Оқушылар болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Бағалау критерийлері
Эссе құрылымын сақтай отырып, «Ұлттар достастығы» тақырыбында белгілі бір оқиғаны сипаттап жазады.
Болымды, болымсыз етістіктерді жазба жұмысында орынды қолданады.
Оқу мақсаты:5.Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
5.ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Тілдік мақсаттары: Көркем әдебиет стилі
Лексикалық минимумТүрлі ұлт өкілдері орыс,татар, құндылық, түсіністік, ынтымақ, бауырына басу, өгейсітпеу, төзу.
Құндылықтарға баулу:
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім
Достық пен келісім дәстүрін сақтауға баулу.
Пәнаралық байланыс: Тарих
Тарихтағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі оқиғалары суреттеледі
Алдыңғы білім:М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді). Шығарманың мазмұнымен танысып, композициялық құрылымына талдау. Кейіпкерлерге мінездеме беру.