Слайд 2Термин сөздер дегеніміз – ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы
ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.
І. Басқа тілден енген сөздерге қазақ тілінен балама табу: 1) жергілікті және көне сөздер алынған: кеден – таможня, бап - статья, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, нарық – рынок, ғарыш- космос, әкім- администратор; 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай – аэропорт, төлқұжат – паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран - гимн, т.б.
ІІ. Тілімізге орыс тілі арқылы келген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат, куб, коэффициент, т.б.; химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат, т.б. география терминдері: глобус, карта, т.б.; лингвистика терминдері: синоним, антоним, эвфемизм, дисфемизм, диалект, т.б.
Слайд 4 198 – жаттығу.
Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек. (К.Маркс.) Музыканы сүю үшін, ең алдымен, оны иыңдай білу керек.(Д.Шостакович.) Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп,адамдық қалпымызды тәрбиелейді. (М.Әуезов
Слайд 7 Термин сөздерді ажыратып, екі бағанаға бөліп жаз
Төлқұжат,мұражай,ғарыш,балет,хореография,декорация,әмбебап,отбасы,нарық,синоним,азон,куб,карта,әкім