бастап мені «сіз» дейсің дедім.
Бастапқыда «сіз» дегенді құлаққа түрпідей естіліп , күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан кейін «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымыздың әйелдері біреуі 5 жылдан соң , біреуі 8 жылдан соң ,біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады.Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса , бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;
2 .Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам сенің ата-анаң.
Балдызыма ақыл айтсам , туған қарындасыма айтқандай айтам .келіншегім қайнысына ұрысса туған інісіндей ұрысады;
3. Қандай сыйлы қонақ келсе де , үйімізге ішімдік кіргізбейміз;
4. Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз,мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз,бірақ ақыл айтпаймыз
5. Ренжісіп қалсақ 5 минуттан соң сөйлесеміз
«Жақсы адамның ашуы шәй орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше».
6.Біздің үйде ер азамат есеп бермейді , телефон соғып : «Қайда жүрсің?», «Қашан келесің ?»
- деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымыздың әйелдері телефонмен «Қайда қаңғырып жүрсің ?»-деп жатқанын естігенд е ,телефоны болмаған біздің ата-бабаларымыз не деген бақытты деп ойлаймын;
7. Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады,оған күйеу табылар,ал балларға бөтен біреу өз әке- шешесіндей әке-шеше бола алмайды.
Бейсен Құранбек