Слайд 1
«Өзін-өзі тану» пәнінде білімгерлердің шығармашылық қабілетін дамыту
Шығармашылық тақырыбым:
Слайд 2«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас
жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру.
Слайд 4 «Шаттық шеңбері» ─ сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға бағытталған сабақтың бас
кезеңінде қолданылатын әдістемелік тәсіл.Оқытушының білімгерлермен бірге құрған шеңберінде олар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды, әр түрлі әндер мен өлеңдер айтады. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық тұрғыда маңызы зор. Өйткені мұнда әрбір бала өзін еркін сезінетін үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
Өзін-өзі тануда қолданылатын әдістер
Слайд 6«Тыныштық сәті» ─ релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта білімгердің жүрек соғу
ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Білімгерлерге осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.
Слайд 7«Өзіммен-өзім» ─ бұл тәсіл білімгердің өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін
тигізеді. Ол білімгердің сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл білімгерлерге жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында оқытушының сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) қолданылады.
Слайд 9«Мәтін оқу» ─ білімгерлердің білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін
кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Білімгерлердің танып-білуге құштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл әдіс білімгерлердің ойын, жадын, эмоционалдық күйін, еркіндігін дамытады.
Слайд 11«Сабақтың дәйексөзі» ─ білімгерлердің танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға
ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөз алынады.
Слайд 12Сөзіңді жерге тастама.
Жеңіл ойлылықпен уәде берме.
Өз сөзіңе өзің ие бол.
Сөзіңе, антыңа берік
болуға жастайыңнан үйрен.
Сөзіңе беріктік – өз мерейің,
өз абыройың.
В.А.Сухомлинский
Жастық шағың- жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі.
С.Мұқанов
Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
Мақал
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа
адамдармен қарым-қатынасы
А.Линкольн
Слайд 13 «Әңгімелеу» ─ білімгерлердің әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына
жақсы жағдайлар тудыратын сөйлеу мен ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Білімгерлер осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және есіте білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ойдан өткізу мен талдай алуды үйренеді. Шығарманы үзіліспен әңгімелеу сияқты амал-тәсілдері қолданылады: әңгімелеу, сахналық элементтер бірлігінде жүзеге асырылады.
Әңгімелеуге арналған мәтіндер «Өзін-өзі тану» оқулығында беріледі.
Слайд 15?
«Әңгімелесу» – бұл білімгерлердің тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар
мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас формасы. Әрбір білімгер өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін ойландыратын сұрақтарды қоя алады. Оқытушы білімгерлердің өз пікірлерін айтуын қолдап отырады, оларға ойлана алуды, жағдаяттар мен іс-әрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға бере білуді үйретеді.
Слайд 17«Ойын», «Жаттығу» ─ білімгерлердің танымдық қызығушылықтарын арттыру мен жаңа игерілген түсініктері мен
іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы білімгердің жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Білімгерлер ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.
Слайд 19«Шығармашылық жұмыс» ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс сурет салу,
макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме құрастыру және т.б. түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тәсіл білімгерлердің шығармашылық шабытын аша түсуге, олардың символдарды, бейнелер мен әрекеттерді ұғынуы арқылы өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық әрекет білімгерлердің ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады, жауапкершілікке, дербестікке тәрбиелейді.
Слайд 21«Жаттығу-ойлану» - білімгерлердің өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін ұғына білу мен нақты өмірлік жағдаяттарды
бағалай білу дағдыларын дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. Жаттығу-ойлану тапсырмалары болып нақты өмірлік жағдаяттар, мақал-мәтелдер, тәлімдік-танымдық мәні бар өлең жолдары табылады. Білімгерлердің мақал-мәтелдерді өлең жолдарының тәлімдік, өмірлік мәнін талдауы және жағдаяттарды талқылауы арқылы олардың ойлана білуге, өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділігі артып, адамдармен, айналасымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.
Слайд 23«Бейнематериалдар көру
(фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.)» – оқу мағлұматтарын көрнекілік тұрғысынан жеткілікті
түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем көріністер білімгерлерге оқу материалының мазмұнын түсінікті қабылдауына және жете меңгеруіне ықпал етеді.
Слайд 24«Сергіту сәті» ─ сабақ үстінде білімгерлердің жалығуы мен шаршағандығын ұмыттыратын, бойларын сергітуге қажетті
өзін-өзі тану сабағының құрамдас бір бөлігі. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысатын сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде қолданылады. Осы тәсіл топтың көңіл күйін көтереді, оқуға, білуге ынтасын дамытады, жылдам назар аударуын күшейтеді, ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді.
Слайд 25«Сахналау» ─ бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен
тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды білімгерлердің өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылады.
Слайд 26«Жүректен-жүрекке» ─ сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір-бірімен пікір алмасуды, бір-біріне тілектер айтуды немесе
бәрі бірге сабақтың негізгі ойын қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.