Слайд 1І Ұйымдастыру. Оқушыларды 4 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Көрініс. М.Әуезов “Ақын
қонақтар”
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Сұрақтарға жауап алу. (4 топқа сұрақтар беріледі)
Слайд 2
Сабақтың тақырыбы:
Сәбит Мұқанов
Лашын (“Өмір мектебі”романынан үзінді)
Слайд 3Мақсаты:
1.Білімділік:Жазушы, драматург, ақын С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, “Лашын”
әңгімесінің ой-түйінінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2.Дамытушылық: Көркем сөйлеу шеберлігін қалыптастыру, шығармашылық ізденімпаздыған арттыру. Әңгіме мазмұнын, кейіпкерлер сырын таныту.
3.Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын сүюге, құрметтеуге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Слайд 4Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде кедей отбасында
13 сәуірде 1900 жылы туған. Жазушы, драматург, ақын.
Жеті жасында әкесінен айрылып, бір жылдан кейін анасы дүние салады. Сәбит жетім қалады. 1918 жылға дейін байлардың малайы болады. 8 жасынан ауыл молдасынан оқып, хат таниды.
Бала кезінде көрген жетімдігі оның өмірлік тәжірибесін байытады. Он бес жасынан бастап ол өлең жаза бастайды. Сәбитке халық ақындары қатты әсер еткен, бірде бала Сәбиттің қолына Абайдың 1909 жылы жарық көрген өлеңдер жинағы түседі. Сол кезден бастап ол ақын болуды армандайды. Сәбиттің алғашқы өлеңін қашан жазғанын айту қиын. Ол суырып салма қабілеті бар бала ақын болатын. Жас кезінен айтыстарға қатысып, ауыл кештерінде көңілді, әзіл өлеңдер құрастыратын.
Слайд 6Сабақтың эпиграфы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға,
Жақсы ат пен тату
жолдас – бір ғанибет.
Ыңғайлы ықшам киген аңшы адамға.
(лат. Фалцо ) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салм. 500 – 800 г, ал ұябасарынікі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір. Сағатына 300 км жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа, қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 – 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 – 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
Слайд 8Құсбегі деген кім?
Атбегі деген кім?
Слайд 9 Мына өлең жолдарының мағынасы не ?
1. “Құс салып, айдын
көлді дабылдаттым”
2. “Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер”
3. “Бір қызық ісім екен сұм жалғанда”
Слайд 10 Сөздікпен жұмыс:
Атбегі-ат баптаушы
Құсбегі-құс баптаушы
Томаға-қыран
құстың көзіне кигізетін тұмылдырық
Дегбір қалмай-шыдамсыздану
Отқа шығару-құстың жайылуы
Саңғиды-құстың саңғырығы
Дуадақ-шөл құстарының бірі
Бидайық-кішкене жыртқыш құс
Түлек-құстың түлейтін шағы
Жарғақ құлағы жастыққа тимей-күні-түні тыным көрмей жұмыс істеу.
Слайд 11 Мәтінмен жұмыс:
Кіріспе: Балтабай аулында.
Негізгі бөлім: Саятшылық.
1. Құсбегі Ахмет
2. Лашынның
мүсіні.
3. Ахмет пен Лашынның өнері.
а) үйрек алу лашынға сөз емес.
ә) қазды алу үйректен әлдеқайда қиын екен.
б) лашынға алдырмайтын құс – дуадақ екен.
Слайд 12 Топтық жұмыс:
1-топ: Теңеулерді табу
2-топ: Эпитетті табу
3-топ: Кәсіби сөздерді табу.
4-топ:
Портретті тауып оқу
Слайд 14
Әрбір құстың сайрау дыбыс әртүрлі.Олай болса, қане, ойланып көрелік:
Сұңқар саңқылдайды.
Қаз...
Бүркіт шаңқылдайды. Үйрек...
Құр, кептер құрылдайды
Қарға...
Жапалақ барқылдайды
Шағала...
Аққу сұңқылдайды. Тырна...
Қарлығаш шиқылдайды . Торғай...
Сауысқан шықылықтайды
Тауық...
Батпылдақ батпылдайды
Көкек...
Слайд 15 2) Әңгімеде қандай кәсіп туралы айтылады?
"Құсбегілікке"қатысты қандай кәсіби
сөздер бар? Томаға, дабыл, дабылдату, саятшылық, саңғу, оттау, тұғыр, биялай.
Слайд 16
Шығармашылық жұмыс:
1-топ: Құстар-біздің досымыз. Ой-толғау.
2-топ: Өлеңді жалғастыр.
---------саятшылық,
--------саят құрып.
--------аңға шығу,
-------қандай
қызық.
3-топ:Өлеңді жалғастыр.
------------ Сәбит аға,
----------- кемел дана.
--------- ақылшы ұстаз,
-------------- Ұлы мұра .
4-топ:
---------ұлттық өнер,
--------- ой бөлінер.
---------- таза ауада,
------------ жан сүйсінтер.
Слайд 17Топтық жұмыс
1-топ:С.Мұқанов кім ? Модель қорғау.
2-ТОП:С.Мұқанов пен М.Әуезовты Венн диаграммасы арқылы
салыстыру.
3-топ: Лашын қандай құс ? Постер жасау
4-топ: М.Әуезов кім ? Топтастыру.
Слайд 18Сиқырлы сандықтың сұрақтары:
1. Шығарманың авторы кім?
2. Лашынға алдырмайтын қандай құс?
3. Шығармадағы құсбегі кім?
4. Қандай құсты алу өте оңай?
5. Шығармада қандай кәсіп түрі көрсетілген ?
6.Құстың қандай сезім мүшесі ерекше дамыған ?
Слайд 19 Үйге тапсырма:
1. С.Мұқанов туралы мәлімет әкелу.
2. Құстар жөнінде мақал
– мәтел, тыйым сөздер жазып келу.
3. Сурет салу.