық қасиеті туралы түсінік беру;
Дамытушылығы: -Оқушыларға бұрыс әрекеттерден аулақ болып, қайырымдылық жасауға баулу;
Тәрбиелілігі:-Оқушыларды қамқорлыққа, қайырымдылыққа,үнемшілдікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі 5 Т ережесін еске түсіру
Жағымды көңіл күйге бөлеу Нұрға бөлену
2.Үй тапсырмасы Жер асты сулары .Минералды сулар
4.Шығармашылық жұмыс (5 мин)
Түрлі-түсті қағаздар тарату арқылы оқушыларды топқа бөлемін. Әр топқа тапсырмалар беремін.
1-топ. «Су-табиғат сыйы» тақырыбында сурет салу
2-топ.Қазақстанның кескін картасына өзен-көлдерді орналастыру.
3-топ.Табиғаттағы су айналымын құрастыру.
4-топ. Су туралы мақал –мәтелдер,нақыл сөздер жазу
6.Топпен ән айту (5 мин) Саржайлау
5.Үй тапсырмасы:
46 бет,1 6 сабақ Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Мақсаты: Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығының мәнін аша отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері туралы түсіндіру;
2. «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін құрайтын жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу;
3. «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау жолдарымен таныстыру.
Жоспар:
1.Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы;
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері;
3.Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері;
4. «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау жолдарымен таныстыру
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Шығармашылық жұмыс Мұғалімдерді «Ақиқат» , «Сүйіспеншілік», «Дұрыс әрекет» , «Ішкі тыныштық» , «Қиянат жасамау» атты топқа бөліп, тақырыбына байланысты постер қорғатуға тапсырма беремін.
Мұратова Мөлдір география пәні мұғалімі
Семинар өте жақсы деңгейде өтті. Құндылықтар жөнінде көп мәлімет алдым.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
Білімділігі: оқушыларға қамқорлық жасау риясыздық екенін ұғындыра отырып, жанашырлық қасиеті туралы түсінік беру
Дамытушылығы: Оқушыларды бауырмалдылыққа баулу
Тәрбиелілігі: жанашырлық, жомарттық, бауырмалдық
1. Оқудан тыс іс – әрекеттердің жобасын өткізудің жоспары (жоспардың әрбір пунктің 3-5 сөйлеммен ашу)
1. Көмекке мұқтаж балаларды анықтау
Шахта орта мектебінің әлеуметтік педагогі Г. Үсенбаевамен бірлесіп жүргізу
2. Ата -ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған , жартылай жетім, көп балалы отбасы балаларының қажеттілігін анықтау
3. Қажеттіктерін өтеу мақсатында мектеп акт залында «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру
2. Іс-шараны өткізудің жоспары
1. «Қайырымды болайық!» акциясын өткізу
2. Мектебіміздің ата -ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған , жартылай жетім, көп балалы отбасы балаларына мектеп ұжымы, жеке кәсіпкер, мекеме басшыларының қаржылай , заттай дайындаған сыйларын тарту ету
Бекмағанбетова Гүлмира
Жыл сайын өткізіліп отыратын акцияға қатысамын. Өзім көп балалы әрі жалғыз басты анамын. Көмек қолын созып, жүректерінен мейірім мен жылылық сыйлап жүрген жомарт жандарға айтар алғысым шексіз
Мақсаты: Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығының мәнін аша отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері туралы түсіндіру;
2. «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін құрайтын жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу;
3. «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау жолдарымен таныстыру.
Жоспар:
1.Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы;
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері;
3.Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері;
4. Отбасындағы ұл бала, қыз бала тәрбиесі
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Шығармашылық жұмыс Мұғалімдерді “Ұл бала” тәрбиесі, “Қыз бала” тәрбиесі жөнінде постер қорғау тапсырылады.
Сауалнама жүргізу ата-аналарға арналған сауалнаманы толтыру.
Топпен ән айту “Мейірімді болайықшы ағайын”
Үйге тапсырма: Қыз бала мен ұл бала тәрбиесі туралы қосымша оқулықтардан оқып танысу
Семинардың қорытынды сәті
Құрметті ата-аналар! Жиналысымызда айтылған барлық жақсы ойларды жүрегімізге
сақтап алайық.
Батыроав Гүлжихан
Семинар барысында айтылған құндылықтар
іс-жүзінде жүзеге асса
бұл пәнінің бала
тәрбиесінде берері мен
өнегесі мол болады деген пікірдемін
Шамшадиева Қаламқас
Бұл пәннің құрылуы, іске асырылуы дұрыс жолға қойылған екен. Маған ұнады. Тыныштық сәтінен жақсы әсер алдым
Адамдар ақиқаттан неге жалтарады?
Адамдар ақиқаттан неге жалтарады? Қолында билігі немесе байлығы бар адамдарды жалған мақтау арқылы одан бірдеңе түсіп қала ма деген жалған үмітке бой алдырады. Сондай-ақ, өзін өзгелерге сыйлы етіп көрсету үшін жалған сөйлеп, жоқты бар деп айтатындар көп. Ең соңында, біреулердің көңіліне тиіп кетпейін, нем кетіп барады дейсің, иығынан қағып, өтірік мақтап қоя салайын, болмаса бассыздығын көрсем де «үндемеген үйдей бәледен құтылады» демекші, көрмегенсіп жүре берейін деген жымысқы ниеттен туған қадам бұл.
Ақиқатпен өмір сүру қиын, бірақ игілікті.
Қазақта «өтірікшінің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөз бар. Өтірік өрге баспайды дейді. Жалғандықты серік еткен, өтірік сөйлеуге дағдыланған адам қысқа мерзімдік пайда тапқандай болғанымен, негізінен үлкен залалға ұшырап жатады. Бірақ, ақыл-санасын шел басқан ондайлар қателіктерін түсінуге қабылетсіз.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть