Диалогтік оқыту
Әңгіме- дебат
Кумулятивтік әңгіме
Идеялар қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
Зерттеушілік әңгіме
Әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағалау жүреді, топтағы қатысушылар келісімге келуге тырысады
Психологиялық алаңдамаушылық – диалог барысында әр адамның ойлары мен идеяларының, пікірлері мен көзқарастары мұқият тыңдалып, олардың сенімсіздік және күлкіден қорғалатынын білсе, онда ол өзін қарым-қатынастың тең дәрежелі екндігін сезінеді.
Қызығу – әр адам диалогтің қызық екенін түсіну керек. Диалог барысында әр адам өзін басты кейіпкер ретінде сезінеді. Сондай-ақ диалог интербелсенді әдістерді қолдану арқылы диалогке қатысушылардың пікірлерін ортаға салып, талқыға салады. Осылайша диалог тиімді әрі нәтижелі болып, қатысушылардың танымдық мүдделеріне сәйкес келеді.
Орта қалыптастыру:
оқушыға оқып үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетіндей
жағдайлар жасау;
оқушылар арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатыынас орнату;
оқушыларға білімді дайын күйінде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.
Әрекет арқылы үйрету және үйрену:
оқушыларға білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде
меңгерілетінін дәлелдеу;
оқушыларды белсенді әрекеттерге баулу.
Өзінділік пен дербестікке баулу:
оқушылардың дайын жауабын ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір
құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;
сыни тұрғыдан ойлауларына жағдай жасау.
Тәсілдердің нәтижесі:
Оқушылар терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамытуды;
өз әрекеттері мен идеяларын талдау және оларға баға беруді;
ақпаратты өздігінен түсініп, оны сараптап, дұрыс таңдай білуді;
пікірталасқа қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуді;
шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешуді;
басқалармен тиімді қарым-қатынас құрып, өзара бірлесе жұмыс
атқаруды үйренеді.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть