Презентация, доклад на тему Құрылыс материалдары пәнінен презентация

Газоблок дегеніміз не?Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір ірі кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті шешеді. Газобетонды блоктар түрлі өлшемдегі ғимараттарды салуға сондай-ақ қала сыртындағы шағын үйлер мен аспан тіреген зәулім үйлер құрылысы мен

Слайд 1Тақырыбы: Газоблок
Презентация

Тақырыбы: ГазоблокПрезентация

Слайд 2Газоблок дегеніміз не?
Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір

ірі кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті шешеді. Газобетонды блоктар түрлі өлшемдегі ғимараттарды салуға сондай-ақ қала сыртындағы шағын үйлер мен аспан тіреген зәулім үйлер құрылысы мен демалыс және сауда орындарының каркасты негіздеріне салуға көмектеседі.

Газоблок ұзаққа төзімді, өртке қауіпсіз, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, жылуды сақтау сипаттамасы жоғары, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге ыңғайлы құрылыс материалы. Көп ретте орта жағдайдағы азаматтардың коттедж құрылысын тұрғызуға кететін шығын мөлшерінің қалта құнына сай келеді.

Осы материалдан құрылыс жүргізу шығынды азайтады, бөлмеаралық қабырғалар мен қабырғаларды қалаудағы түрлі құрылыс операцияларды оңайлатады, ең бастысы құрылысқа кететін шығын мен уақытты қысқартады.
Газоблок дегеніміз не?Газоблок – қазіргі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір ірі кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті

Слайд 4Газоблокты жасаудың технологиясы
Газоблок – қуысты бетон туындылары қатарынан. Бұл туындыға пеноблок

пен әуеленген жеңіл бетондар да жатады. Материалдың 85% пайызын газды көбік құрайды. Сондықтан қуысты бетон жеңіл көлемді салмақта болады. Газоблок судан, әктастан, цемент және кварц құмынан жасалады. Барлық құрам компьютерлі өлшемнен өтеді. Газобетон қорытпалы бұлғағышта 4-5 минут шамасында «қамыр» жасалып, ол барынша ұқыпты рецептілік компонентерімен араластырылады. Содан соң алюминий опасы бар шамалы сулы суспензия қосылып ол әктаспен реакцияға түседі. Реакция арқылы сутегі 0,5-2мм дейінгі үлкен қоймалжын біркелкі шикізатты материал шығарады
Алюминилі пасты қосылған соң езбені үлкен арнайы металл ыдыста араластырылады. Осы кезде қоймалжын құрамда көтерілу процесі өтеді. Химиялық реакцияны жеделдете отырып, жартылай өнімдердің өзара жасалымы үшін қозғалтқыш жүктеуді үстемелейді. Газоблок алдын ала белгілі бір жетілімге жеткен кезде сымды кескішпен біркелкі келмеген жерлерін кесіп тіледі. Қалған массаны блоктарга теңдей етіп бөледі. Алынған өнім автоклавта жылу сіңіріліп өңделеді. Одан соң арнайы фрезерлік машина көмегімен калибрленеді. Қорытынды кезеңінде жұмысшылар фасадты қабатына түзеу жұмыстарын жүргізеді.

Заманауи технологияларды қолдану газоблоктың түпкілікті қатаюына, абсолютті бірыңғай дайын материал жасалуына әкеледі. Сондықтан Газоблоктың тігі мен көлденеңінің қасиеті бірдей.

Газоблокты жасаудың технологиясыГазоблок – қуысты бетон туындылары қатарынан. Бұл туындыға пеноблок пен әуеленген жеңіл бетондар да жатады.

Слайд 6Газоблоктың қасиеті
Газоблоктың беріктігі мен ұзаққа төзімділігі
Газоблоктың қасиетінде, оның аз ғана көлемді

массасы коттедж құрылысына пайдалануда барлығы - 400-500кг/м, яғни - 38-40кгс/м жоғары сығылу беріктікті құрайды. Газоблоктар шағын қабатты каркассыз салынатын биіктігі 14 метрлі үйлердің ішкі сыртқы қабырғаларын қалауға да ыңғайлы әрі тиімді. Газоблоктың ұзаққа төзімділігі кәдімгі кірпіштің пайдалану мерзімімен бірдей. Өндірушілер сақтандыруды - 80 жылға береді. Аталған материалдан қаланған қабырғаның төзімділігі одан әріге барады, ешқандай бұзылуға жол бермейді және материал қасиеті өзінің негізгі сипатын сақтайды.
Сапалы жылуизоляция
Газоблоктың бойындағы ұсақ қуыстар қандай да болсын ауаға төзімді ең бастысы жылусақтағыш қасиеті жоғары. Газоблоктан үй қабырғаларын тұрғызу құрлыс нормасының талаптарына сай келеді. Тұрғын үй мен қатар қоғамдық ғимараттар салуға да рұқсат етілген. Құрғақ газоблоктың жылуөткізгіштігі 0,12 Вт/м•°С құрайды. Газоблоктың салмақ көлемі аз болған сайын оның жылуды сақтау сипаты жоғарылай түседі. Қазіргі кезде жеке үй құрлысы мен коттедж тұрғызуда конструктивті-жылусақтағыш 400-ден 600 кг/м көлемге ие газоблоктерді қолданылуда. Олардың жеңілдігі – төзімділік пен жылусақтағыштық қасиетінің молдығы негізге алынуда.
Газоблок беттерінің тегіс әрі дәл геометриялық өлшеміне қарай өте жұқа қалау технологиясына пайдалану тиімді. Осындай қалау технологиясымен салынған үйлердің қабырғалары монолитті қабырғалардың мықтылық қасиетіне жақындауда. Кірпіштер арасындағы саңылау бар жоғы 1-3мм шамада, сондықтан «суық саңылауын» болдырмайды, газоблок бойынан жылу жоғалмай сақталады. Газоблоктың жылуды жіберіп алуы төмен болғандықтан оның жылу инерциясы аз болады. Кірпіштен салынған үйге қарағанда, газоблоктан салынған үй аз уақытта тез жылынады.
Газоблоктың қасиетіГазоблоктың беріктігі мен ұзаққа төзімділігіГазоблоктың қасиетінде, оның аз ғана көлемді массасы коттедж құрылысына пайдалануда барлығы -

Слайд 7Газоблоктың отқа төзімділігі
Газоблок отқа жанбайтын табиғи минералды шикізаттан дайындалады, ол жануға

көнбейді әрі мүлде отты қабылдамайды. Оттың әсеріне 3-7 сағатқа дейін шыдас береді. Металл конструкцияларды оттан қорғауға қабілетті.
Газоблоктың аязға төзімділігі
Газоблок материалы қатты мұздануға бой алдырмайды, судың әсерінен аязданбайды суды бойына сіңірмейді және қалпын сақтайды. Газоблокты 8 сағат суға салып, одан соң 8 сағат тоңазытқышқа қойып сынаған. Бұл сынақтың бір ғана циклы. Сынақ бірнеше қайталанып, осылай жүргізіле береді оның массасы мен төзімділігі өзгергенше. Газоблоктың бойында мыңдаған ұсақ қуыстар бар, осы қуыстар аяздану кезінде су мен мұзды итеріп шығарады. Осындай 100циклдік аяздануда газоблоктың қалпы сақталынады. Салыстырмалы түрде: кірпіштің аязға төзімділігі Орталық өңірлерде құрылыстық 15-25цикл, ал беттікте – 50цикл. Пенобетон 35-ке дейінгі циклді аяз төзімділігін көтереді.

Газоблоктың отқа төзімділігіГазоблок отқа жанбайтын табиғи минералды шикізаттан дайындалады, ол жануға көнбейді әрі мүлде отты қабылдамайды. Оттың

Слайд 9Газоблоктың үнемділігі
Газоблокты құрылысқа пайдаланудағы ең басты үнемділік алдымен іргетасқа түсетін салмақты

азайтады. Жұқа қалау әдісі, дәстүрлі қалаумен салыстырғанда қалау сылағын алты есе азайтады. Құрылысқа кететін еңбек көлемінің ауырлығын төмендетеді. Бір газоблок 15-20 кірпішті ауыстырады. Жұмысшылар газоблок қабырға қалауда, кәдімгі кірпішті қалауға қарағанда 15-20 есе аз қалау операцияларын орындайды. Газоблок аз көлемді салмақты құрайды. Сондықтан газоблокты қалау жұмысына көтергіш механизмдерді қолданбайды. Бұл еңбек ауырлығын азайтады. Газоблоктан қабырға қалау жылдамдығы жай кірпішті қалағаннан төрт есе тез. Ал құрылыстың бағасы мұндайда төмендейді.
Жоғары технологиялылығы
Газоблокты өндірушілер қосымша конструктивті элементтерімен ені 50 ден 500 мм-ге дейін кірпіш өндіреді. Газоблоктың ең қалың қабырғасы 350-400 мм құрайды әрі бұндай қабырға өлшемі Ресейдің өз алдына климаттық ерекшелігі бар орталық өңірлеріне жарамды келеді. Әрі газоблоктан салынатын үй бір қабат болып өріледі. Газоблоктан үй тұрғызғанда қосымша жылылау материалдары қолданылмайды. Бұл құрылысты шапшаңдатып, құрылыс шығын төмендетеді.

Газоблоктың үнемділігіГазоблокты құрылысқа пайдаланудағы ең басты үнемділік алдымен іргетасқа түсетін салмақты азайтады. Жұқа қалау әдісі, дәстүрлі қалаумен

Слайд 10Газоблоктан салынған үйдегі жайлылық пен экологиялық қауіпсіздік
Газоблокты технологиялық тұрғыдын дайындап жасап

шығаруда тек экологиялық таза компонентер қолданылады. Дайын инертен материалы таза, қоршаған ортаға ешқандай залалды қоспаларды шығармайды және денсаулыққа мүлде зияны жоқ. Өз бойындағы қуысты құрлымына сай «демалғыш» қабілеті бар, сондықтан табиғи ағаш материалымен ұқсас келеді және өлшемі жағынан да жақын әрі төзімділігі ұзақ, монтаждауда жеңіл тиіп, өз өлшемін жоғалтпайды, температураның оқыс өзгерісі мен ылғал әсер етпейді, ең бастысы қалпын жоғалтпайды. Қуыстар арқылы газоблок әрдайым газ бен бу бөлуін алмастырып отырады. Бумен залалды заттар сыртқа шығарылады, ал даладан үй ішіне таза ауаны ауыстырады, сондықтан газоблоктан салынған үйлер еркін әрі жеңіл демалады.
Газоблоктан тұрғызылған қабырғадан әрқашан жылу білініп тұрады. Материалдың төмен жылу өткізгіштігіне байланысты адамнан жылуды аластатпайды, қайта жылудың болуын сақтайды. Артық ылғалды сыртқа теуіп, газоблок «дем алады», сондықтан газоблокты қабырғада бүліну мен зеңге, саңырауқұлақтануға ұшырау мүлде болмайды.

Газоблоктан салынған үйдегі жайлылық пен экологиялық қауіпсіздікГазоблокты технологиялық тұрғыдын дайындап жасап шығаруда тек экологиялық таза компонентер қолданылады.

Слайд 11Газоблоктың қолданылу аумағы
Алдымен қабырға тұрғызудан бұрын газоблок белгілі бір ғимаратты жылылауға

арналған материал болған, бірақ көптеген жобалаушы мамандар мен құрлысшылар құрылысты салуда оның ыңғайлы әрі түрлі өңдеуге де ұсынақты, беріктігіне көз жеткізіп, құрылыстағы қолдану аумағы кеңейе түсті. Қазіргі кезде газоблокты шағын қабатты үйлерді тұрғызуға, ішкі қабырғалар мен сыртқы қабырғаларды қалауға, тіпті табалдырық пен түрлі құрылыстық нысандарға кеңінен пайдаланылады. Кей жағдайларда әлі де үй қабырғаларын жылылауға да пайдаланады. Биік қабатты үйлер құрылысында қабырғаны толтырып тұрғызу үшін каркасты негіз ретінде пайдаланады. Газоблоктан көлемді сауда орындары мен қоғамдық ғимараттарды, көпшілік демалыс орындарын салуға кеңінен пайдаланады. Ескі ғимараттардың қабаттарын жоғарылату үшін де, мансард салуға, дыбыстық қорғанысы мен жылылау үшін кез келген жөндеу жұмыстары мен іргеден ылғал келтірмейтін берік материал ретінде қолданылу аясы кең.

Газоблоктың қолданылу аумағыАлдымен қабырға тұрғызудан бұрын газоблок белгілі бір ғимаратты жылылауға арналған материал болған, бірақ көптеген жобалаушы

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть