Слайд 4Мұғалім:
Жолда жүру
ережесінің
жеңімпаздарының атынан
жалынды сәлем!
Слайд 5Ән:
Мұғалім: Балалар мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын,
сендер шешуін тауып көріндерші
Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады
Үшеуіне байқасам,
Үш түсті нұр шашады.
-Бағдаршам.
- Міне, бізге бүгін көшеде кім қонаққа келіпті (Бағдаршам)
Мұғалім: Бағдаршам-қызметі қандай?
Слайд 6Айкүміс: Бағдаршам – біздің өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін алу
баршамыздың міндетіміз
Мұғалім: Әрбір адам күніне жолды ең кеш дегенде екі рет кесіп өтеді.
Жол бойында кездей соқ қатерге ұшырамау үшін жолда жүру ережесін жақсы білу қажет.Жол жүру белгілерін түстеп айырып,бағдаршамның нұсқауына бағыну керек.
Слайд 7
Мұғалім: - Балалар бері қараңдар,бізге хат әкеліпті, ашып көрейік
Слайд 8
Ойын:«Бағдаршам құрайық »
Ойын шарты: балалар бағдаршам суретін алып, үш жерге топталып,
белгілерін айтады.Хормен тұр, күт, жүр.
Слайд 9Көрініс:Ерасыл велосипедпен бағдаршам өту ережесін көрсетеді.
Мұғалім: Балалар жүргіншілерге мынандай сұрақ қойыпты
?
1.Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
- Жиек жолмен жүреміз.
2.Жиек жол болмағанда ше ?
- Жер асты жолмен.
3.Жолдың қай жағымен жүру керек ?
- Оң қол жақпен жүрімез
Өте жақсы балалар,бағдаршамның берген сұрақтарына
өте жақсы жауап бердіңдер.
Слайд 10Мұғалім:Енді көлік жүргізушілерге мынандай сұрақтар әкеліпті.
Балалар Сендерге қаи жастан бастап велосипедпен
жүруге рұқсат етіледі?
Жарас:Жол ережесінің жақсы білгенде, 14 жасқа толғанда.
Мұғалім: Балалар жол ережесін бәрін білесіңдер ме?
- Білеміз.
- Кім көрсетіп атап береді .
Слайд 12Көрініс
Бала:- Әй жолда неғып топталып тұрсындар?
Велосипед келе жатқанын көрмей тұрсындар ма? Қағып кетсем қайтесін?
Мұғалім: Велосипед болғаны жақсы
Бұлардан ,білу саған да қажет болады. Атың кім?
Темірлан : Атым –Зуылбек. Велосипедпен зуылдап жүремін. Ауылдағылар мені Зуылдақ деп атап кеткен. Мына белгілер көшеде қаптап тұр,бұларды біліп қайттем Әй мынау мен үшін жасалған белгі ғой.
Мұғалім: Иә, сен үшін.Бұл белгілер аты «велосипед жүрмейді »
Зуылбек: Жүрмейді ? тапқан екенсіңдер Зуылбектің велосипедепен жүрмейтін жері жоқ,білдіңдер ме?
Слайд 13Мұғалім: Зуылбек-ау ,бұл белгілердің барлығы саған керек белгілеп. Сен зуылдап келе
жатқанда алдыңнан теміржол өтпелері бар белгілі кездесті.
Зуылбек: Поезд келгенше зу етіп өтіп кетемін.
Мұғалім: Жоқ, Зуылбек жол ережесіне сақтап жүрсең, жол апатынан аман жүресің.
Зуылбек: қой: мен зуылдайтын жолымнан қаламын. Бұдан былай жол ережесін сақтап жүрмесем болмаиды екен.
Мұғалім: Жолың болсын! Жол ережесін жадыңда ұста!
Слайд 14 Ән. Светофор – бағдаршам (Меруерт,Әсел,Жарас)
Ойын:Жанатын бағдаршам қызыл
жанады: Қозғалмай тұр
Сары жанады: Қол шапалақтайды.
Жасыл жанады : орында тұрып жүреді
Қонақтарға арналған сыйымыз бар:
Жұмбақтар жасыру
1.Көзін ашып – жұмады
Бағыт сілтеп тұрады
(Бағдаршам )
2. Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырып күшті адам
(милиция қызметкері )
3. Екі аяқты бір ізді
Үстіне адам мінгізді
( Велосипед)