Слайд 7Ана махаббаты
Үйдің ең әдемі жері үстіңгі қабаттағы бөлменің терезесі еді. Ол
жерден бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін.
Ана күнде кешке қарай балалары мен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын. Алыстан олардың төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр-пыр болатын.
Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларынан естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін…
Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар.
Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», – дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды…
Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек… Басқа да біраз нәрселер… Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.
Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұңайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді…
Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзуға хақы жоқ еді.
Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде.
Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойнына асып:
– Анашым, – деп сыбырлады. – Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғым келеді. Бірақ ешкімге айтпай-ақ қойшы, жарай ма.
Анасы ұлын аймалап:
– Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, – деді.
Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:
– Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, – деп күлімсірей сөйледі.
Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:
– Анашым, білесің бе, жексенбі күні мен үйде қаламын. Бірге болайықшы. Бір-ақ ешкімге айтпа, – деді.Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, ұялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.
Анасының:
– Балам, бір жағдай болды ма? – деп сұрауына тура келді.
– Не ғой… Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім… Мен жексенбі күні үйде қалып, соны бітірсем бола ма? Басқалары барсын. Мен үйде сенің жаныңда қалсам. Қалай қарайсың? Бірақ мұны әкем де, бауырларым да білмей-ақ қойсын-шы.
Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды.
Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкесі:
– Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына қарап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың біздің ұсынысымызға не дейсің? – дейді.
Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.
Слайд 10VІ. Топпен ән айту
Ана туралы жыр
Ғ.Қайырбеков
Ш.Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр
гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арналған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Ете гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза, анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арналған әнімді қосып ал.